• Басты
  • ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады
22 Маусым, 2020 09:25

ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады

Ел астанасында өткен жылдың шілде айынан бастап есту қабілеті төмен жандар қызмет ететін "Emoji" кафесі жұмыс істейді. Бұл кафеге келуші қонақтар тапсырысын ым-ишара арқылы береді. Осы орайда карантиннен кейінгі кафенің жағдайын білу мақсатында аталған жобаның негізін қалаушы кәсіпкер Азамат Базыловқа хабарластық. Жоба иесі әңгіме барысында әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісіп, жуырда өзінің қызметкерлері түскен сериал жарыққа шығатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ФОТО: Жақында ерекше жандар түскен отандық сериал жарыққа шығады

Әлеуметтік кафе ашу туралы ой қайдан келді және қызметкерлерді қалай таптыңыз?

Біраз уақыттан бері бизнес ашу туралы ойланып жүргенмін. Құлағы естімейтін ағам бар менің. Осындай мүмкіндігі шектеулі жандар қандай жұмыс істейтіндігі жөнінде көп іздендім. Көпшілігі тігінші, етікші болып жұмыс істейді екен. Ал шетелде мұндай адамдар әлеуметтік кафелерде де қызмет атқарады. Бізде де мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтитындай әлеуметтік кафе неге ашпасқа деген ой келді. Сөйтіп, былтыр шілде айында қолға алдық. 

Менің ағамның құлағы естімейтін болғандықтан, оның өзі секілді таныстары көп. Ол соларға хабарласты, соңында 11 адам жиналды. Алғашында ешкімнің тәжірибесі болған жоқ. Мен оларға күнделікті өздері үйде дайындап жүрген тағамдарды әзірлеуді ұсындым. Ас мәзіріне күнде үйде дайындалатын тамақтарды тізімдедік. Келушілерге біз ұсынған тағамдар ұнай бастады, өйткені көпшілігі жұмыс орнында фаст-фуд секілді тамақтарды тұтынады. Осылайша, біздің тағамдарымыз клиенттер арасында жақсы қабылданды.

4E305EBF-FACA-4BB8-B9E7-15BA0F53E310.JPEG

Кафенің ашылғаны жөнінде біз әлеуметтік желілерде жазба қалдырдық. Осыдан соң бірнеше телеарнадан бұқаралық ақпарат өкілдері хабарласып, сұхбат ұйымдастырып, теледидардан біз жөнінде материалдар шығарды. Бұл бізге үлкен көмек болды, себебі осының арқасында ел арасында танымал бола бастадық. Төрт ай ішінде аяққа тұрып кеттік. Бұған дейін бизнес-жоспар жасаған кезде біздің аяққа тұрып кетуімізге бір жылдай керек шығар деп ойлаған едім. Алайда айналдырған бірнеше айдың ішінде пайда көріп, табыс таба бастағанымызға қатты қуандық. 

Алғаш рет ашылған жерде кафенің басшылығымен бірқатар мәселе туындап, биыл жыл басынан бастап осы жерге көштік. Салдарынан бұрынғы клиенттерімізді де жоғалттық, қазіргі таңда жаңадан бастап келе жатырмыз десем артық айтқандық емес. 

0C940CAA-C39B-47D0-ACCB-4A7F4E162DA4.JPEG

Кафенің атын неліктен "Emoji" қойдыңыз?

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде смайликтерді қолданады, алайда көпшілігі оның мағынасын біле бермейді. Смайлик Жапонияда алғаш рет пайда болған, оны аударған кезде "сөзсіз түсіндіру" деген мағынаны білдіреді. Құлағы естімейтін жандарда айтқысы келгенді сөзді ыммен түсіндіреді. Сол себепті мен де кафенің атын "Emoji" деп қоюды жөн санадым. Бренд қып қалыптастыруды жоспарлап отырмыз. 

Қызметкерлеріңіздің басым көпшілігі - жастар екенін айтып қалдыңыз. Не себепті жастарды таңдап алдыңыз? Ересектермен салыстырғанда олардың тәжірибесі де аздау ғой...

Кафедегі қызметкерлердің көпшілігі - жастар. Бұған дейін мен 30-дан асқан адамдарды жұмысқа алып көрдім. Алайда олар жұмыс істегісі келмейді, өздерін дамытып, жаңа нәрсе үйренуге аса құштар емес. Басым көпшілігі басқалардың олар үшін істеп бергенін қалайды. Ал мектеп, колледж бітірген жастар өмірге поитивпен қарайды, олардың түсініктері мүлдем бөлек. Жастардың белгілі бір мақсаты бар, мәселен, олар ата-анасына жәрдем беріп, өздеріне пәтер алып, жаңа дүние үйреніп, тқлға ретінде қалыптасуға күш салады. Сонымен қатар жастар өздерін мүмкіндігі шектеулі деуге намыстанады. "Біз басқа тілде сөйлейміз" деп айтады олар. Сондай-ақ олардың ойы басқа, көзқарасы басқа. 
9E332E42-51F4-4C00-8EAF-9E8590F338B3.JPEG

Осыған дейін грант тағайындайтын мемлекеттік жобаларға қатысып көрдіңіз бе?

Осы уақытқа дейін грант алу үшін бірнеше мемлекеттік бағдарламаға тапсырып көрдім. Алайда бәрі сәтсіз болды. Көпшілігі IT саласына басымдық беріп отыр. Алғашқы грантты осыдан бір ай бұрын Тұңғыш президент қорынан ұттым, бірақ әлі қолыма тиген жоқ. Карантиннен шыққаннан кейін онлайн түрде ойнатты. Бұл қаражатты осы кафені дамытуға жұмсаймын. 

Қызметкерлеріңіз тәжірибе жинақтап, білім алу мақсатында мемелкеттік бағдарламалар ұйымдастырған шеберлік сыныптарына қатыса ма? Жалпы, сіздің ойыңызша, мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіппен айналысуына қандай көмек берілу қажет?

Қазір Атамекенде бизнес жасауды, дағдыларын үйрететін бірқатар бағдарлама бар. Алайда мұндай курстардың көбісі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналмаған. Мен өз ағамнан білемін, олар мектеп, тіпті колледж бітіргеннен кейін де олардың даму деңгейі 8 сыныпты бітірген оқушымен бірдей. Дұрыс жаза алмайды, өйткені олар мектепте тек ым-ишара жасауды ғана үйренеді. Ал математика, орыс тілі секілді пәндерді тез игеріп кету оңай дүние емес, осы себепті кәсіпкерлікті үйрену қиын. Мәселен, менің екі жоғары білімім бар бола тұра, бизнес жүргізуді енді қолға алдым. Сондықтан олар тәжірибе жүзінде осындай кафелерде жұмыс істеп бастау керек. Іс жүзінде бәрін көру арқылы үйреніп кетеді. Мысалы, алғаш ашылған тұста келген Ақтам деген жігіт даяшы болып қызметін бастап, кейін қосымша барменнің жұмысын үйренді, қазіргі таңда менеджер болып жұмыс істейді. Міне, тәжірибенің арқасында сатылай өсіп келе жатыр. Бұл басқа қызметкерлерге де жақсы әсер етеді, өйткені оның жалақыса да көбейді, қызметі де өсті. Осылайша, басқалары да жақсы жұмыс істеуге ұмтылады. 

17B37147-3C34-48D0-9CFF-D7216C39D440.JPEG

Кафеге келушілердің көзқарасы қалай? Алғаш ашылған тұста тапсырыс берушілер тарапынан қандай да бір мәселелер туындады ма?

Бастапқыда кафеге келушілер "қалай тапсырыс береміз" деп сескенетін. Кейін мен оларға шетелге барғанда қалай тапсырыс беретіні, қалай түсіндіретіні жөнінде сұрадым. Мәселен, шет мемлекетке барғанда тілін білмесеңіз де, ым-ишарамен түсіндіресіз ғой. Олар да ас мәзірін көрсетеді, жазып алады. Бұл да тура сол сияқты. Шетелдеміз деп ойлаңыздар деймін. Кейін адамдар тамақтанып болып, шығып бара жатқанда тапсырыс беру шынында да жеңіл екенін айтады. Мысалы, мен Қытайға сапармен бардым. Кафеге тамақтануға барғанымда, өзім қалаған тағамдарды ас мәзірінен көрсеттім. бағасын айтқан кезде калькулятормен есептеп, көрсетіп береді. Түк қиындығы жоқ.

             "Emoji" кафесінің қызметкерлері түскен сериал Австрияда көрсетіледі

Жақында құлағы естімейтін жандар туралы сериал түсіруді қолға алдық. Бұл біріншіден, қоғамда бар әлеуметтік мәселені көтереді. Бірінші сериясы алдағы аптаның ішінде аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Содан соң трейлерін шығарамыз. Сериалдың жанры - комедия. Құлағы естімейтіндер жөнінде шетелдік кинолар баршылық, алайдың олардың көбісі драма жанрында түсірілген. Яғни бас кейіпкер өмірінің қиындығы, айналасындағы адамдардың оларды қабылдамауы туралы суреттейді. Жалпы мұндайдан ешкім сақтандырылмаған, ондай мәселе байлардың отбасында да кездеседі. Сол себепті біз қызықты болуы үшін басты рөлдегі жігіт құлағының мүкісі бар, шетелде оқып келген бір байдың баласын сомдайтын болады. Шетелден келген баласын тәрбиелеу мақсатында әкесі баласын жаңадан ашылған әлеуметтік кафеге жұмыс істеуге жібереді. Сериал осы жігіттің басынан кешкен қызықты оқилары төңірегінде өрбиді. Көрермендердің көңілінен шығады деген ойдамыз.  Әзірге 10 сериясына ғана ақша жиналды. Қаржы жағынан дәрігер достарым, университетте бірге оқыған курстастарым көмек беруде. 

CF58DA3B-E744-48D8-984A-3792E5ADEAA6.JPEG

Сериалды көрермендеріміз YouTube каналынан көре алады. Сонымен қатар телеарналарға да ұсынып көреміз.  Өткен жылы Австриядан келіп, біздің кафені түсіріп кеткен. Ол жақта әлеуметтік кәсіпкерлік жақсы жолға қойылғанымен, әлеуметтік кафелер жоқ екен. Сөйтіп біздің жобаның идеясын ұнатты. Кейін мен сериал түсіретініміз туралы әлеуметтік желіге салғаным да, олар да қызығушылық танытып, сериалды өздерінің телеарнасынан көрсетуді сұрап отыр. Қазақ, орыс және ағылшын тілінде жарыққа шығады.

Режиссердің сөзінше, бір ай жарым уақытта түсірілім бітеді. Бірінші серияның түсірілімін осы апта аяқтаймыз, содан соң трейлерін қолға аламыз. Біздің балалардың көпшілігі блоегерлікпен айналысады. Әрқайсысында мыңдаған жазылушы бар. Сондықтан біздің киномыздың да көрермені де көп болады деп ойлаймын. 


Төтенше жағдай жарияланғалы орта және шағын бизнестің жұмысы тоқтады. Қаржы жағанына қиыншылықтар болды ма? Карантин уақытында мемлекеттен қандай көмек алдыңыз?

Биылғы ақпан айынан бастап осы мекенжайда жұмыс істеп жатырмыз. Алайда наурыз айында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 18 наурыздан бастап жабылдық. Кафеде қызмет істейтіндердің көпшілігі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген азаматтар. Бірі үйіне қайтты. 
Карантин кезінде қызметкерлердің жартысы үкімет тағайындаған 42 500 теңгені алды, ал қалған жартысы Нұр-Отан берген 50 мыңға ілікті. Мен де басқа жұрт секілді карантин уақытында әлеуметтік төлемді алдым. Біраз көмегі тиді. Мен ғимаратты жалға аламын, нысанның басшысымен жарты бағасына келісіп, карантин кезінде төлеп тұрдық. Алайда кафенің жұмысы жүрмегеннен кейін, жартылай төлеу де қалтаға салмақ салды. 

1C6B1768-4599-4A25-BAFB-5AA4961B4EEF.JPEG

Қазіргі таңда Алакөлден жалға ғимарат алып, 15 қызметкерді сонда жібердік. Үржар ауданында дәрігер боп 10 жылға жуық жұмыс істегендіктен, көп адамдармен таныспын. Биыл жаз маусымында ақша табу мақсатында осы істі қолға алдым. Карантиннен кейін кафені қайта аяққа тұрғызуға септігі тиер деп ойлап отырмын. Әзірге бұл кафеден пайда көрдік деп айта алмаймын. Біз қоғамдық қор болғандықтан, жалпы мақсатымыз - ақша тауып, пайда көру емес, мүмкіндігі шектеулі, әсіресе, құлағының мүкісі бар жандарды жұмыспен қамтамасыз ету. Олар үшін жұмыс табу, жұмысқа тұру оңай емес. 

Кафеге келушілердің көзқарасы қалай? Алғаш ашылған тұста тапсырыс берушілер тарапынан қандай да бір мәселелер туындады ма?

Бастапқыда кафеге келушілер "қалай тапсырыс береміз" деп сескенетін. Кейін мен оларға шетелге барғанда қалай тапсырыс беретіні, қалай түсіндіретіні жөнінде сұрадым. Мәселен, шет мемлекетке барғанда тілін білмесеңіз де, ым-ишарамен түсіндіресіз ғой. Олар да ас мәзірін көрсетеді, жазып алады. Бұл да тура сол сияқты. Шетелдеміз деп ойлаңыздар деймін. Кейін адамдар тамақтанып болып, шығып бара жатқанда тапсырыс беру шынында да жеңіл екенін айтады. Мысалы, мен Қытайға сапармен бардым. Кафеге тамақтануға барғанымда, өзім қалаған тағамдарды ас мәзірінен көрсеттім. бағасын айтқан кезде калькулятормен есептеп, көрсетіп береді. Түк қиындығы жоқ.

6381F7EF-7C12-4467-9BD9-92C8C6D58AE6.JPEG

Болашақта қандай жоспарыңыз бар? 

Алдағы уақытта кафені бренд ретінде қалыптастыру басты мақсатымыз болып отыр. Басқа қалаларда ашамыз деген азаматтар болса, соларға франшиза ретінде сатпақ ойымыз бар. Еліміздің әр қаласында ашылса, осындай мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс болушы еді. Әлеуметтік жағдайлары да жақсарушы еді. Сонымен қатар олар топ болып бір жерде істесе, бір-біріне тез үйренісіп, бір-бірін тез түсініп, жұмыс істеп кете алады.  Қазақстан бойынша 18 мыңнан астам адамның құлағы естімейді. Оларға жұмысқа тұру да оңай емес. Мәселен, жастар етікші болғысы келмейді. Олар осындай кафеде адамдармен араласып, тәжірибе алмасып жұмыс істеген қызығырақ. Сондықтан болашақта осындай кафелер Қазақстанның әр қаласында ашылса деген арманым бар.

Ісіңізге береке берсін! Сұхбатыңызға рахмет!

Фото: Бауыржан Жуасбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды