• Басты
  • Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу

Үгіт-насихат жұмыстары: Өңірлердегі кездесулер, алғаш дауыс берушілермен жүздесу

21 Желтоқсан, 2020 16:48

10 желтоқсанда басталған Мәжіліс пен мәслихатқа үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарының бүгін 12-күні. Кездесулер мен партия өкілдері талқылаған мәселелер Strategy2050.kz тілшісінің материалында.


«Nur Otan» партиясы: Штаб Қызылорда облысына барды

photo5406614676449636507.jpg

 Партияның Республикалық сайлауалды штабы Қызылорда облысына келді. Олар білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұжымымен, жастармен 15-ке жуық кездесу өткізді. Партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбектің айтуынша, еліміздің өңірлері, қалалары мен аудандары бойынша жұмыспен қамту, базалық әлеуметтік қызметтер мен әртүрлі мемлекеттік қолдау шараларына қолжетімділік мәселелерін қамтитын Гендерлік қажеттіліктер картасы әзірлеу жоспарда бар. Партия азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, экологиялық мәселелерді шешу, табиғатты қорғау мәдениетін күшейту жайына жіті мән беріп, оған маңызды міндеттерінің бірі ретінде басымдық беріп отыр.

 «Adal» партиясы: Шығыс Қазақстан облысындағы кездесу

photo5404640889869021343.jpg

«Adal» саяси партиясының өкілдері Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева, Лаура Маликова, Алина Асқарова, Игорь Шацкийдің Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қ.Кайсенов ауылының тұрғындарымен кездесулері барысында талқыланды. Кент тұрғындары бағдарламаның азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы ережелерін, бизнесті дамыту бойынша ұсыныстарды оң қабылдады. Өйткені, бұл бағыттар олардың көптеген қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Мәжіліс депутаттығына үміткер Ләззат Шыңғысбаева Көксу өңірінің Балпық-Би ауылының тұрғындарымен кездесті. Олжас Ордабаев проблемалық несиелерге рақымшылық жасау туралы айтты. Партия өкілдері кездесуге жиналған азаматтардың пікірлерінн тыңдады.

 «Халық» партиясы: Өскемен фермелерімен кездесу

WhatsApp Image 2020-12-21 at 10.46.40.jpeg

 Өскеменде Қазақстан Халық партиясы өкілдері мен өңірдің фермерлері және аграрилерімен өткен кездесуінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. ҚХП депутаттығына үміткер Ирина Смирнова мен Жамбыл Ахметбеков еліміздің ауыл шаруашылығын, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шаралары туралы сөз қозғады. Партия өкілдері орта және шағын қожалықтар мен фермалардан тұратын агрокластерлердің тиімділігін айтты. Сонымен қатар олар Қазақстанның бірегей аграрлық әлеуетін де атап өтті. Соны пайдалана отырып, тиімді сауда саясатын құрып, саланы шикізаттық экономикадан өндіруші экономика моделіне ауыстыруға болатынын да айтты.

 «Ақжол» партиясы: Жас сайлаушылармен кездесу

4f37a1f2-4840-4bc5-985c-eebe2ec3b9c0.jpg

 Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы өз сайлаушыларымен кездесуді Нұр-Сұлтан қаласының жас сайлаушыларымен кездесумен жалғастырды. Олар партияның құрдастары екен. Биыл «Ақжол» партиясы мен кездесуге келген жастардың жасы 18-де. Іс-шара жаңа технологияларды әзірлеумен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей бойынша тауарларды жеткізумен айналысатын «KBT Store» компаниясында өтті. Компанияда 18-35 жас аралығындағы 1200 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынды «100 жаңа есім» байқауының жеңімпазы, Мәжіліс депутаттығына кандидат, «ақжолдық» Азат Сембинов басқарады. Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының құрдастарын өмірлеріндегі алғашқы сайлаумен құттықтады.

 «Ауыл» партиясы: «Астана электртехникалық зауыты» жұмысшылармен кездесу

фото ауыл.JPG

Бүгін «Ауыл» партиясының үгіт-насихат тобы «Астана электротехникалық зауытының» жұмысшыларымен кездесті. Алдымен зауыт директоры А.Сыздықов депутаттыққа кандидаттарды зауыт жұмысымен таныстырды. Ол Қазақстан экономикасының барлық салалары үшін сапалы және қажетті электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша зауыт тұрақты жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Мұндағы жоғары білікті мамандар жобалаудан бастап монтаждауға дейінгі бүкіл процессті атқарып жатқандығын айтты. Қызметкерлер саны 160-тан астам адамды құрайды. Шығарылатын өнім түрлері 60-қа жуық атаудан тұрады. Қазіргі уақытта зауыт электр өнімдерін отандық өндіруші ретінде мемлекеттік тізілімге енгізілген.

Барлық жаңалықтар