• Басты
  • ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы

ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы

11 Маусым, 2021 11:30

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен есептік кездесу барысында министрлік атқарып жатқан шараларға тоқталып, қылмыс санын төмендету мақсатындағы іс-шаралармен туралы айтты.  Оның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5%-ға азайып, қарақшылық шабуыл – 7%-ға , тонау –22%, бұзақылық–26%-ға қысқарған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


"Police 102" мобильді қосымшасы

Осы жылдың ақпан айынан бастап "Police 102" мобильді қосымшасы іске қосылған болатын. Бұл азаматтарға ұялы телефондар, электронды пошталар және басқа байланыс құралдары арқылы полицияға аудио, видео және мәтіндік өтінішпен жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл қызметті қазірдің өзінде 46 мыңнан астам адам пайдаланған.

ІІМ мәліметінше, бұл қосымша арқылы 31 мың қоңырау мен 15 мың мәтіндік хабарлама келіп түскен, оны 35,4 мың пайдаланушы жүктеген. Келіп түскен сигналдардың көмегімен 2 мыңнан астам қоғамдық тәртіпті, жол қозғалысы ережелерін және отбасы-тұрмыстық қатынастарындағы бұзушылықтардың жолы кесілген.

"Ол әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, осы жылдан бастап мұндай істерді тек әйел тергеушілер тексеріп жатқанын, бұл жәбірленушілермен байланыс орнатуға және істің барлық мән-жайларын анықтауға оң әсер етеді", - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуды жақсарту үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар саны 484 бірлікке және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің саны 129 бірлікке ұлғайған. Мұндай лауазымдар әрбір қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде бар. Бұл барынша жедел әрекет етуді, әйелдер мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Балалардың қауіпсіздігі

Министр өз сөзінде жазғы кезеңнің басталуымен балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың саны артып келе жатқанын тілге тиек етті. Балалар трагедиясының ең көп таралған себептерінің бірі-балалардың терезеден құлап кетуі. Жыл басынан бері осындай 30 факті тіркеліп, 6 бала көз жұмып, 24 - і ауруханаға жатқызылған. Жолдарда балалардың жарақаттануы ерекше алаңдаушылық тудырады.

Оның дерегінше, жол апатынан 43 бала көз жұмған, 1107 бала ауруханаға жатқызылғае. Көп жағдайда зардап шеккен балалар қауіпсіздік белдіктерімен бекітілмеген немесе балаларды ұстайтын құрылғыларсыз тасымалданбаған болады. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары да тоқтамай тұр.

"Биыл өз-өзіне қол жұмсаудын 248 әрекеті болды. 164 кәмелетке толмаған бала құтқарылды, 84 – і қайтыс болды", - деді министр.
Сондай-ақ, министр модульдік станциялар орнатылған жерлерде құқық бұзушылықтар саны азайғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта өңірлерде осындай 57 станция бар. Тағы 27-сі жыл соңына дейін салынады. 5 жыл ішінде 167 станция орнату жоспарлануда", - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі іс жүргізу саласында цифрландыру саласы табысты дамуда, қылмыстық істерді электрондық форматта тергеу практикасы да кеңеюде.

Өткен жылы қылмыстық істердің 50% - ы осындай нысанда тергелсе, ағымдағы жылы-70%. Жыл соңына дейін электрондық тергеуге 100% көшу жоспарланып отыр.

"Осылайша, тергеу мерзімдері қысқарады, азаматтардың конституциялық құқықтарын бақылау және қорғау деңгейі артады. Заңдылықты бұзу жағдайлары алынып тасталады. ТМД - да біз бұл жобаны іске асыруға бірінші болып кіріскенімізді атап өткім келеді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бейнебақылау жүйелері

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйелері белсенді пайдаланылады.
Ішкі істер министрінің дерегінше, көшелер мен қиылыстарда, тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістерінде, сауда объектілерінде, көңіл көтеру орындарында 417 мың бейнекамера жұмыс істейді. Оның 104 мыңы жедел басқару орталықтарына шығарылған. Жыл басынан бері олардың көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 1 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда, мектептерде, ауруханаларда полицияны шұғыл шақыру жүйесі орнату жоспарланып жатыр.

«Олардан келетін сигнал жедел басқару орталығына немесе жақын маңдағы кезекші бөлімге бірден түседі. Қазір мұндай жобалар Қарағанды, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкентте іске асырылуда. Барлық облыс орталықтарын біртіндеп жабдықтаймыз. Сондай-ақ, оларды Республикалық маңызы бар трассаларға орнату жоспарлануда»,- деді Ішкі істер министрі.

Жол ережесін бұзушылық

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жолдардағы жағдай туралы айтып, жыл басынан бері 2,5 млн-нан астам жол ережесін бұзушылықты анықтағанын айтты. Олардың 930 мыңы жылдамдықты арттырған. Қарсы жолаққа 2,2 мың шығу жолы кесілген. 9 мың мас жүргізуші ұсталып, барлығы 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

"Соның ішінде 10 мың адам автокөлікті басқару құқығынан айырылды. Ақаулы және заңсыз қайта жабдықталған көлікті пайдаланудың 70 мың фактісі анықталды", - деді министр.

Оның мәліметінше, жол төсемінің жай-күйіне, жол белгілері мен таңбаларының болмауына, олардың стандарттарға сәйкес келмеуіне байланысты 27 мыңнан астам ақау анықталған. Бұл құқық бұзушылықтар үшін 1,5 мыңнан астам жауапты тұлғаларға айыппұл салынған.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және жүргізушілердің тәртібін сақтауда бұзушылықты тіркейтін автоматты камералар қолданылады.
"Қазір елімізде осындай 13,2 мың құрылғы орнатылған. Бүгінгі таңда олар барлық бұзушылықтардың жартысына жуығын анықтайды", - деді ол.
 
Патрульдік полиция қызметкерлері ІІМ, Қаржы министрлігі және Әділет министрлігінің деректер базасына қосылған электрондық планшеттермен жабдықталған. Олардың көмегімен көлік жүргізетін адамдарда жүргізуші куәлігінің, техпаспорттың, сақтандырудың болуы және осы құжаттарды ұсынбай техникалық байқаудан өтуі тексеріледі.

"Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жүргізушілердің жеке басын куәландыратын бір ғана құжаты болса, автокөлікті басқару құқығы қамтамасыз етілді", - деп қорытындылады министр.

Барлық жаңалықтар