• Басты
  • ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары

ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары

6 Қыркүйек, 2021 12:03

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз алаңында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі криминогендік жағдайларға тоқталып өтті. ҚР Ішкі Істер министрлігі мемлекет басшысының жолдауын іске асыруға кіріскен. Соның ішінде балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың жолын кесу, интернет технология саласындағы қылмыстардың алдын-алу, электрондық әмияндарды анонимді пайданалушыларға ақша аударуға тыйым салу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, «Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасының нәтижелері таныстырылды. Нәтижесінде, шара аясында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2 330 қылмыс пен осыған дейін жасалған 584 қылмысты анықтаған. Сондай-ақ, іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Бір аптада елімізде 3012 қылмыс жасалды

Брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз бір аптаның ішінде орын алған криминогендік жағдай туралы айтты. Оның мәліметінше, бір апта ішінде Қазақстанда 3012 қылмыс жасалды,оның 2040-ы тәулік ішінде ашылған.

«Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 5 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 452 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», - деді ол.

Президенттің жолдауын сапалы әрі уақытылы орындау шаралары

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, ҚР Ішкі Істер министрлігі мемлекет басшысының жолдауын іске асыруға кіріскен. ҚР Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғынбаев ведмоствоның құрылымдық және аумақтық бөлім басшыларымен бейне баланыс режимінде жедел кеңес өткізілген. Онда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын сапалы және уақытылы іске асыру үшін бірқатар міндеттерді белгіленген.

«Жолдауда елдегі тұрақтылықты, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін олардың құқықтары мен заңды мүдделін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған болатын. Балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың жолын кесу министрліктің ерекше бақылауында болады», - деді Нұрділдә Ораз.

Балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың жолын кесу

Сондай-ақ, ол соңғы жылда педофилдердің полицияның бақылауында болу шарттары едәуір күшейтілгенін атап өтті. Оның сөзінше, олар жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемелерінде өтеп жатыр. Сонымен қатар,тараптарды татуластыруға шартты түрде соттауға, жазаны неқұрлым жұмсақ түрге ауыстыруға сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынған.

Оның мәлімдеуінше, қызметкердің бөлімшелерінің басшыларына министр кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың қосымша шараларын белгілеген. Атап айтқанда, әкімшілік қадағалауды күшейту және жазасын өтеген педофилдерге қатысты электрондық бақылау құралдарын қолдану.

Интернет технология саласындағы қылмыстардың алдын-алу

Нұрділдә Ораз интернет технология саласындағы қылмыстардың алдын-алу және жолын кесу мәселесі жеке қарастырылғанын атап өтті. Олардың өсуіне әлемде коронавирус пандемиясы және онлайн сауданың кеңінен таралуы ықпал етуі айтылған. ҚР Ішкі Істер министрлігі прокуратура органдарымен бірлесіп аляқтықтықты, оның ішінде ақпараттық телекоммуникациялық ресурстарды пайдалана отырып жасалатын алаяқтықтын алдын алу және ашу бойынша қосымша шаралар әзірлеп іске асырылатыны туралы айтылды.

«Бүгінде ІІМ киберқылмыспен күрес орталығының құрылымында осы қылмыстарды ашумен ғана айналысатын арнайы топтар жұмыс істейді. Мұнда полиция ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен тығыз қарым-қатыснас жасайды», - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Есірткінің таралуын болдырмау шаралары

Сонымен қатар ол жолдауда есірткінің соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуына қатысты болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төнгені аталғанын айтып өтті. Сондықтан синтетикалық есірткіні бақылауға алу тетігі жеңілдетілген. Соның ішінде, олардың зансыз жарнамасы мен интернет арқылы таратылуына жауапкершілік күшейтілген.

Сондай-ақ, электрондық әмияндарды анонимді пайданалушыларға ақша аударуға тыйым салатын түзетулер енгізілген. Бұған қоса, министр есірткінің жастар арасында таратылуына мықты тосқауыл қою үшін министрлікті басқа органдармен жұмыс жасап олардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатаңдату қажеттігін атап өткен.

Ол жедел кеңесте қозғалған тағы бір мәселе азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету екенін атап өтті.

«Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету бойынша полиция қызметінің тиімділігін арттыру үшін цифрландыру жобаларын жедел іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 95%-ы электронды форматта ұсынылады, нәтижесінде халықпен тікелей байланыс барынша азайтылып, әкімшілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылады», - деді Нұрділдә Ораз.

Бұдан бөлек,оның айтуынша әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу электрондық форматқа ауыстырылады. Азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін толық және тиімді іске асыру үшін қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшу мәселесі ерекше бақылауда тұр. Сонымен қатар, ол кеңесте адам құқықтарын қорғау, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жұмыс ІІМ-нің тұрақты бақылауында екені атап өтілгенін жеткізді.

«Сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсаруда, олардың әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жақсаруда, медициналық қызмет көрсету азаматтық денсаулық сақтау органдарына берілді. Министр кеңес барысында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийі –азаматтардың сенімі екенін ерекше атап өтті», - деді Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, сондықтан ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық, тәртіп пен заңдылықты бұзу фактілерін жою бойынша қажетті шараларды қабылдау басты міндеттердің бірі болып саналады. Қазір жүргізіліп жатқан реформалар аясында негізгі міндеттердің бірі - қазақстандық полицейдің жаңа бейнесін қалыптастыру екенін атап өтті.

«Көп жағдайда оны жүзеге асыру ведомстволық оқу орындарының нәтижелеріне байланысты. Осыған байланысты ведомство білім беру процесінің сапасына және кәсіби кадрларды даярлауға назар аударады. Бұл фактор қазақстандық полицейдің жаңа келбетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады», - деді ресми өкіл.

«Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасы нәтижелері

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, 7 күнге созылған «Құқықтық тәртіп» алдын алу іс-шарасы аяқталған. Ол қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Шара аясында полиция қызметкерлері ізін суытпай 2 330 қылмыс пен осыған дейін жасалған 584 қылмысты анықтаған. Сондай-ақ, іздеуде болған 150 қылмыскер ұсталған.

Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды заңсыз айналдыру бойынша жеке жедел іздестіру шаралары жүзеге асырылған.Оған есірткі заттары мен заңсыз қаруларды сақтау жатады. Нәтижесінде газ, өткір, травматикалық 109 қару табылған.

«210 дерек есірткі сақтау бойынша тіркелді. 89 мың әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, 9 мың дерек тәртіпсіздік бойынша, 13,5 мың дерек мас күйінде қоғамдық орындарға шығу бойынша анықталды, - деді Нұрділдә Ораз.

Сонымен қатар, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында апаттың алдын алу шаралары жүзеге асырылған. Оның мәліметінше, нәтижесінде мас күйінде 796 адам көлік жүргізгені, 7,5 мың дерек жылдамдықты арттыру фактісі анықталған.

Жаңа форматтағы полиция қызметкерін әзірлеу

Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция полковнигі Сейітжанов Олжас қазіргі таңда елдің құқық қорғау саласында түбегейлі өзгерістер болып жатырғанын атап өтті. Оның ішінде ведомстволық білім беру де бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, академия ведомстволық білім берудің маңызды саласы бола тұра білім беру жүйесіне заман талабына сай шараларды қабылдай бастаған.

«Жаңа форматтағы полиция қызметкерін әзірлеуді басымдыққа алып отыр. Ғасырға жуық уақытта ЖОО-ны 20 мыңға жуық тұлек тәмамдады, - деді Сейітжанов Олжас.

Сондай-ақ, ол Қарағанды академиясы кәсіби тергеушілер мен криминалистерді даярлауды жүзеге асыратын жалғыз оқу орны екенін атап өтті. Бұл ретте академияда жігіттермен қатар қыздар да оқитынын жеткізді.

«Қазірдің өзінде оларды оқыту векторы отбасындағы зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергеуге бағытталған, - деді ол.

Оның айтуынша, академияның білім беру қызметінде дәстүрлі технологиялармен қатар жаңа форматтағы полиция үшін қажетті білім, дағдылар мен ІІО қызметкерлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар, әдістер белсенді қолданылады.

 

Барлық жаңалықтар