III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары

27 Қазан, 2021 18:55

Елімізде жастарға арналған III Нобель фестивалі өтіп жатыр. Оған Нобель сыйлығының лауреаттары, әртүрлі салалардағы әлемдік сарапшылары, әлемнің жүздеген университеттері онлайн форматта қатысуда. Жоба жас ғалымдардың тұтас бір буынын жаңа жаңалықтарға, жетістіктерге шабыттандыруға және олардың әлеуетін іске асыруға бағытталған.Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Жиында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов Нобель фестивалі қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Ол ҚАТУ еліміздің жетекші агротехникалық зерттеу университеті ретінде бірнеше негізгі бағыттар бойынша ғылыми-инновациялық қызметті белсенді дамытып жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, бірінші – ағаш және бұта тұқымдас өскіндер мен өскіндердің жоғары тіршілігін қамтамасыз етудің тиімді технологияларын әзірлеу, олардың одан әрі өсуі мен дамуын жеделдету арқылы Қазақстан аумағындағы орман жамылғысын ұлғайту екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерді құру арқылы табиғи және антропогендік қауіп-қатерлерді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістері арқылы ормандардың тозуын азайту, оларды өрттен қорғау маңызды екенін жеткізді.

Оның сөзінше, бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы 5 жылда Қазақстан аумағында 2 млрд ағаш отырғызу туралы жолдауы аясында Қазақ орман шаруашылығы институтымен бірлесіп жүргізілуде.

Осыған байланысты Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті көмірсутекті отынды жағудың аз шығарындылары бар технологияларын және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу бойынша белсенді зерттеулер жүргізіліп жатырғанын жеткізді.

«Тұтастай алғанда, ҚАТУ-дың ғылыми, инновациялық және академиялық қызметі жаһандық ауқымдағы мәселелер мен сын-қатерлерге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған», - деп түйіндеді Қайрат Айтуғанов.

Cонымен қатар, жиында «Food Revolution Network» негізін қалаушы және бас директоры Джон Роббинс азық-түлік революциясы туралы айтып өтті. Оның айтуынша, әрбір адам тамақтану әдетін өзгерту керек. Сонымен қтар, азық-түлік тұтынуды азайту арқылы өзіңізге және қоршаған ортаға пайдалырақ болаиынын жеткізді.

«Тамақтану мәдениеті жүйесі тұрақты дамуға әсер ететінін ескеруіміз керек. Егер біз жақсы әлемде өмір сүргіміз келсе, тамақтану әдетімізді өзгертуіміз керек. Өңдеу әдістерін қолдану керек, өйткені көптеген тағамдар біздің физикалық жағдайымызға теріс әсер етеді», -деді ол.

Джон Роббинстің сөзінше, азық-түлік революциясын жасау миссиясы аданың физикалық, ақыл-ой, психикалық күйіңізге пайдалы болатын тұрақты азық-түлік өндірісін дамыту болып табылады. Осы орайда, ол өмірді өзгерте алатын тағамға өзгерістер енгізу қажеттігін жеткізді. Осылайша, денсаулық пен әл-ауқат арасында көпір құру керектігін айтты.

Жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова инклюзивті даму қорына 80-нен астам елдің өкілдеріне ғылымның даму перспективалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік беретін тағы бір бірегей шараны ұйымдастырғаны үшін өз алғысын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда климаттың өзгеруімен, энергетикалық, сумен және азық-түлік қауіпсіздігімен байланысты өсіп келе жатқан жаһандық қауіптер жаңа шешімдерді және бүкіл әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Мәселен, ресурстар таусылып, адамзат апатқа бет алғаны анық бола бастаған. Бұл ғылым бәрімізге адамзаттың қайда бара жатқаны туралы түсінік беруі қажіттігін атап өтті.

«Бұл мәселелерді жаңа серпінді технологияларды дамыту арқылы ғана шешуге болады. Мысалы, біз QazVac брендімен коронавирусқа қарсы вакцина жасаған қазақстандық ғалымдардың нәтижелерін мақтан тұтамыз. Пандемия әлеміндегі өмір жағдайларының өзі ғылымды қажет ететін жаңа шешімдерді талап еткенін көріп отырмыз. Ғалымдарымыз бен Нобель сыйлығының лауреаттары осыны кеше де, бүгін де талқылап жатыр», -деді Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры.

Ренессанс қорының негізін қалаушы Сатиш Кумар өз сөзінде адам мен табиғат арасындағы маңызды қарым – қатынасты түсіну басты міндет екенін атап өтті. Ол осы орайда, адамдар кездестірген ең қиын мәселе-бұл қарым-қатынасты түсіністік екенін жеткізді. Оның сөзінше, ең үлкен дағдарыс - адам табиғатты пайдалана алады, оған зиян тигізуі мүмкін. Сондықтан адам мен табиғат бірдей екенін түсіну керек.

«Адамдар табиғаттың бөлігі, сонымен қатар ормандар, таулар мен мұхиттар. Біз бәріміз бірдей элементтерден жасалған.Табиғатта ақыл, тірі организм бар, бұл машина емес. Бұл өлі тастар емес, бұл мықты организм», -деді ол.

Оның пайымынша, табиғат жануарлар, жәндіктер, ормандар, микроорганизмдер – біздің ата-бабаларымыз. Үлкен жарылыс кезінде ештеңе болмады, жай газ бен су болды. Миллиардтаған жылдан кейін микроорганизмдер, жәндіктер, жануарлар мен адамдар пайда болды. Олардың барлығы-біздің ата-бабаларымыз, біз ешқандай жолмен бөліспейміз, бізді бөлуге болмайды.

«Санадағы алғашқы өзгеріс-бұл біз табиғат екенімізді түсіну. Сонда біз табиғатпен не істеу керектігін және оның бізбен не істейтінін түсінеміз. Егер біз суды ластасақ-оны ішіп, ауаны ластасақ-онымен дем аламыз. Егер біз климатты өзгертсек, біз жаһандық жылынудан зардап шегеміз. Мұхит деңгейі өсуде-біз зардап шегеміз», -деді Сатиш Кумар.

Сонымен қатар, ол діндердің, ұлттардың, мәдениеттердің, тілдер мен түрлердің әртүрлілігіне қарсы күреспеу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, басты мәселе-осы әртүрлілікке құрметпен қарау.

Айта кетейік, Орталық Азиядағы Nobel Fest Live фестивалінің негізгі миссиясы Орталық Азиядағы ғылыми және білім беру ортасын жақсарту болып табылады. Жоба жас ғалымдардың тұтас бір буынын жаңа жаңалықтарға, жетістіктерге шабыттандыруға және олардың әлеуетін іске асыруға бағытталған. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Nobel Fest Live аясында 4 күн бойына Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген студенттер мен жас ғалымдарға платформаға шектеусіз қол жетімділік беріледі, онда олар Нобель сыйлығының лауреаттарымен және әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрнекті ғалымдармен нақты уақыт режимінде байланыса алады. Орталық Азиядағы Nobel Fest Live фестивалін Инклюзивті даму қоры (IDF), ҚР тұңғыш президенті кітапханасы және G-Global халықаралық хатшылығы ұйымдастырды.

Барлық жаңалықтар