• Басты
  • ІІМ: Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқандар көбейді
7 Шілде, 2020 19:00

ІІМ: Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқандар көбейді

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди карантиндік шараларды күшейту кезеңінде қабылданатын шаралар туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтып берді, - деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.


ІІМ: Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысқандар көбейді
Полиция мәліметінше, заңсыз сатылған дәрі-дәрмектердің жалпы құны 6 миллион теңгеге жеткен.
6 шілдеде елордалық полиция қызметкерлері "Тойота" автокөлігінің жүк салғышынан 689 медициналық препарат қорабын тәркіледі. Ұйымдастырушы 1 млн теңгеге сатпақ болған. Шымкент қаласында жеке үйде заңсыз дәрі-дәрмек сатқан. Медикаменттерді сақтауға арналмаған орыннан 10 459 дәрі-дәрмек қорабы табылған. Онда дәрілердің 200 түрі табылды. Оның жүксалғышынан "Цефтриаксон", "Цефазолин", "Сумамед", "Азитромицин", "Ингаверин", "Эуфиллин", "Ледокаин" және тағы басқа медициналық препараттардың ірі партиясы табылды. Дәрі-дәрмек антисанитариялық жағдайда сақталғанАйыпталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, екі рет сотты болғаны анықталды, - деді ІІМ министрінің орынбасары.
 
Калайчиди Түркістан облысының Жетісай ауданында бір адамға 400 мың теңгеге 336 дәрі қорабын сатпақ болғанын айтты.
Бір қораптың бағасы 1500 теңге, оны 1800-ден сатпақ болған. Оны Жетісайдағы дәріханалардың фармацевті сатып алмақ болған. Атырауда дәрі-дәрмекті косметологиялық клиника қымбатқа сатпақ болған. Полиция қызметкері жедел шаралар кезінде заңсыз бизнесті әшкереледі. Оны клиниканың басшысы ұйымдастырған. Препараттар өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатылмақ болған. Мәселен, "парацетамол" 1000 теңгеге сатылмақ болған. Клиникадан 5 мың дәрінің қорабы тәркіленді, - деді ол. 
Сондай-ақ, қандай облыстарда осы сынды фактілер тіркелгенін айтты. 
Нұр-Сұлтан, Алматы, ШҚО, Павлодар, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Павлодар облыстарында тіркелді. Тек қана 6 шілде күні полицияға 46 адам жеткізіліп, олардан 20 884 дәрі-дәрмек қорабы тәркіленді. Сондай-ақ, 34 986 қорғаныш маскасы мен 500 қорғаныш заттары тәркіленді, - деді Калайчиди.
Алексей Калайчиди әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар бойынша 86 қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Биыл бұл мәселе өзекті болып отыр. Елде төтенше жағдай жарияланғалы әлеуметтік желі бақыланып отырды. Төтенше жағдай 11 мамырда аяқталса да, біз әлеуметтік желіні белсенді бақылауды тоқтатпадық. Ондай фактілерді анықтап, зерделейміз. 86 қылмыстық іс қозғалып, 6 адам бас бостандығынан айырылды. Құқықтық жауапкершілік қылмыстық заңнамамен нақты анықталған, - деді ІІМ өкілі.  

Министрдің орынбасары жауапкершілік мәселесі қоғамға зардап тигізудің салдары бойынша қаралатынын айтты. 
Барлық жаңалықтар