- Басты
- Жаңалықтар
- ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары
ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі криминогендік жағдайларға тоқталып өтті. Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жолда жарақат алуы және жолға жақын орналасқан білім мекемелерінің қауіпсіздігі сондай-ақ мектептер маңында полиция жасақтарының тығыздығына тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бір аптада елімізде 3370 қылмыс жасалды
Брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бір аптаның ішінде орын алған криминогендік жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, бір апта ішінде Қазақстанда 3370 қылмыс жасалды,оның 2341-і тәулік ішінде ашылған.
«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 6 кісі өлтіруді, 14 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 40 тонау және 496 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол.
Құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері
Әсет Исекешев Алматыда құқық қорғау жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізген. Кеңес барысында Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қойылған құқық қорғау саласындағы міндеттердің іске асырылу барысымен танысқан. Сондай-ақ, ол қылмыстық процесті жаңғырту жөніндегі пилоттық жобаның бүкіл елге масштабталғанын атап өтті. Бұл қылмыстық іс жүргізу заңнамасына тиісті түзетулермен бекітілген.
Кеңес аясында Әсет Исекешевке қылмыстық істерді жүргізудің жаңа форматы, қызметкерлердің жұмыс орындарын жабдықтау және өңделетін деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері көрсетілген. Ол құқықтық тәртіп деңгейін одан әрі арттыру бойынша сапалы жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырмалар берген.
Кеңеске Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Президент Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди және Алматы қаласының құқық қорғау органдарының басшылары қатысқан.
2021 жылы Алматы полициясы қылмыстық істер бойынша 30 225 процессуалдық шешім қабылднып, оның 24 708-і прокурормен келісіліп, бекітілген. Яғни, «прокурорлық сүзгі» азаматтардың құқықтарын бұзу санын 38%-ға азайтуға мүмкіндік берген. Қазір Алматы полиция департаментінде қылмыстық істерді электронды форматта жүргізу үшін 375 жұмыс орны жабдықталған. Е-форматты қолдану полицейлердің жұмысын ашық етіп, ал деректерді қорғау бойынша пайдаланылатын технологиялар қылмыстық істе құжаттардың бұрмалануына және ауыстырылуына кедергі болады.
Құқық бұзушылықтың алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін құру тәсілдері мен полицияның сервистік моделін ел Президенті жанындағы Құқық қорғау және сот жүйелерін реформалау жөніндегі комиссия мақұлдаған. Сондықтан полицияның сервистік үлгісі жұмысының негізгі қағидаттарын, ондағы әкімдіктің, басқа да мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың рөлін түсіндірілді. Ең криминогенді аудандардағы қылмыстың нақты көрінісін қалыптастыру және бүкіл қала бойынша шаралар кешенін анықтау үшін сарапшылармен, құқық қорғау органдарының ардагерлерімен, жобалық кеңсе аясында сарапшылармен жұмысты күшейту қажеттілі айтылды. Ол қажет болған жерлерде бейнекамералар қою, учаскелік пункттер санын арттыру, патрульдеуді күшейту, жарықтандыруды жақсарту.
Интернет-алаяқтар онлай несиелер алған
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәліметінше, жыл басынан бері интернет-алаяқтар 2 мың адамның дербес деректерін ұрлап, соның негізінде онлай несиелер ресімдеген.
Ол алаяқтардың ғаламтор арқылы жасайтын айласы күн сайын түрленіп жатырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, полиция сақ болу қажеттігін қанша ескертсе де, сан соғып қалып жатқандардың саны күн сайын артуда. 9-15 тамызы аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған «Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілген.
«Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шара
Нәтижесінде бір апта ішінде 270 заңбұзушылық анықталған. Соның ішінде түрлері бойынша: интернет қолданушыларға қарсы алаяқтық – 230, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұрлық жасау – 6, ақпаратқа заңсыз қол жеткізу - 4, қылмыстың басқа 30 түрі тіркелді. Сондай-ақ ол, осы шара кезінде бұрын жасалған 433 қылмыстың беті ашылған.
«Интернетке жүргізілген мониторинг барысында заңсыз контенті бар 664 ресурс анықталды. Жалпы, жыл басынан бері ішкі істер органдары интернет-алаяқтықтың 13 мыңнан астам фактісін тіркеді. Олардың 5000-ы алаяқтардың онлайн сауда алаңдары мен веб-сайттарда орналастырған жарнамаларына негізделген фактілері бойынша қозғалды», - деді Нұрділда Ораз.
Cондай-ақ, 2000 алаяқтық азаматтардың жеке мәліметтерін алып қоюмен байланысты, олардың атынан онлайн несие кейін тіркеліп отырған. Мобильді банкинг арқылы ақшасы ұрланған азаматтардың жеке деректері мен карточкалық шоттарының деректемелерін алу арқылы мыңнан астам алаяқтық жасалған.
Жол-көлік оқиғасынан 90 бала қаза тапқан
Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің мәлімедеуінше, биылғы жылы 7 айда жол-көлік оқиғасынан 1860 бала жарақат алып, 90 бала қаза тапқан.
«Балалардың жолаушы ғана емес, жаяу жүргінші екенін де ескеру қажет. Бұл ретте жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның «қызыл» түсіне өту, жақындап қалған көліктің алдынан кесіп өту сияқты әрекеттер», - деді Жандос Мұратәлиев.
Оның дерегінше, жыл басынан бері республика жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1 621 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 90 жасөспірім қаза болып, 1 860 бала жарақат алған. Сонымен қатар, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны 15%, қаза болғандардың саны 18% және жарақат алғандардың саны 16% өскен.
Ол зардап шеккен балалардың жартысынан көбі –жолаушылар екенін атап өтті. Яғни, көп жағдайда ересектер балаларды көлікпен алып жүрудің ережесін жиі бұзып балаларды арнайы ұстау құралынсыз немесе белдікті бекітпей тасымалдағанан екені анықталып отыр.,
Балалардың жолда жарақат алуы
Жандос Мұратәлиев кәмелетке толмаған жеткіншектердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ереже бұзу әрекеттерін атап өтті. Олар балалардың жол-көлік жарақаты мәселесіне жұртшылық назарын аудару үшін «Қауіпсіз мектеп автобусы», «Назар аударыңыз, балалар!», «Назар аударыңыз-жаяу жүргінші!», «Ата-аналар, балалардың өміріне қамқорлық жасаңыздар!», «Балалар, жолда абай болыңыздар!», «Сіздің жолаушыңыз-бала» деген сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұратынын жеткізді.
«12-14 мамыр аралығында республика көлемінде «Назар аударыңыз - балалар!» атты ауқымды жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қатысуымен жол-көлік оқиғасына себеп болатын 16 мыңнан ереже бұзу әрекетінің жолы кесілді», - деді Жандос Мұратәлиев.
16 ереже бұзу фактісінің құрылымы:
- қиылыстардан өту ережесін бұзудың 1223 фактісі;
- жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережесін бұзудың 1415 фактісі;
- балаларды тасымалдау ережесін бұзудың 1348 фактісі, оның ішіндебалаға арналған креслоларды пайдаланбаудың 485 оқиғасы;
- маршруттық көліктің тоқтау ережесін бұзған 507 фактісі тіркелген.
Жолға жақын орналасқан білім мекемелеріның қауіпсіздігі
Жандос Мұратәлиевтің дерегінше, жолға жақын орналасқан білім беру мекемелерінің аумағына 4 мыңнан астам тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін уәкілетті мекемелерге 2 мыңға жуық нұсқама берілген.
«Қазіргі уақытта 3 612 мектептің жанында жаяу жүргінші өткелдері бар, 2 473 мектептің жанында жасанды кедергілер орналастырған, ал 2 300-ге жуық мектеп жанында жаяу жүргіншілерге арналған лабиринт тектес қоршаулар орнатылған», - деді ол.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің жанында 1 160 жол белгісі жаңартылып, қайта орнатылған. Мыңға жуық жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталып, 8 мың метрден астам жаяу жүргіншілер жолы салынған.
«16 мың метр жол жасанды жолмен жарықтандырылды. 23 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз - балалар» акциясын қайта өткізуді жоспарлап отыр. Бұл шара 2 кезеңде өтеді: дайындық кезеңі (23-31 тамыз) және негізгі кезең (1-10 қыркүйек аралығында) », - деді Жандос Мұратәлиев.
«Назар аударыңыз - балалар» акциясына дайындық кезеңі
- білім беру мекемелерінің аумағындағы жол желісінің жұмыс күйін және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын зерттеу;
- ата-аналар мен мұғалімдерге жол қауіпсіздігі бойынша профилактикалық сабақтар, дәрістер өткізу жоспарлануда;
Сондай-ақ, бұл жұмыс ағымдағы жылдың 17 маусым мен 16 шілде аралығында өткен «Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында жалғасын тапқан.
Мектептер маңында полиция жасақтары
Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің жанында қауіпсіздікті қадағалайтын полиция жасақтарының тығызды артады.
«Білім беру мекемелерінің жанындағы жол желісі тек іс-шара кезінде ғана емес, тұрақты түрде тексерілетінін айта кету керек. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына көп көңіл бөлінеді», - деді ол.
Оның сөзінше, қызметкерлер оқу орындарына тиесілі 2 мыңға жуық көлікті тексерген. Анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті мекемелерге 100-ден астам ұйғарым жолданған екен. Сондай-ақ, ол балаларды жол-көлік жарақаттарынан қорғау мәселесінде оқу процесі де маңызды қызмет атқаратынын атап өтті.
«Өз кезегінде полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына жол жүрісі қағидаларын үйрету бойынша онлайн форматта мыңнан астам конкурстар мен викториналар өткізді. 1-ші қыркүйектен бастап бұл бағыттағы жұмыс дәстүрлі форматта жалғасын табады деп сенеміз», - деді Жандос Мұратәлиев.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары

