• Басты
  • Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда

Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда

25 Желтоқсан, 2020 21:14

Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында жүріп жатқан үгіт-насихат жұмыстарының 16-күні. Партия өкілдері қандай кездесулерге барғанын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


«Ақжол» партиясы: Қостанайдағы кәсіпорын ұжымымен кездесу

«Ақ жолдықтар» Қостанайда «Агрофирма Ирина и К» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Кәсіпорынның негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, шұжық, балық өнімдерін және консерві өнімдерін сериялық өндіру және өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс. ​Кәсіпорын жүздеген отбасына жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр, мемлекет қазынасына жүздеген миллион теңге салық төленеді. Серіктестік ұжымы кредиттік рақымшылық жасау, екінші деңгейлі банктердің кредиттік мөлшерлемесін төмендету, коммуналдық қызметтерге тарифтерді төмендету, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық, халықтың аз қамтылған топтарын мемлекетпен қолдау және басқа да көптеген мәселелерді көтерді. Осындай кездесулер «Қостанай Су» МКК, «АБЗ плюс» ЖШС, «Титан» ЖШС, «МегаСтрой» ЖШС және басқа да ұжымдармен өткізілді.

Ауыл партиясы: Алға ауданының тұрғындарымен кездесу

Бүгін «Ауыл» партиясының мүшесі «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов Ақтөбе облысы, Алға ауданына барды. Ол «Реимкул» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті. «Реимкул» ШҚ - астық өндірумен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын Алға ауданының ірі агрофирмасы. Кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, орташа жалақы деңгейі 120 мың теңгеден асады. Қайрат Айтуғанов ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жұмыс беруші кәсіпорынның табыстылығына, мал басының өсуі мен өсімдік шаруашылығындағы өнімділігіне байланысты екенін атап өтті. Осы аспектіде ҚазАТУ басқарма төрағасы «Реимкул» ШҚ ұжымына Қазақстанда сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып танаптарды зондтау туралы айтты.

 «Nur Otan» партиясы: Штаб Ақтөбе облысына барды

«Nur Otan» партиясының өкілдері Ақтөбе облысына келді. Партия мүшелері қала және ауыл тұрғындарымен, өнеркәсіптік кәсіпорындар ұжымдарымен, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдерімен көптеген кездесулер өткізді. Ақтөбе қаласының дәрігерлерімен кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі басымдықтары талқыланды. Ақтөбе облысында партия консультативті-диагностикалық бөлімі бар перинатальдық орталықтың, туберкулез диспансерінің, Қарғалы қалалық ауруханасы мен қалалық балалар клиникалық ауруханасына іргелес жапсаржайлар құрылысын аяқтауға ықпал етпек. Сондай-ақ, «Nur Otan»  өкілдері Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда мектеп салу, көшелерді жарықтандырып, сумен қамту жүйесін кеңейту жоспарлануда. Сапар барысында нұротандықтар темірбетон өнімдерін шығаратын Ақтөбедегі «СтройДеталь» зауытына барып, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

«Халық» партиясы: Штаб теміржолшылармен кездесті

Қазақстан Халық партиясы өкілдері «ҚТЖ» ҰК» АҚ Павлодар бөлімшесінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, партия өкілдері жергілікті тұрғындармен де кездесті. Онда азаматтарды әлеуметтік қолдау, жер, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Кездесу барысында несие рақымшылығын жасау мәселесі де талқыланды. кандидат Ғабит Жаукебаев Жезқазған қаласының (Қарағанды облысы) сайлаушыларымен кездесу өткізді. Ол ҚХП-ның сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі он бастаманы түсіндірді. Жезқазған – моноқала. Демек, шикізаттық экономикаға бағдарланған шаһар. ҚХП шикізаттық экономикадан алыстап, ғылыми-техникалық қызметті, жоғары технологиялар мен цифрлық сервистерді дамыту, медицина деңгейін арттыру, инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

«Adal» партиясы: ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесу

Кездесу басында ЕҚЫҰ / ДИАҚБ миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански ADAL саяси партиясының өкілдеріне қабылдау үшін алғыс айтып, миссияның негізгі тобының мүшелерімен таныстырды. Партия өкілдері ребрендинг, ADAL партиясының құрамы, оның бағдарламасы және партияның міндеттері туралы бірқатар сұрақ қойды. Партия өкілдерінен толық жауаптар алғаннан кейін тараптар бүкіл сайлау кезеңі ішінде белсенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты. Партия өкілдері өзара әрекеттестіктің тиімділігін айтты. Ярослав Доманскидің айтуынша, басты міндет – Қазақстанның белгілі бір міндеттері болғандықтан, осы жерде болған кезде бұл процестің халықаралық нормаларға қаншалықты сәйкес келетінін талдау. Партия өкілдері мен кездесуге келген азаматтар әріптестік туралы сөйлесті.

Барлық жаңалықтар