• Басты
  • Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды

Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды

7 Қаңтар, 2021 17:30

Осы аптада өтетін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлау алдындағы үгіт-нсихат жұмыстары бүгін де жалғасты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

 


«Adal» партиясы: Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесу

 «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер бизнес өкілдерімен, кәсіпорындар, фермерлер, білім беру қызметкерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері, зейнеткерлер және жастармен Нұр-Сұлтан қаласында кездесулер өткізді. Мәжіліс депутаттығына үміткер Алина Асқарова мен қалалық мәслихатқа үміткер Әбжанов Серікбол елорда жастарымен және кәсіпкерлерімен егжей-тегжейлі әңгімелесті. Кездесуге қатысушылардың бірі ADAL-дан бизнес мәселелерін шешуге көмектесуін сұрады: «Карантин кезеңінде көптеген кәсіп іс жүзінде тоқтады. Шектеу кәсіпкерлерге зиян тигізді. Өз ісін енді бастағандар әсіресе зардап шекті. Партия қиын кезеңдерде және жұмысының алғашқы жылдарында бизнесті қолдаудың тиімді шараларын алға тартса жақсы болар еді », - деді. Алина Асқарова проблемалық несиелерге рақымшылық жасау, жеңілдетілген несие беру және басқа да шаралар туралы партия бағдарламасы негізінде айтып берді.

photo5456245810988691249.jpg

 «Ауыл» партиясы: Шаруа қожалық ұжымдарымен кездесу

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық мәслихаттарына кандидаттары бастаған «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының үгіт-насихат тобы «Азия Тарангул» ЖШС-да болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер және облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар Павлодар, ШҚО, СҚО, Түркістан облыстарында шаруа қожалық ұжымдарымен және іскер әйелдермен, көпбалалы аналармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесуде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен деңгейі туралы айтылды. Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Набережное ауылында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Арсютин Н.Г., Павлодар облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Аманжолов Б.А., Тоқтушаков Е.Ч., «Ауыл» ХДПП қоғамдық бірлестігінің сенімді өкілдері Байгурманов Е.Н., Батыршаев А.О., Жексенби М.А. «Андас» шаруа қожалығының ұжымымен кездесу өткізді.

photo5456373212603592629.jpg

 «Ақ жол» партиясы: Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін «Ақ жолдың» республикалық штабында «Полемикалық экономика» жинағының тұсаукесері өтті. «Ақ жол» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2016 жылғы жұмысы, оның парламенттік фракциясының қызметі туралы материалдар жинағы «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат науқаны аясында екі бөлімнен тұратын жинақ ретінде жарық көрді. Жинақта «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтің сөйлеген сөздерінің, жарияланымдарының авторлық мәтіндері, фракцияның депутаттық сауалдары қамтылған. Жинақта «Ақ жол» партиясының негізгі бағдарламалық бағыттарына жеке-жеке тоқталып өтілген: кәсіпкерлікті қолдау, қазақстандық қоғамды демократияландыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б. Перуашевтің айтуынша, «Полемикалық экономика» жинағы экономистер мен саясаттанушыларға, қазіргі Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылыс үрдістеріне, сондай-ақ еліміздің бүгіні мен болашағы туралы пікірталастарға қызығушылық танытатын әрбір адамға қызықты болуы мүмкін.

photo5454097575721414789.jpg

 «Nur Otan» партиясы: Штаб Павлодар облысына келді

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді. Партия өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде бағдарламасын талқылады. «Nur Otan» партиясы облыста кемінде 45 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 100-ден астам ауылдың 45 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, 1,6 мың км автожолды жөндеу, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға 9 мың пәтер ұсына отырып, 2 млн. шаршы метр тұрғын үй салу секілді жобаларды міндет етіп қойып отыр. Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде сайлауалды штаб мүшелері білім беру саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Бүгін сондай-ақ, партия өкілдері Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың айтуынша, Черноярск ауылдық округіндегі түйткілді мәселенің бірі – ауыл ішіндегі жолдардың сапасы. Партия аудандық сайлауалды бағдарламаға Новочернояркадағы жолдарға жөндеу жүргізуді енгізді.

photo5456596855845662580.jpg

Қазақстанның «Халық» партиясы: Алматыда өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Алматыда Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының кеңсесінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен партия көшбасшыларының онлайн конференциясы өтті. ҚХП мүшелері сайлау науқанының аралық қорытындысын шығарып, алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауына дайындық жөніндегі жұмыс жоспарын талқылады. Өзекті мәселелерді талқылауға Қазақстан Халық партиясы көшбасшыларының бірі Жамбыл Ахметбеков қатысты. Жамбыл Ахметбеков әріптестеріне ҚХП сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі несие рақымшылығын жүргізу туралы ұсыныс екенін еске салды. Ол барлық несиелердің, әсіресе сән-салтанат заттарына, тойларға және сапарларға алынған несиелердің кешірілуіне қарсы екенін білдірді. Пандемияға дейін адал салық төлеген, бірақ шектеу шараларының салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған кәсіпкерлерге рақымшылық жасау туралы ұсынысын айтты. Кездесуге келгендер де өз ойларымен бөлісті.

photo5453916542849889052.jpg

Барлық жаңалықтар