• Басты
  • #FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шаралары Шымкенттен бастау алады
26 Ақпан, 2020 17:21

#FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шаралары Шымкенттен бастау алады

Елорда төрінде алты елшіліктің қатысуымен #FrankofonıNaýryzy 2020 маусымына және де Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойына арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында #FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шарасы Шымкент қаласынан бастау алатыны белгілі болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

#FrankofonıNaýryzy 2020 мәдени іс-шаралары Шымкенттен бастау алады

Биыл жылдағыдай #FrankofonıNaýryzy маусымы 1-наурыздан 30-сәуiрге дейiн жалғасып, Бельгияның, Канаданың, Ливаның, Марокконың, Мысыр Араб Республикасының, Францияның және Швейцарияның Қазақстандағы Елшiліктерімен және Қазақстанның Француз Альянстарымен ұйымдастырылмақ.

Жиынға қатысқан Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ Франкофония ұйымының қызметіне тоқталды. 

"Франкония біріншіден гуманизм. Белгілі африкалық жазушысы "Франкофония - барлық континетті, барлық нәсілді біріктіріп, біздің қарым-қатынасымызға жылылық сылайтын интеграцияланған гуманизм" деп баға берген болатын. Бұл ұйымға 88 мемлекет мүше болып отыр. Бұл мемлекеттер өз құндылығын танытуда.  Біздің маңызды құндылықтарымыздың бірі - демократия, адам құқығы. Сондай-ақ білім алу құқығы, бұл біздің коллективті түрде дамуымыз үшін өте өзекті. Сонымен қатар Франция елшілігі үшін маңызды мәселе қатарында қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бар. Бұл тек біз үшін ғана, ғаламдық мәселе", - деді елші.

 Сонымен қатар ол қоршаған ортаны қорғау Франкофонияға мүше елдердің өздері үшін де өзекті екенін атап өтті. Ол болжам бойынша, 2050 жылға қарай әледегі адам саны 7 миллиардқа жететінін тілге тиек етті. Осылайша барлық елді планетаны қорғауға шақырды.

Сондай-ақ оның айтуынша, аталмыш ұйым ғаламдық мәселелерді көтеруде де шет қалған емес. 

"Біз ғаламдық мәселелерді тек француздар болып емес, ұйымға мүше басқа елдермен талқылаймыз. Мәселен, әйелдер құқығы. Осыдан екі жыл бұрын Франкофония жанынан құрылған Франкофониялық әйелдер клубын айтуға болады. Осы ұйым аясында біз түрлі әлеуметтік мәселелрді, қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді талқыға саламыз. Франкофония ұйымына мүше елдер Қазақстанға ірі инвестор елдер қатарында. Экспорт құны 345 млн еуроны құрап отыр. Сонымен қатар айта кету керек, біз Қазақстанға тауар жеткізу жағынан сегізінші орындамыз", - деді Филипп Мартинэ.

Бұдан басқа Қазақстандағы Франция елшісі Франкофония ұйымы аясында өтетін шаралағы тоқталып өтті. Оның сөзінше, Абайдың 175 жылдығына орай да шаралар өткізілмек.

"Сондай-ақ «Франкофон әйелдер қоғам игілігі үшін»-2020 сыйлығының иегерлерін марапаттау мен Франкофон әйелдер клубының кездесуі, Петропавловск қаласындағы Франкофония күндері, «BEST» гимназиясының оқушылары арасында өтетін «Бельгия, бельгиялық комикстер және су» тақырыбындағы сурет салу сайысы ұйымдастырылады. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы Француз Альянстарының  және Өскемен, Қостанай қалаларындағы француз тілі орталықтарының ұйымдастыруымен елшілер арасында диктант өткізіледі.  Диктант барысында ұлы ақын Абайдың француз тіліне аударылған жетінші қара сөзі қолданылмақ", - деді Қазақстандағы Франция елшісі. 

Сонымен бірге жиынға қатысқан Марокконың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абделжалил Саубри да Франкофония ұйымының Мороккодағы орны, рөлі жөнінде ой бөлісті. Оның айтуынша, морокколықтардың көпшілігі француз тілінде сөйлей алады. 

"Біз 1981 жылдан бері Франкофония ұйымына мүшеміз. Біздің елде аталмыш ұйымның қызметі де, француз тілі де жақсы дамыған. Халықтың көп бөлігі француз тілінде сөйлей алады. 40 мыңнан астам студент Франкофония ұйымына мүше елдерде білім алуда. 32 мың студент Францияда оқып жатыр. Біз Франкофония бойынша түрлі іс-шаралар, конференциялар өткізіп тқрамыз. Франкофония тек Франциямен байланыс емес, ол оған мүше елдің барлығымен қарым-қатынас. Біз ортақ құндылықтарымызды, мысалы, толеранттылықты, демкоратияны насихаттау. Біз Франкофония мүше елдермен, ұйыммен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол. 

Айта кетейік, Франкофония – әлемнің 5 құрлығындағы 88 елді және 300 000 000 сөйлеушіні біріктіретін геомәдени кеңістік. Жыл сайын 20-наурыз күні бүкіл әлем бойынша халықаралық Франкофония күні тойланады, ал бұл күн Қазақстандағы Наурыз мерекесін тойлаумен тұспа-тұс келеді. Аталмыш маусымды #FrankofonıNaýryzy деп атаудың мәнісі де осында жатыр. 

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар
100.24.113.182, 192.168.88.100