• Басты
  • Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы

Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы

23 Желтоқсан, 2020 18:03

Бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңындағы партиялардың үгіт-насихат жұмыстарының 14-күні. Партиялардың сайлауалды штабтары өңірлерде кездесулерін жалғастыруда. Он төртінші күннің қорытындысын Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.


"Adal" партиясы: Ақтөбе мен Ақмола облысындағы тұрғындармен кездесу

«ADAL» партиясы мүшелері Ақтөбе мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Ақтөбе облысында сайлаушылармен кездесулерді Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Лаура Маликова, Ләззат Шыңғысбаева және партия өкілдері - Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев жалғастырды. Ақтөбедегі кездесуге бизнес өкілдері, жастар және түрлі ұйымдардың қызметкерлері келді. Партия мүшелері партияның негізгі басымдықтарын айтып, сайтты қолдану туралы түсіндірді. Елді-мекендердегі кездесулерде кездесуге келген тұрғындар ашылған кәсіпті аяққа тұрғызуға арналған мемлекеттік несие, балаларды бала-бақшаға қабылдаудағы жас ерекшелігі, мектеп мұғалімдеріне түсірілетін жүктемелердің көптігі жайынды айтты. Кездесулер онлайн форматта та жалғасын тауып жатыр.

photo5411455065937523088.jpg

"Ауыл" партиясы: Түркістан облысының фермерлерімен кездесу

Бүгін «Қуан» ШҚ базасында «Ауылдан ауылға» акция аясында «Ауыл» партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері - үміткерлер Қарлығаш Аралбекова мен Болатбек Қыстауов Түркістан облысының фермерлерімен кездесіп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Ауылдықтар фермерлерге тамақ өнімдерінің физикалық, экономикалық қолжетімділігі мен азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығын айтты. Фермерлер ауыл шаруашылығындағы субсидиядан толық бас тарту идеяларына алаңдаушылық білдірді. Олардың пікірінше, табиғи-климаттық жағдайларға тәуелділігі жоғары тәуекелді егіншілік аймағында орналасқан біздің еліміз үшін бұл апатты салдарға әкеледі. Фермерлер субсидиялау түрлері мен бағыттарын оңтайландыру, олардың тетіктерін жеңілдету және қаржыландыру көлемін ұлғайту бойынша партия өкілдерінің ұсынысын тыңдады.

photo-2020-12-23-16-17-07.jpg

 "Ақжол" партиясы: Семейдегі кездесулер

Ақжол фракциясының өкілдері Семейдегі «Казполиграф» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын Қазақстан, жақын және алыс шетелдерге арналған қаптама өнімдерін шығарады. Кездесуге қатысушылар кәсіпорындар бәсекелестігі, отандық өндірушілерге қолдау көрсету, әлеуметтік саладағы бастамалар жайлы сөз қозғады. Ақжолдықтар салықтық рақымшылық, шағын және орта бизнесті төлем қабілеттілігін толық қалпына келтіргенге дейін салықтан босату, салалық мөлшерлемелерді төмендету, ҚР ҰБ базалық пайыздық мөлшерлемені 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен ЕДБ несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету сияқты ұсыныстарға егжей-тегжейлі тоқталды. Кәсіпорынның басшысы өз сөзінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінетін бюджет қаражатын мемлекеттік тапсырыстарға ашық түрде бөлу керектігіне назар аударды.


"Халық" партиясы: Қарағанды жұмысшыларымен кездесу

Қазақстанның «Халық» партиясының өкілдері үгіт-насихат шаралары аясында Қарағанды қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Сайлаушылармен болған әңгіме барысында сайлауалды штаб белсенділері Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді. Кездесуге қатысушылар партия ұсынған мемлекет дамуының әлеуметтік векторын тыңдады. Пікір алмасты. Сонымен қатар штаб активі «Стройка и К» ЖШС құрылыс фирмасының қызметкерлерімен кездесті. Партия мүшелері мен фирма қызметкерлері әлеуметтік бастамаларды орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ал Қарағандыдағы политехникалық колледж оқытушыларымен болған кездесуде білім алудың қолжетімділігі туралы, мұғалімнің мәртебесі мен оның материалдық жағдайын жақсартуға арналған бағдарламалар талқыланды.

KRG231220Kolled.jpeg

"Nur Otan" партия: Атырау мұнайшыларымен кездесу

Штаб мүшелері Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Олар экология, жұмыспен қамту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. мәселелерін талқылады. Өңір тұрғындары үшін тағы бір маңызды мәселе – экология. Ластаушы шығарындылар көлемін 12%-ке төмендету үшін бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту міндетін қойып отыр. Бұдан соң сайлауалды штаб мүшелері қоғамдық ұйым өкілдерімен, паралимпиадалықтармен және басқа да ерекше қажеттілігі бар белсенді азаматтармен кездесті. Ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, қоғамда ынтымақтастық ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспары нақтыланды. Өңірде жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмек көрсету мәселелері жөніндегі орталықтар ашу жоспарлануда.

WhatsApp Image 2020-12-23 at 18.11.26 (1).jpeg

Барлық жаңалықтар