• Басты
  • Голлувудтық жеті фильм қазақ тілінде сөйлейді
20 Ақпан, 2020 18:09

Голлувудтық жеті фильм қазақ тілінде сөйлейді

Ел астанасында биыл кинотеатрларда қазақ тілінде шығатын Disney студиясы картиналарының таныстырылымы өтті. Бұған дейін 33 фильмді дубляждаған "Болашақ" корпоративтік қоры тағы да 7 голливудтық фильмді қазақ тілінде сөйлетпек. Олардың қатарында аты аңызға айналған жауынгер Мулан, жас гений Артемис Фаул, сиқырдың соңғы іздерін іздеуге шыққан ағайынды эльфтер туралы фильм бар. Жиынға қатысқан "Болашақ" қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова қазіргі таңда  2018 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде дыбысталған фильмге келетіндердің саны үш есеге артқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Голлувудтық жеті фильм қазақ тілінде сөйлейді
"Біз бұл жобаны 9 жылдан бері жүзеге асырып келеміз. Біздің мақсатымыз - әлемдік киноларды қазақ тілінде сөйлету. Себебі кинотеатрдағы шетелдік киноларды қазақ тілінде көруге әрбір қазақстандықтың құқығы бар. Сонымен қатар сүйікті фильмін ана тілінде көруге мүмкіндігі де болуы керек. Әсіресе, біздің балаларымыз, немерелеріміз киноны қазақ тілінде көріп өсуі тиіс. Бүгінгі күні өткен жылдармен салыстырғанда біздің көрермендеріміздің саны үш есеге өсті. Әрине, орысша нұсқасын тамашалайтындардың санымен салыстыруға келмейді. Үлкен айырмашылық бар. Дегенмен осындай өсім көрсеткеніне қуаныштымын", - деді кеңес төрайымы.

Сонымен қатар ол қазақша дыбысталған фильмдерді кинотеатрлардан көрсету жөніндегі мәселеге тоқталды. Оның сөзінше, үкіметке ұсыныс жасалған. Осылайша ол болашақта қазақ көрермендері қазақша дыбысталған фильмдерді өздері қалаған уақытта көре алу мүмкіндігіне ие болатынына сенім білдірді.

"Біз 2018 жылы киноға қатысты заң жобасына кинотеатрларға салықтық жеңілдіктерді енгізуді ұсындық. Иә, орысша нұсқасына көп көрермен баратыны даусыз. Бірақ біз үкімет, мемлекет тарапынан ынталандыру үшін шаралар қолдау керек деп ойладық. Сөйтіп біз "Нұр Отан" партиясымен бірлесе отырып, ҚР үкіметіне дыбысталған киноны көрсетуді қолдау және азаматтардың кинотеатрда қазақ тілді контентке тең дәрежеде қол жеткізу үшін ұсыныстар жасадық.  Біздің ұсыныстарымыз бойынша ҚР премьер-министрінің шешімі шықты. Ол уәкілетті органдарға біздің мәселеміз бойынша тапсырма берді. Болашақта біздің балаларымыз сүйікті киносын өздері қалаған уақытта көре алады деп сенем", - деді "Болашақ" қоры Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Шәйжүнісова.

Сондай-ақ оның сөзінше, "Дисней" ұжымы қордың қазақша сөйлеткен фильмдердегі дубляжды өте жағары бағалаған.

20.02.20 Конференция «ӨЗІҢНЕН БАСТА» PRINT -4.jpg

Ал жоба режиссері Шах-Мұрат Ордабаев жобаның тағы бір жаңалығымен бөлісті.  

"Сонымен бірге тағы бір жаңалығымыз - киноның ішіндегі қаламмен, қарындашпен жазылған ағылшын сөздері енді қазақ тілінде болады. Осы орайда, бір қызықты сәт туралы айтып бергім келеді. Бір фильмде басты кейіпкерлер хатты оқыды. Хат қолмен жазылған. Сол хатты қолмен жазу үшін де кастинг өткіздік. Біздің ұжымның бәрі -продюсер, редакторлар, актерлар жазуларын ұсынды. Солардың ішінен ең әдемісін таңдап алдық. Оны кинодан көресіздер", - деді ол. 

Сондай-ақ BI Development бас директорының қаржы жөніндегі орынбасары Қайрат Шаяхметов бұған дейін 15 фильмді аударып, дыбыстауға 800 млн теңгеге жуық қаражат бөлінгенін атап өтті. Оның айтуынша, аталмыш компания болашақта мұндай жобаларды шама келгенше қолдауға, қазақ тілді контенттің дамуына ықпал етуге ниетті екенін білдірді.

"Қазақ тілі  - біздің байлығымыз, халықтың рухы, тарихи және мәдени құндылығы. BI Group холдингі үш жылдан бері "Өзіңнен баста" жобасын қолдап келеді. Осы уақытқа дейін 15 фильм аударылып, дыбысталды. Оған 800 млн теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Қаржылай көмек бере отырып, біз тек қана ана тілімізді дамытуға қаражат жұмсамаймыз. Сонымен қатар белсенді түрде әлеуметтік қайырымдылық қызметімен айналыса отырып, біздің компаниямыз қазақстандық балалар үшін сапалы шетелдік киноконтентпен танысуға мүмкіндік береді. Болашақта да осындай жобаларды қолдауға, қазақ тіліндегі контентті дамытуға үлес қосуға тырысатынын", - деді Қайрат Шаяхметов.

Сонымен қатар бұл фильмдердің кинотеатрлардан көрсетіліп болғаннан кейін, қазақтандық телеарналардан да деген тілегін жеткізді. 

"Aray Media Group" студиясының бас продюсері Айгүл Байбек алғашқыда мамандардың тапшылығы қатты білінгенін атап өтті. Оның айтуынша, осы жоба дубляж саласының мамандарын қалыптастырды.

"Біздің саладағы басты проблеманың бірі - мамандардың жетіспеуі. Себебі түрлі кезеңдерден өттік. Бір жылдары кино саласында да тоқырау болды. Жүргенов атындағы өнер академиясында да бір кездері мамандық болды, ал бір кездері абылып қалды. Себебі сұраныс болған жоқ. Қазір бізде жұмыс істейтін мамандардың бәрі ысылған. Бірге 21 фильмнің дубляжын жасадық. Қазір алғашқыдағыlай емес, актерлар маман болып қалыптасты. Дисней өкілдері келіп, жұмыс істейтін жермен танысты. акустикасын тексерді. Бәрі талапқа сай болғандықтан, жұмыс істеуге рұқсат берді. Міне, осындай ауқымды жұмыс жүргізілді", - деді продюсер. 

Ал жобаның редакторы Еркебұлан Әбдірахман фильмдегі аударманы көркем-әдеби аудармамен шатастырмауға шақырды. Сонымен қатар аудармашыға қойылатын талаптар жөнінде айтып берді.

"Киноада жасалатын аударманы көркем-әдеби аудармамен шатастыруға болмайды. Киноның тілі ешқашан көркем-әдеби аударма бола алмайды. Кино өмірімізге жақын. Киноның тілі - өмір тілі. Біз мәтінді аудармашыға берер кезде мынадай талап қоямыз. "Егер кинодағы кейіпкер қазақ болса, қалай сөйлер еді. Соны өз ойыңыздан өткізіп, сосын аударыңыз" деп айтамыз. Сонымен қатар біздегі жас адамның үлкен кісіге сөйлеуі, не болмаса қарттың кішіге сөйлеу мәдениетін назарға аламыз", - деді ол.

20.02.20 Конференция «ӨЗІҢНЕН БАСТА» PRINT -1.jpg

Сондай-ақ оның айтуынша, мәтінді кейіпкердің сөйлеу қимылына сәйкестендіріп аудару - үлкен жұмыс. Өйткені ағылшын тілінің де, қазақ тілінің де өз ерекшлеіктері бар дейді ол.  

"Сондай-ақ мәтінді үйлестіру деген бар. Мәселен, фильмдегі кейіпкер "а" әрпін сөзін айтып жатса, біздің дубляждағы сөзіміз де соған сәйкес келуі керек. Сонымен қатар ағылшын тілділер тез сөйлейді және сөздері көбінесе бір, екі, үш буыннан тұрады. Міне, осының бәрін мәтінді үйлестіру кезінде қарастырамыз. Бұдан басқа актерге айтуға жеңіл болу жағын да назарда ұстаймыз. Сонымен бірге продюсердің, режиссердің ескертпелерін де есте ұстаймыз",- дейді Еркебұлан Әбдірахман. 

Өткен жылы жоба аясында дубляж жасаған фильмдердің көбісі музыка жанрында. Режиссер Шах-Мұрат Ордабаевтың айтуынша, дыбыстауға қанша уақыт жұмсалса, музыкаға да сонша уақыт жұмсалады. Осы орайда ән мәтінін жазған ақын Рахат Әбдіраман дыбыстайтын шетелдік музыкаға мәтін жазудың ерекшеліктеріне тоқталды. Сонымен қатар ән мәтінін аудару кезінде ұстанатын басты талаптар жөнінде айтып берді.

"Дисней фильміндегі әндерге сөз жазғанда түрлі стильдегі, түрлі бағыттағы, түрлі жанрдағы әндермен кездесеміз. Олар әндерінде аз сөзге көп мағына сыйдыра алады. Біз кеңінен, сөз тіркестерімен сөйлеп үйренгенбіз. Әнді аударған кезде үш талап бар. Біріншісі, әр жолдағы мағынасы сақталуы керек. Екіншіден, әннің сөзі әнге жату керек. Үшіншіден, қарапайым тілмен айтқанда, фильмдегі кейіпкер аузын ашса, аузын ашатын сөз тау керек, ал жапса, жабатын сөз табу керек. Көбіне ән сөздеріне қатысты сын айтылып жатады. Осымен бұл жұмыстың оңай еместігін айтқым келеді. Сонымен қатар бірнеше нұсқасы жазылады. Ішінен біреуін таңдап  аламыз. Жалпы шабытты істеп жатқан жұмысымнан аламын", - деді рахат Әбдіраман.

Айта өтейік, "Өзіңнен баста" жобасының басты мақсаты - Қазақстан азаматтарына әлемдік студиялардың контентін ана тілінде қолжетімді. Бүгінде аталған жоба аясында голливудтің 33 фильмі қазақ тілінде дыбысталды. 

Назерке  Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды