• Басты
  • ІІМ неғұрлым криминогендік учаскелерде модульдік бекеттер орнатады
27 Қыркүйек, 2019 17:30

ІІМ неғұрлым криминогендік учаскелерде модульдік бекеттер орнатады

ІІМ халыққа ыңғайлы болуы үшін криминогендік учаскелерде және құқық бұзушылыққа аса бейім жерлерде модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттерін орнатуды жоспарлап отыр,деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

ІІМ неғұрлым криминогендік учаскелерде модульдік бекеттер орнатады | Strategy2050.kz

Модульдік бекеттер барлық коммуналдық жайлылықтармен (желдеткіш, су құбыры, кәріз, жылу), коммуникация (компьютер, телефон, радиостанция) және қауіпсіздік (бейнебақылау, «шақыру Домофоны» жүйесі) жүйелерімен жарақтандырылатын болады.

Осындай бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді. Күндізгі уақытта сағат күзет орнында 8.00-ден 20.00-ге дейін учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. 

 Күзет орындары мен іргелес аумақтарда құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылатын болады.

Жаңа енгізілім азаматтардың өтініштеріне полицияның уақытылы және сапалы әрекет етуін қамтамасыз етеді, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тиімділігін арттырады деп күтілуде.

 Модульдік үлгідегі стационарлық бекеттер жергілікті атқарушы органдардың жәрдемімен құқық бұзушылықтарға неғұрлым бейім жерлерде орнатылатын болады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды