• Главная
  • Геннадий Шиповских: Жолдау халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған
1 сентября, 2020 16:16

Геннадий Шиповских: Жолдау халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Бұл Жолдауда экономикалық және әлеуметтік маңызы бар тақырыптар айтылды. Сондай-ақ бірқатар мәселелер көтерілген болатын. Осы Жолдауға байланысты Парламент Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповскихтен пікір алған болатынбыз.

Геннадий Шиповских: Жолдау халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдаған бүгінгі Жолдауы өте ерекше деп есептеймін. Өйткені бұл Жолдауда көптеген маңызды дүниелер қамтылған. Атап айтатын болсақ, бұл негізінен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге және экономикамызды нығайтуға бағытталған. Осы Жолдаудағы тағы бір назар аударатын жайт, бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарын одан сайын дамыту. Байқағандарыңыздай, бұл салаға Президент ерекше мән беріп отыр, - дейді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Мемлекет басшысы бұл Жолдауда бүгінгі заман талаптарына сай экономикалық даму, өнеркәсіптерді дамыту, шағын әрі орта бизнесті арттыру сынды бірқатар бастамаларды көтерген болатын. 

– Сондай-ақ бүгінгі таңда көлік-логистика кешені - бұл біздің транзиттік логистикалық потенциалымыз. Себебі біздің еліміз әрқашан логистикалық жағынан тиімді болып келді. Сол себепті қазіргі кезде де әлемдік аренада көлік-логистика кешенін артқа қалдырмауымыз қажет. Тағы бір айта кетерлігі, Президент экология мәселелеріне жеке тоқталып кетті. Жалпы өзім Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болғандықтан бұл тақырып маған өте жақын. Осы бағытта айтылған мәселелер өте орынды. Менің ойымша, осы экология мәселелерін алдыңғы орынға қою алдағы уақытта еліміздің фаунасына, жалпы табиғатына өзінің үлкен рөлін тигізетін болады. Бұл өте маңызды дүние деп есептеймін, - деп сөзін түйіндеді Геннадий Шиповских.