• Басты
  • ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды
7 Шілде, 2020 15:16

ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды

Strategy2050.kz түсірілім тобы Нұр-Сұлтан қаласындағы "Bioniсk-Pro" медициналық бетперде жасайтын өнеркәсіптің жұмысымен танысты.

ФОТО: Нұр-сұлтан қаласында тәулігіне 180 000 дана медициналық бетперде шығаратын өнеркәсіп ашылды

Өнеркәсіптің ашылғанына небәрі 14 күн болған. Еліміздегі короновирустық эпидемияның алғашқы толқынында медициналық маска тапшылығы кезінде ашылып, станоктар мен шикізатты әкелу істерімен айналысқан.

Өндіріс орнының директоры Арон Қадыровтың айтуынша, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана маска шығара алады. Қазіргі таңда сұранысқа сәйкес, тәулігіне 80 000 – 120 000 дейін медициналық маскалар жасап жүр. Өндірілген маскаларды қаланың дәріханалары мен емханаларына жеткізеді. 14 күн ішінде олар 1 млн – нан аса маска шығарған.

Маска жасау автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған екі станок арқылы жүргізіледі. Бірінші станок үш матаны біріктіріп, үтіктеп, үш рет бүктеп, жиектеріне тігіс салады. Келесі станокта маскалар арнайы өлшеммен кесіліп, құлаққа тағатын резеңкесі желімделеді. Одан кейін жұмысшы маскаларды тексеріп, санап, арнайы қаптамаларға 50 данадан салып отырады, - деп түсіндірді өнеркәсіп басшысы.

Өнеркәсіп өкілі маска жасайтын шикізаттың шетелден әкелінетінін де айтты.

Маска тігетін маталар, резеңкелерді Түркия мен Ираннан әкелеміз. Ал станоктарды Қытайдан алдырдық. Жұмысшыларымыз жеңіл өнеркәсіп саласының мамандары, яғни жергілікті тігіншілер. Олар Шанхай және Гуанчжоу қалаларына барып, осы станоктарда жұмыс істеуді үйреніп келді. Маскалар арнайы су өткізбейтін, сапа бақылауынан өткен маталардан жасалады және міндетті түрде үш қабатты болады. Айта кету керек, мақталы, тоқыма маталардан тігілген маскалардың қорғаныш деңгейі төмен болады. Және мұндай маскалар суланады да, микроб жинайды. Сондықтан, арнайы спанбонд, мельтблаун деп аталатын маталардан дайындалатын маскаларды пайдалану керек. Біздің үшқабатты маскалар осындай маталардан тігіледі және 92% сыртқы күштерден тыныс алу жолдарын қорғай алады, - дейді өнеркәсіп директоры.

Маман ретінде бетперденің вирус өткізгіштігіне шағын эксперимент жасап көрсетті. 

Масканың ішіне толтырып су құйып көру керек. Егер су ағып кетпесе, демек бұл масканың қорғаныш деңгейі жоғары. Су төгіп тастаған соң мата сулы болмау керек, яғни су сіңірмейтіндей болу керек. Масканы қайшымен қиып, бір шетіне от тигізіп көргенде, маска жанбау керек, тек еріп кетеді. Осындай нәтиже көрсеткен маскалар сапа бақылауына сәйкес және микроб, вирус сияқты сыртқы факторлардан қорғай алады деп түсінуге болады. Қазір медициналық бетпердегі сұраныс көбейген сайын сапасыз, қорғаныш деңгейі төмен маскалар көбейді. Қазіргі эпидемиялық жағдайда маскаларды ажырата білген дұрыс, - деді А. Қадыров.

Жақында өндіріс орны  балаларға арналған бетперделер шығарады. Сонымен қатар маскаларды утилизациялау жобасын дайындап жатыр. Ескерту керек, медициналық маскаларды 2 сағаттан артық тағуға болмайды.

825770C5-AA07-4667-81D5-BF95A6283BF5.JPEG


2792710E-123B-4975-82D7-816C370A67EB.JPEG

A6C78212-B3C2-4A21-9C54-08352AB600B6.JPEG

EEB3C613-3B43-4ECB-8343-876F54894E99.JPEG

89C583F0-2023-4C91-B0AB-2CAC76B0D51B.JPEG

D2C15D8B-4950-4F40-A9E2-D7A8086391B3.JPEG

EE1DF3EA-B93C-479B-B1C4-025CB5786DDB.JPEG

A8D3A1E2-1FA7-4B19-811C-A1C8C61BA969.JPEG

F6494583-A731-48E4-875E-E467F0995431.JPEG

89C583F0-2023-4C91-B0AB-2CAC76B0D51B.JPEG

6CAF7BF3-A2F9-4900-A7C8-5FB777243A6D.JPEG





Барлық жаңалықтар