• Басты
  • ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде
6 Шілде, 2020 15:33

ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде

5 шілдеде ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ішкі істер министрлігі жергілікті рейдтік іс-шараларды өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде
Тексерулердің мақсаты – карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігін пайдаланып, жоғары сұранысқа ие болған респираторлық вирустық аурулардан емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен азаматтарды анықтау. Рейд барысында дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуды ұйымдастырған адамдар анықталды. Олар дәрі-дәрмектің жасанды тапшылығын тудырып, кейін дәрілерді нақты құнынан бірнеше есе артық бағамен қайта сатқан. Дәрі-дәрмектерді қайта сатудың көптеген фактілері еліміздің барлық өңірінде анықталды. Кәсіпкерлер дәрі-дәрмектерді “сөреден” сатып алып, фискалдық чектерді шығармай сатқан. Салдарынан адамдар дәрілерді қымбат бағаға алуға мәжбүр болған. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер қорғаныс құралдарын заңсыз сатудың жолын кесті. Жергілікті тұрғыннан медициналық маскалар, комбинезондар, термометрлер, медициналық көзілдіріктер мен антисептикалық құралдар тәркіленді. Сонымен қатар, әйел адам интернет-ресурстардағы хабарландыру арқылы “Парацетамол”, “Ингавирин”, “Цефтриаксон”, “Азитромицин” сияқты аса қажетті дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. “Нұр-Сұлтан” қаласындағы ОСО-ның бірінің тұрағында ер адам ұсталды, оның автокөлігінен аталған дәрілік препараттары бар екі қорап табылды.

Барлық жаңалықтар