• Басты
  • Г.Қарақұсова: ЕЭО мен ҚХР аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады
22 Қаңтар, 2020 11:05

Г.Қарақұсова: ЕЭО мен ҚХР аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасы аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады. Бұл туралы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында депутат Гүлжан Қарақұсова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Г.Қарақұсова: ЕЭО мен ҚХР аумағында кедендік операцияларды орындау процесі жылдамдатылады

"Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдағы туарлар мен көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасау туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР заң жобасын қаралуда. Аталған заң жобасы мәжіліске үкімет қаулысымен 2019 жылы 31 желтоқсанда енгізілді. Бұл келісім ақпарат алмасуды жүзеге асыру және Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР аумағында кедендік операцияларды жылдамдатуға ықпал етпек", - деді депутат. 

Оның айтуынша, Қаржы және бюджет комитеті аталған заң жобасы бойынша 2020 жылғы 24 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын. 

Сонымен қатар Гүлжан қарақұсова Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР заң жобасына тоқталды.

"Аталған заң жобасы мәжіліске үкімет қаулысымен 2019 жылы 30 желтоқсанда енгізілді. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына тауарлар, соның ішінде үшінші елдерден импортталатын тауарлар айналымын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған келісімді ратификациялау мақсатында әзірленген. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2020 жылғы 2 маусымға дейін қорытынды әзірлеуге дайын" - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Гүлжан Қарақұсова 2012 жылғы 3 мамырдағы Люксембургте қол қойылған хаттамамен енгізілген өзгерістерді енгізе отырып, 2008 жылғы маусымда елордада қол қойылған ҚР үкіметі мен Люксембург ұлы герцогтың үкімет арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмауы және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру туралы хаттаманы ратификациялау туралы ҚР заң жобасы бойынша заң жобасы жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, аталған заң жобасы мәжіліске үкімет қаулысымен 2019 жылы 30 желтоқсанда енгізілген.

"Хаттамамен дивиденттердің нақты иесі үкімет немесе орталық немесе жергілікті білік органы, орталық банкі немесе толығымен үкіметке тиесілі кез-келген басқа мекеме болып табылған жағдайда табыс көзі болып табылатын мемлекет дивиденттерді салық салудан босату көзделуде. Жалпы хатттама экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және салық салу бойынша мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі мемлекеттің салық қызметін, ынтымақтастығын кеңейтеді. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша биылғы жылдың 17 маусымына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - деді ол.

Сонымен қатар ол атап өткендей, аталған заң жобасы елімізде инвестиция үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бермек.

Бұдан басқа мәжіліс отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу туралы Экономикалық реформа және және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Нұртай Сабильянов айтып берді. Оның айтуы бойынша, аталған заң жобасы мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. 

"Заң жобасы цифрлық технологияларды енгізуге және дамытуға, сондай-ақ цифрлық технологияларды, блокчейнді, цифрлық активтерді және басқаларды қолдану мен қоғамдық қатынастарды реттеуге, ақпараттық технологиялық жобаларды іске асыру кезінде жағдай жасауға бағытталған. Заң жобасы 38 заңнамалық актіге, оның ішінде 8 кодекске, 30 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді", - деді депутат.

Оның айтуынша, аталған комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға және 2021 жылдың 17 ақпанына дейін қорытынды әзірлеуге дайын.  

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды