ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс

29 Қараша, 2021 12:44

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәжілісінде ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіп мәселелерін шешудегі учаскелік инспектордың рөлі мен орны, қызмет көрсетілетін учаскелердегі халықпен кері байланыс тетігі туралы айтып берді. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Жиын барысында Жасұлан Байкенов таңда учаскелік полиция инспекторларының институты ішкі істер органдарының жүйесінде ерекше көп функционалды екенін айтып өтті. Нақтырақ айтқанда, олар өз кезегінде азаматтардың құқығын қорғау, отбасы-тұрмыстық қатынастар, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, аумақтарды абаттандыру және тағы басқа мәселелерді шешуге қатысады.   Сондай-ақ, олар өз атынан әкімшілік құқық бұзушылықтардың 47 құрамы бойынша жазалау түрлерін қарайды және жаза қолданады. Атап айтқанда, белгіленбеген орындарда сауда жасау (204-бап), ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету ережелерін бұзу (408-бап), темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу (441-бап), қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу (505-бап), сондай-ақ ӘҚБтК 685-бабының 1-бөлігінде көзделген басқа да бірқатар құқық бұзушылықтарды қарайды. Сонымен қатар, заңнамада белгіленген мерзімде есеп беретін адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру арқылы жазаның жекелеген түрлерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

«Учаскелік инспектор отбасылық жанжалқорлардың, маскүнемдердің есірткі құмарлардың, бұрын сотты болғандардың өмір сүру салты мен іс-әрекеттерін үнемі бақылайды.Денсаулық сақтау органдарында олардың кейбірін мәжбүрлеп емдеуге көмек көрсетеді», - деді Жасұлан Байкенов.

Сондай-ақ, ол учаскелік полиция тұрғындармен тек жеке қарым-қатынаста тұрақты негізде жұмыс атқаратынын айтып өтті.   Кейбір ауылдарда учаскелік инспектор құқық қорғау органының жалғыз өкілі ретінде қызмет атқарады. Заңдылық пен тыныш өмірдің кепілін, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз етеді.  

Учаскелік инспектор құзыреті

Жасұлан Байкенов биылғы жылдың өзінде учаскелік инспекторларының құзыреті заң жүзінде кеңейтілгенін атап өтіп,   полиция атынан жеке және заңды тұлғаларға құқық бұзушылықты жасауға әсер еткен себептер мен жағдайларды жою үшін ұсынымдарды жасауға және олардың орындалуын талап ету құқығы бар екенін жеткізді. Әкімшілік жазаларды салу бойынша өкілеттілігі кеңейтіліп, бұрын болған әкімшілік құқық бұзушылықтың 47 құрамынан басқа дербес тағы 4 құрам бойынша қарастыру құқықтары берілді.

4 құрам бойынша қарастыру құқықтары

-        кәмелетке толмағандардың түнгі уақыттарда көңіл көтеру орындарында болуы;

-        темекі өнімдерін пайдалануға тыйым салуды бұзу;

-        әкімшілік қадағалауды бұзу;

-        көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергі жасау.

Оның айтуынша, қазіргі кезде бұл оның өзінің учаскесінде барынша болуына, осындай материалдарды қол қою үшін басшылыққа бармастан еш кедергісіз жұмыс атқаруына өте ыңғалы. Сонымен қатар, осы қызметтің ажырамас буыны ретінде участкелік инспектордың көмекшісі мәртебесі заңды түрде бекітілген.

«Бүгінде көмекшіге қылмыстық тергеу бойынша процессуалдық шешімдерді қабылдаудан басқа барлық өкілеттіліктер берілген. Практикалық шаралар қолданылуда. Ішкі істер министрлігі сарапшылармен бірлесе участкелік инспекторлардың және олардың көмекшілерінің арнайы іс-әрекет алгоритмін әзірледі», - деді Жасұлан Байкенов.

Участкелік инспектор көмекшілерінің арнайы іс-әрекет алгоритмі

Оның сөзінше, бұл қызметкердің өзінің лауазымдық міндеттерін атқарудағы адымдық іс-әрекет жиынтығы. Оларды практикада нақты және біркелкі қолдану, құқықтық қателіктер санын барынша қысқартуға әкеледі. Сондай-ақ, ол халықараларық практикада мұндай алгоритмдер жиі жағдайларда «стандартты операциялық тәсілдер» деп аталатынын айтып өтті.

«Бұл отандық тәжірибе үшін жаңа термин, халықаралар практикада жалпы қолданылатын, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесімен бірлесе енгізілуде. Алгоритмді әзірлеуге 50-ден астам ведомстволық ғылым және практикалыық буын мамандары қатысты», - деді ол.

Сондай-ақ, ағымдағы талаптарды ескере отырып, учаскеліктердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламалары қайта қарастырылды, мұнда азаматтардың өтініштеріне әрекет ету сапасын арттыру, тұрғындармен коммуникациялық байланысты жақсарту қарастырылған. Оның мәліметінше, биылғы жылы ІІМ оқу орындарында 439 УПИ біліктілігін арттыру курстарынан және 125 учаскелік қайта даярлау курстарынан өткен. Кадрларды іріктеу және орналастыру бойынша біліктілік талаптары күшейтілген.

«Қызметтерді материалды-техникалық жабдықтауды жақсарту бойынша шаралар қолданылуда. Соңғы бес жылда елімізде жыл сайын 78 учаскелік тірек пукттерінің құрылысы жоспарланған. Министрлікпен өңірлердің әкімдерімен ынтымақтастық туралы тиісті меморандум жасалынды», - деді Жасұлан Байкенов.

Учаскелік пунктінің орналасу орны

Сонымен қатар, ол учаскелік тірек пукттерінің орнын қызмет көрсетілетін учакелерге барынша жақын орналастыруға ерекше назар аударылғанын айтып өтті. Мәселен, жаңа тұрғын кешендерде және шағын аудандарда учаскелік пункттер салу мәселелері пысықталуып, тұрғын үймен біріктірілген полицияның жаңа учаскелік пункттері салынып жатыр.Учаскелік полиция инспекторын жақсы тану мақсатында, барлық подъездер мен сауда орындарында УПИ-тің фотосуреті және байланыс телефондары бар буклеттер орналастырылған.

«Қыркүйек айынан бастап бүкіл ел бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту үшін халықты барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде», - деді Жасұлан Байкенов.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындармен және жаңадан келгендермен танысу үшін аулаларды және пәтерлерді аралау, сондай-ақ тәртіп бұзушыларды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру болып табылады. Жалға берілетін пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі. Сонымен қатар, полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатыр және жертөле үй-жайларын тексереді.

 

Барлық жаңалықтар