• Басты
  • Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
4 Желтоқсан, 2019 16:08

Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
 Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Канцлер Ангела Меркельмен жүргізетін алдағы келіссөздер, екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы жөнінде айтты.

« Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі. Германияның Орталық Азия елдерімен жасайтын сауда-саттығының 86 пайызы Қазақстанға тиесілі. Сапар барысында құны шамамен екі миллиард доллар болатын келісімдер мен меморандумға қол қойылады деп үміттенемін.Жалпы, Қазақстан мен Еуропалық одақтың қарым-қатынастары өте жақсы. 2018 жылы Қазақстанның Еуроодақпен жасаған сауда көлемі 37 миллиард доллардан асты. Бұл – еліміздің бүкіл сыртқы сауда айналымының жартысы. Біздің экономикамызға салынған Германия инвестициясының 80 пайыздан астамы шикізат емес секторға тиесілі. Бұл өте маңызды.Германия машина жасау, ресурстық материалдарды өңдеу және басқа да салалар бойынша әлемдік көшбасшы саналады. Сондықтан біз бұл елмен ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Барлық мүдделі салаларды әлеуеті зор неміс инвесторларына ұсынатын боламыз. Сонымен қатар оларға ерекше жағдай жасап, оншақты арнайы экономикалық аймағымыздан орын береміз», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстанның ішкі саясатына қатысты да бірқатар мәселе сөз болды. Атап айтқанда, саяси жүйе және экономикалық құрылыс моделінің – ресейлік пе әлде еуропалық па – қайсысы еліміз үшін жақын деген мәселеге Қасым-Жомарт Кемелұлы өзіміздің қазақстандық үлгіге бейілділік танытатынын айтты.

«Біз өзіміздің үлгіні жасауға тырысамыз. Демократияны дамытуға ұмтыламыз. Айтпақшы, кейбір журналистердің әртүрлі пікірлеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында демократия бар. Елімізде біз қолдау көрсетіп отырған 3500-ден астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері, блогерлер, экономистер енген. Мен олармен үнемі ақылдасып, кеңесіп отырамын. Дoing business (бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау сапасын анықтайтын Бүкіләлемдік банк индексі) көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 25-орында. Бұл коэффициент бойынша Ресейден алда тұрмыз», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің сыртқы саяси бағдарының басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Айта кетейік, Deutsche Welle (неміс. Неміс толқыны) немесе DW – жұмысын 1953 жылдың 3 мамырында Кельннен қысқа толқындық радио арнасы ретінде бастаған неміс мемлекеттік халықаралық теле және радио компаниясы. Қазіргі кезде «DW» 30 тілде, соның ішінде неміс, ағылшын, орыс, испан, француз, түрік, араб және т.б. тілдерінде хабар таратады. До́йчевэ́ленің ағылшын тіліндегі 24 сағаттық теледидарлық жаңалықтар арнасы бүкіл әлемге таралады және 197 миллионнан астам аудиторияны қамтиды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды