• Басты
  • ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды

ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды

1 Маусым, 2021 15:23

Бүгін үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмағандарды қорғау, мектептертегі қауіпсіздік мәселесін күшейту мақсатында қолға алынған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Заңға енгiзiлген өзгерiстер

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, балаларға қатысты сексуалдық  қылмыс үшiн жауапкершiлiк күшейген. Сондай-ақ, зорлау, зорлық-зомбылық ауыр қылмысқа ауыстырылып, бұл бап бойынша татуласу мүмкiн емес және мерзiмiнен бұрын босатылмайтынын жеткiздi. Сонымен қатар, осындай қылмысты жасырған адамдарға  6 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оның айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесiнде соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 30%-ға қысқарған.

«Профилактикалық шараларды күшейту үшiн, бiрiншi кезекте, кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi инспекторлар мен әйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау бөлiнiсiнiң штат саны күшейдi. Ендi мұндай лауазымдар әрбiр қала және ауданда бар», - дедi Тұрғымбаев.

Олардың негiзгi қызметi - елiмiздегi қолайсыз отбасы мен бала асырап алған отбасыларды бақылау.

Сондай-ақ, министр Ерлан Тұрғымбаев жыл сайын баласына қарамаған  5 мың ата-ана әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғанын айтты. Соның iшiнде 1 мың адам ата-ана құқығынан айырылған.

«Қараусыз қалған 108 бала терезеден құлап, 18-i қайтыс болды. Кәмелетке толмаған 449 бала өз-өзiне қол жұмсаған, оның iшiнде 143-i қайтыс болған. 183 бала жол апатынан көз жұмды», - дедi министр.

Оның пайымынша, тек полицияның күшiмен жағдайды жақсарту мүмкiн емес. Барлық мүдделi органдар мен қоғам бiрiгiп жұмыс iстеу керек екенiн жеткiздi.

Мектептердегi қауiпсiздiк мәселесi

Сондай-ақ ол өз сөзiнде, Татарстандағы қайғылы оқиғалар аясында мектептердегi қауiпсiздiк мәселесi ерекше өзектi болып отырғанын айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бiлiм беру органдарымен бiрлесiп мектептердi толық зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп отырғанын  жеткiздi.

Зерттеу жұмыстары нәтижесiнде бiрқатар кемшiлiктер анықталған:

➢ мектептердi бейнебақылау жүйелерiмен толық қамтылуына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгiленген стандарттарға сәйкес келмейдi;

➢ мектептердiң үштен бiр бөлiгi ғана шұғыл ескерту жүйелерiмен (сөйлеу, дыбыс, жарық) жабдықталған;

➢ "дабыл түймелерi" тек 8%;

➢ кiрудi бақылау және басқару жүйелерi 5%;

➢ турникеттер-4%;

➢ металл iздегiштер-1%

Оның мәлiметiнше, бұл ретте елдегi 7,5 мың мектептiң барлығы 434 (немесе 6%) күзет ұйымдарымен шарт жасасқан.

Сонымен қатар, қауiпсiздiк шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылғы мамыр айының басында Үкiмет ТТО объектiлерiне терроризмге қарсы қорғаудың жаңа талаптарын бекiткен. IIМ Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп бiлiм беру ұйымдарында алып өтуге тыйым салынған заттардың тiзбесiн әзiрлеген.

Бұл қару-жарақ, пышақтар, кастеттер, жарылғыш құрылғылардың имитаторлары, аэрозоль бояулары, пиротехникалық құралдар және газ баллондары.

Сонымен қатар оның айтуынша, мектептердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жеке күзет ұйымдарына қосымша бiлiктiлiк талаптары енгiзiледi.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын тиiмдi қорғау мақсатында IIМ:

·       Жергiлiктi атқарушы органдар қысқа мерзiмде бiлiм беру ұйымдарын тиiстi қауiпсiздiк жүйелерiмен (күзет, бейнебақылау, дабыл түймелерi, турникеттер, тексеру құралдары) қамтамасыз ету.

·       Мектептер мен балабақшалардың қауiпсiздiгiн лицензияланған жеке күзет ұйымдарының күшiмен қамтамасыз ету.

·       Қазан қаласындағы мектеп мұғалiмдерi мен балаларының iс-әрекеттерiн талдауды ескере отырып, БҒМ, ТЖМ және IIМ техногендiк, табиғи сипаттағы ТЖ және дағдарыстық жағдайлар (өрт, жер сiлкiнiсi, су тасқыны, террорлық шабуылдар және т.б.) туындаған кездегi iс-қимылдарға оқушылар мен жұмысшыларды арнайы даярлауды ұйымдастыруды талап етедi.

·       Зорлық-зомбылыққа бейiм оқушыларды анықтау, оларға психологиялық көмек көрсету бойынша мектеп психологтарының жұмысын жандандыру. Жасөспiрiмдер ортасында "буллингтiң" алдын алу шараларын қарастыру.

·        Мектеп оқушыларын ұйымдасқан түрде тасымалдауды қамтамасыз ету практикасын кеңейту.

·       Жазғы демалыс кезiнде балалар үшiн спорт секциялары мен үйiрмелерiнiң қолжетiмдiлiгiн ұйымдастыру.

·       Алматы облысының Шарын каньонындағыдай жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында оқушылардың демалыс орындарына және балаларды сауықтыру лагерьлерiне ұжымдық шығу кезiнде қауiпсiздiк шараларын күшейту.

Министр осы шараларды iске асыру балаларды тиiмдi қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiнiн жеткiздi.

Барлық жаңалықтар