• Басты
  • Жаңалықтар
  • ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары

ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары

25 Қазан, 2021 13:23

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаеы Қазақстан халқына арналған жолдауында және кеңейтілген алқа мәжілістерінде Ішкі істер министрлігіне ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді, оның ішінде қылмыстық процессің үш деңгейлі моделіне көшіру және полицияны сервистік жұмыс үлгісіне көшіру бойынша бірқатар тапсырмалар берген еді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов министрлік қызметтерін цифрландыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Министр орынбасарының айтуынша, Ішкі істер министрлігінің көптеген қызметі электронды форматқа көшірілген, бұзушылықтар бойынша цифрлық мәліметтер базасы құрылып, айыппұл туралы электронды хабарламалар жүйесі іске қосылған. Ведомство жүйесі басқа мемлекеттік органдардың жүйелерімен біріктірілген.

38 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған

«Ең алдымен, біз мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтардың полициямен тікелей байланысын алып тастадық. Енді олар мемлекеттік органдардың жұмыс режиміне тәуелді болмай, қызметтерге тапсырыстарын кез келген ыңғайлы уақытта ала алады», - деді Сәкен Сәрсенов.

Оның дерегінше, 40 қызметтің 38-і автоматтандырылған. Бұл Ішкі істер министрлігінің қызметтерін алуан түрлі жолмен алуға мүмкіндік берген. Мәселен, азаматтарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «электронды үкіметтің» порталы арқылы немесе M-GOV мобильді қосымшасы арқылы тіркеуге болады.

«Менің байқағаным, азаматтарымыз қызметтерді онлайн түрде алуды ұнатады. Мысалы, осы жылдың ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 500 мыңнан астам адам тіркелсе, портал арқылы - 800 мыңнан астам адам тіркелген. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында мемлекеттік органдар көптеген құжаттарды базадан ала алады», - деді ол.

Сонымен бірге, ол 20 қыркүйектен бастап еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықғында QR-код арқылы құжат айналымына ақы төлеу қолжетімді болғанын атап өтті.

«Елімізге жылына шамамен 1,5 миллион шетелдік келеді, сондықтан-да, өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап біз оларға көші-қон полициясында уақытша тіркеу туралы қойылатын талаптарды жойдық», - деп толықтырды министрдің орынбасары.

Бұл оның сөзінше, Қазақстанның инвестициялық және туристік тартымдылығына оң әсер еткен. Бүгінде көші-қон полициясына «e-Qonaq» жүйесі немесе мобильді қосымшасы арқылы келген шетелдік қонақтар туралы хабарлауға болады. Елорда мен Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат беру және виза беруге шақыруларды келісу үшін бірыңғай қызмет көрсету секторлары құрылған. Осы жылдың соңына дейін бұл қызметтерді барлық халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетуді жоспарланған.

Жыл сайын 2,5 млн көлік тіркеледі

Оның сөзінше, жол қозғалысы саласын цифрландыруда екі негізгі бағыт бар. Олар - мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру және жол қозғалысын қадағалау процесстерін автоматтандыру.

«Халық арасында ең танымал қызметтер - көлік құралдарын тіркеу (жыл сайын 2,5 млн тіркеу) және жүргізуші куәлігін алу. Бұрын әр қызметке шамамен 6 сағат уақыт кететін және оларды тіркеу процестері сенімсіздік туғызатын. Сондықтан, 2012 жылы біз 16 облыс орталығында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарын аштық, ал қызмет көрсету уақытын 1,5 сағатқа дейін қысқарттық», - деді ол.

Қызмет көрсету барысындағы полиция қызметкерлерінің, қызмет алушылардың және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарының байланысы мүлдем алынып тасталған. Полиция тек құжаттардың электронды көшірмелерінің толықтығын тексереді және соттылыққа тексеру жүргізеді. Бұл бізге қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берген. Ал, қазір жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға немесе ауыстыруға болады.

«Сонымен қатар, өткен жылы әрбір облыс орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын машиналар орнатылды, бұл автокөлік номірлері мен «дубликаттарын» жасауға кететін уақытты 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде осындай екі машина ғана болғандықтан, номірлерді 20-25 күн күтуге тура келетін», - деді ол.

Сонымен бірге, министр орынбасары қазіргі уақытта Полиция департаменттері жол-көлік оқиғасы орындарын талдап, ең қауіпті аймақтарды анықтады, олардың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бейнекамералар желісін кеңейту мәселесі қозғалғанын атап өтті. Басқа бұзушылықтар электронды планшеттердің көмегімен тіркеледі. Онда Қазақстандағы барлық мәліметтер қоры қолжетімді.

«Егер көлігіңіз Қазақстанда тіркелген болса және сізде «қазақстандық» жіргізуші куәлігі болса, өзіңізбен біре тек жеке куәлік немесе төлқұжатты алып жүрсеңіз жеткілікті. Полиция қызметкері сіздің ЖСН-ді планшетке енгізіп, деректер базасы арқылы барлығын тексере алады. Ол жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын көруге және көлік туралы ақпаратты анықтайды. Бұл жұмыс «адам» факторын жоққа шығаруға және жол қозғалысын қадағалау процесстерін автоматтандыруға бағытталған», - деді ол.

625 мыңнан астам бейнебақылау камерасы пайдаланылуда 

Бұдан бөлек, ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың ішінде барлық қоғамдық маңызды орындарды жаппай бейнебақылаумен қамтуды ерекше атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі уақытта камераға түскен құқық бұзушылықтың фактысы бар видеосы сотта да, тергеуде де дәлел бола алады. Бейнебақылау қылмыстың ізін суытпай ашуға, айғақтарды жинауға ғана емес, оның алдын алуға да көмектеседі.

«Қазір республика аумағында 625 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қолданыста, оның 100 мыңға жуығы Жедел басқару орталығына шығарылған. Ағымдағы жылдың 9 айында ғана камералардың көмегімен республика бойынша 9 913 қылмыс ашылды», - деді ол. 

Сонымен қоса, ол қоғамдық орындарда жасалған қылмыстарды талдау олардың 2019 жылы 14%-ға, 2020 жылы – 51%-ға және 2021 жылдың 9 айында - 29,8%-ға төмендегенін көрсеткен. Барлық аулада, сауда орталығында, алаңдарда, мектептерде, балабақшада, спорт кешенінде камералар орнатылған.

«Қазір біз әрбір камераны Жедел басқару орталықтарына шығаруды көздеп отырмыз. Жаппай бейнебақылау жобасы белсенді түрде дамитын болады. Біз 100 тұрғынға 15 бейнебақылау камера келетін халықаралық тәжірибені зерттедік, осы көрсткішке жету үшін республика бойынша шамамен 2 миллион 795 мың бейнекамера қажет», - деді ол.

Мектептерде 137 мыңнан астам бейнекамера орнатылған

Ол білім ошақтарындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында «дабыл түймелерімен» және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті.

«Біз білім беру мекемелерінде орнатылған камераларды Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына қосамыз. Бүгінгі күні 2 026 мектеп 36 657 камерасын ЖБО-на шығарды. Елімізде 7 372 мектеп бар (қалалық - 2159, ауылдық - 5213), онда 137 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. Жыл соңына дейін барлық мектептерден бейнебақылауды ЖБО-на шығару жоспарлануда», - деді ол.

16 658 камера орнатылады

Министр орынбасарының сөзінше, қазір барлық полиция бөлімшелерінде ағымдағы жылы аяқталатын бейнебақылау жүйесін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде. 16 658 камера орнатылатын болады.

«Енді полиция қызметкерлерінің өздері де бейнебақылауда болады, олардың қызметі халыққа ашық болса, халықтың шағымдар саны да азаяды. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне 33 966 камера орнатылады. Ағымдағы жылы бейнебақылаумен жұмыс істеу жағдайы ең қиын 29 мекеме қамтылып, қалған мекемелерде қашықтан бейнебақылаумен қамтамасыз ету 2023 жылы аяқталады», - деді ол.

Бейнебақылау камераларын орнату, ең алдымен, түрмедегі адамдардың құқықтарын, олардың қауіпсіздігін сақтауға және қорғауға бағытталған. Сонымен қатар, сотталғандар тарапынан да, мекеме әкімшілігі тарапынан да болуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алудың бір амалы

Барлық жаңалықтар