ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек

22 Қараша, 2021 13:05

Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек жедел-қызметтік жұмыстың қорытындыларымен таныстырды. Сондай-ақ, жиында ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрмағамбетов Қанат соңғы кезде саны артқан интернет алаяқтық пен алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолдары туралы баян етті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді жоспары

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2020-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың өзектілігі туралы хабарлаған. Жоспарға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және браконьерлікпен күрес саласында қосымша 15 жаңа іс-шара енгізілген.Өзгерістерді ескере отырып, білім және ғылым министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізген. Сонымен қатар, аталмыш жағдайды ескере отырып, кешенді жоспардың 12 іс-шарасы редакцияланған.

"Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы қорытындылары

Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілінің мәлімдеуінше, өткен аптада жол қозғалысын қадағалау кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 122,5 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 953 фактісі, жүргізуші куәлігі жоқ 2 643 жүргізуші анықталған. Полиция жылдамдықты асырғаны үшін 7 807, қарсы жолаққа шыққаны үшін - 398, авариялық жағдай туғызғаны үшін - 1 647 және бағдаршамның тыйым салатын сигналына жүріп өткені үшін - 2 145 адамды жауапқа тартқан.

«6 908 жүргізуші көлікті техникалық тексерусіз басқарды, 91 автомобильде жалған нөмірлер анықталды. Жол ережесін бұзған 21 мыңға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды », - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, ол қоғамдық жолаушылар көлігі жүргізушілері жіберген 1464 бұзушылық, оның ішінде 1567 заңсыз қайта жабдықтау фактісі және 198 көліктің рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпегені анықталғанын жеткізді. Автожолдардың 10,5 мың шақырымнан астам авариялық-қауіпті учаскелері тексеріліп, нәтижесінде 1306 жол белгілері қойылған.

Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

Жиынға қатысқан ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» қазіргі таңдағы елімізде және бүкіл әлемде орын алып отырған өзекті мәселелердің бірі екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы осы жылғы Қазақстан халқына жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өткенін еске салды.

Оның мәлімдеуінше, цифрлық технологиялардың дамуы оларды қолдану арқылы жасалатын ұрлықтың артуына алып келеді. Соңғы уақытта интернет-алаяқтық үлкен қоғамдық резонанс тудырып отыр. Егер 2019 жылы Қазақстанда мұндай қылмыстардың саны 7 700 болса, 2020 жылдың қорытындысында 14 мыңнан асқан.

«Осы жылдың 10 айында өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда олардың саны 80 %-ға артып, 17 800 қылмысқа жетіп отыр», - деді департамент бастығының орынбасары.

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрлері:

·        Хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Олардың үлесіне интернет-алаяқтықтардың жартысы нақтырақ айтқанда 8,2 мың тиесілі.

·        Микрокредиттік ұйымдардың веб-сайттарында онлайн несиелерді рәсімдеу («Халыққа ақша», «Қарыз», «Тенго» және т.б.) Жыл басынан бері осындай қылмыстың 3 мыңға жуығы анықталған.

·        Азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шоттарынан ақша қаражатын жымқыру бойынша 2,3 мың жағдай анықталған. Көп жағдайда алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде көрсетіп, жалған нөмірлер арқылы қоңырау шалған. Бірқатар жағдайларда (1,2 мың) жәбірленушілер өз деректерін «фишинг» интернет-ресурстарына өз еркімен енгізген.

·        Түрлі жобаларға, ойындарға, инвестицияға, ставкаларға және т.б. ақшаны тиімді инвестициялау желеуімен 2 мыңға жуық алаяқтық жасалған.

Криминалдық полиция департаменті өкілінің айтуынша, аталған қылмыстардың жолын кесу мақсатында министрлік тиісті ұйымдастыру-тәжірибелік шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, ол ыл басынан бері киберқылмыспен күресу бойынша ведомстволық бағдарлама 2021-2022 жылдарға жүзеге асырылып жатырғанын айтып өтті. Өңірлерде оларды тергеу үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылған.

«Hi-tech» іс-шарасы барысында интернет-алаяқтық нәтижелері

Қанат Нұрмағамбетов интернет-алаяқтықтың алдын алу және ашу, оларды жасаған адамдарды анықтау және ұстау үшін ағымдағы жылғы 8-14 қараша аралығында республика аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілгенін атап қтті. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізудің 7 күніндегі нәтиже бойынша, 300-ге жуық қылмыс тіркелген. Бұрын жасалған 440 интернет-алаяқтық анықталған.

«Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде осындай қылмыс жасаған 261 адам анықталды.Оның ішінде 2-ден астам қылмыс жасаған 34 алаяқ ұсталды. Олар барлығы 287 интернет-алаяқтық жасады», - деді ол.

Оның мәлімдеуінше, Атырау облысы бойынша полиция қызметкерлері әлеуметтік желіден құжаттардың жоғалғаны туралы хабарлама тауып, олар бойынша шағын несие алуға өтініш білдірген Семей қаласының тұрғынын ұстаған. Азаматтар несиенің мерзімі өткендігі туралы хабарлама алғанға дейін өздеріне берілген несиелер туралы күдіктенбеген. Сондай-ақ, Павлодар облысының тұрғыны «ОЛХ» және «Крыша» сайттарында арзандатылған бағамен пәтер жалдау туралы хабарландырулар орналастырған. Клиенттермен әңгімелесу барысында алаяқ депозитті әртүрлі есепшоттарға аударуды сұраған, ақшаны алғаннан кейін ол нөмірлерді өшіріп, хабарландыруларды алып тастаған. Қазіргі таңда 10 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған 320 азамат анықталған.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қарапайым қауіпсіздік шараларына тоқталып, бірқатар қарапайым ұсыныстарды ұсынды.

·        Жеке деректеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге бермеу, түбіртектерді аудармау. Сонымен қатар, аударымдар туралы, әсіресе кодтар мен кодтық сөздер, тіпті банк, полиция қызметкерлеріне және белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге жеке деректерге сенбеу;

·        Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісуге тырысыңыз;

·        Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жасамау, ашық кіріс көзі жоқ қаржылық схемалардан сақ болу;

·        Қолданбаларды орнату үшін App Store немесе Play market ресми көздерін ғана пайдалану;

·        Төлем үшін жіберілген сілтемелерді орындаму және белгісіз контактілерден СПАМ хабарламаларды орындамау. Алаяқтар көбінесе төлем үшін сілтеме бойынша жүруді ұсынады, бұл шын мәнінде фишингтік сілтеме;

·        Банктік қызметтерге қол жеткізу үшін құпия сөздерді үнемі өзгертіп отыру, 3D қорғанысын және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолдану.

·        Шоттарыңыздағы ақша қозғалысын жиі тексеріп отырыңыз. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және ақшаңызды үнемдеуге көмектеседі.

Барлық жаңалықтар