• Басты
  • ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады
27 Шілде, 2020 15:08

ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады

Жуырда экология саласында, айтап айтсақ, Көбейтұздағы, Каспийдегі итбалықтарға байланысты болған шулы оқиғалар қазақстандықтардың демалу мәдениеті мен экологиялық сауатының төмен екенін көрсетті. Осы орайда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы секілді заңбұзушылықтарға қатысты жауапкершілікті күшейтуді тапсырған еді. Сондықтан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ҚР ІІМ, ұлттық парк инспекторлары, қоғам белсенділері және журналистердің қатысуымен әр сенбі-жексенбі күндері табиғи демалыс орындарында рейдтер өткізуді қолға алды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ФОТО: Бурабайда қоқыс төгетін полигон жоқ. Экология министрлігі рейд жүргізе бастады

Аталған министрліктің бастамасымен алғашқы рейд өткен аптаның соңында «Бурабай» ұлттық саябағында өткізілді. Мамандардың сөзінше, «Бурабай» секілді демалыс орындарына саяхат жасауға шектеулер енгізгенге дейін мұнда туристер саны көп болған, мәселен, бір мезгілде келгендер саны 50 мыңға жуықтаған. Олар өздерінен кейін тау болып үйілген қоқысты жинамай, тастап кетеді. Осы орайда ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың сөзіне сүйенсек, бұл проблеманы шешудің екі жолы бар. Бірі - айыппұл салу болса, екіншісі – табиғи демалыс орындарына келушілердің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, түсінігін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

TEMA7446.jpg

«Біз туристердің мұндай жерлерде қалай демалу керек, демалыс кезінде нендей нәрселерді ұстану керегін білуі үшін 10 маңызды тармақтан тұратын арнайы жадынама дайындадық. Бұл жұмысқа еріктілерді де тартатын боламыз. Әр демалыс сайын республика аумағында, оның ішінде Алматы облысы, Қапшағай, Алакөл аймақтарына, тауларға, Іле-Алатау ұлттық саябағына, Шымкенттте, Каспийге және тағы да сол сияқты орындарда рейд ұйымдастырамыз. Заңды бұзғандарды полиция әкімшілік жауапқа тартатын болады. Бұл акция жаздың соңына дейін жалғасады. Сенбі-жексенбі күндері табиғат аясында демалатындар саны көп. Сондықтан тұрғындармен үнемі жұмыс жүргізіліп, керек болған жағдайда қатаң шаралар қолданылатын болады», - деді комитет төрағасы.

                     

                             Бурабай ауданы әкімдігі «Бурабай» ұлттық парк аумағынан шығарылатын қоқысты қайда төгіп жүр

Рейд барысында «Бурабай» ауданында қоқысты төгетін бірде-бір заңды полигон жоғы белгілі болды. Мамандардың айтуынша бұл мәселемен Ақмола облысының әкімдігі айналысуы тиіс.

«Бурабай ауданында қалдықтарды жинап әкеп төгетін бірде-бір заңды полигон жоқ. Ақмола облысы аумағында осындай 1500 стихиялық қоқыстарды орыны бар, біз оларды спутник арқылы бақылап отырамыз. Осыдан бес жыл бұрын, яғни 2015 жылы полигон жұмысын тоқтаттық. Себебі полигон санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермейді. Қазіргі таңда жергілікті әкімдік бұл мәселемен айналысып жатыр. Тұрғындар бар қоқысты осында төгеді, себебі қайталап айтам, ауданда басқа қоқыс тастайтын полигон жоқтың қасы. Жаңа полигон салу үшін, менің ойымша, 1-1,5 млрд теңге көлемінде қаражат керек. », - деді Зұлфыхар Жолдасов.

 TEMA7450.jpg

Бурабай ауданында заңды қоқыс полигоны жоқ екенін айтып өттік. "Бурабай" ұлттық саябағынан шығатын барлық қоқыс Щучинск қаласынан 2 шақырым жердегі заңсыз полигонға төгіледі екен. Бұл полигон жқмысының тоқтағанына 5 жыл болса да, халыққа әлі де қызмет көрсетіп тұр.


TEMA7558.jpg

TEMA7564.jpg

TEMA7566.jpg

Сонымен қатар ол демалыс базаларында да тазарту нысандары мен шығарындыларға қатысты секілді бірқатар мәселе барын атап өтті.

«Себебі бірнеше база қатты отынды, атап айтсам көмірді әлі де пайдалануда. Еліміздің інжу-маржаны саналатын, астананың ірргесінде орналасқан «Бурабайды» көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мұнда алыс-жақын елдерден демалуға туристер келеді. Бастысы осы күйінде келешек ұрпақ жеткізуіміз керек. Осы аталған мәселелер бойынша Экология министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге шаралар қабылдайды», - деп толықтырды комитет төрағасы.

 TEMA7592.jpg

TEMA7578.jpg

Бұдан бөлек «Бурабай» ұлттық саябағының инженер-экологы Маржан Әбдірахманованың сөзінше, Щучинск қаласынан 2 шақырым жердегі полигон қорғау аймағында орналасқан. Ал заң бойынша, қорғау аймағында қоқыс полигонын орналастыруға болмайды.

«Щучинск қаласы маңындағы заңсыз қоқыс полигоны қорғау аймағында орналасқан. Айту керек, бұл ұлттық парктің территориясы емес, ал заң бойынша қорғау аймағында заңсыз қоқыс полигонын орналастыруға тыйым салынған. Ашылған жағдайда, біз тиісті орындарға хабарлаймыз. Сондықтан Бурабай ауданында міндетті түрде санитарлық-нормативтік талаптарға сай полигон ашылуы керек. Сонымен қатар осы аймақта зауыт салынуы қажет. Бұған дейін «Бурабай» ұлттық паркі қызметкерлері қатты қалдықтарды өңдейтін зауыт салуды ұсынды. Ал өңделмейтін қатты қалдықтарды Еуропадағы секілді жоғары температурада жойып жіберетін зауыт керек-ақ. Мұнда тұрғындар құрылыс және тұрмыстық қалдықтарын әкеп төгеді. Ал «Бурабай» ұлттық паркі айналасындағы ұйымдар Щучинск қаласының маңында орналасқан полигонға төгеді», - деді ол.

 TEMA7581.jpg

TEMA7622.jpg

Ал Ақмола облысы Бурабай ауданы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Рахымжановтың пайымынша, мұндай полигон салу үшін кемінде 3-4 жыл керек. Қазіргі полигонның орнын тазалап, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. 

«Қазіргі таңда Златопольский ауылдық округінде көлемі - 20 гектар болатын қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонның жобасын дайындадық. Әкімшілік мемлекеттік акт әзірледі. Бұл полигон жабылады, сонымен қатар қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы бұл полигонның заңды түрде жұмысын тоқтатқанына 5 жылдай өтті. Алайда басқа полигон болмағандықтан, бұны пайдалануға мәжбүр. Біз қазіргі таңда компаниямен келісім-шарт жасасып отырмыз, олар 2 гектар болатын аумақта қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Бұл зауыт қоқысты тазалап қана қоймайды, сонымен бірге оны сұрыптап, өңдейтін болады. Оны жүзеге асыру 3-4 жылды қажет етеді. Аталмыш зауыт инвестордың есебінен салынбақ және ол үшін 200 млн теңгедей қаражат жұмсалады. Бөлім басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Бурабайдағы қоқыс полигонында 60 мың текше метр қоқыс жатыр», - деді бөлім басшысы.

 
TEMA7542.jpg

TEMA7596.jpg

TEMA7600.jpg


                                               

                                                             Экологиялық заңнаманы бұзғандар қандай жазаға тартылады

Қазір ІІМ әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша және физикалық тұлғаларды қоқыс қалдырғаны үшін 343-бап бойынша жауапқа тартады. Сонымен қатар ұсақ бұзақылық секілді заң бұзғандарға басқа да жаза түрлері қарастырылған. Бірақ соның ішінде министрлік экологиялық заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтпек.

«Мәселен, әкімшілік кодекстің 505 бабы бойынша бірінші ескерту жасалып, кейін 10 АЕК-ге дейінгі көлемде айыппұл салынады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жақында осындай тапсырма берген болатын. Бірақ қазір карантинге байланысты табиғи демалыс орындарында адам саны аз болғандықтан, әзірге таза. Жалпы, жұмыс күндерімен салыстырғанда сенбі-жексенбіде демалушылар саны едәуір артады. Сол себепті біз демалыс күндері ғана рейд жүргізбекпіз», - деді ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

 TEMA7516.jpg
Карантин кезіндегі Баурабай тап-таза

TEMA7452.jpg

TEMA7470.jpg

TEMA7466.jpg

TEMA7479.jpg

TEMA7525.jpg

TEMA7434.jpg

Осы орайда, айта кету керек осыдан бір апта бұрын Экология министрлігі республика аумағында стихиялық қоқыстармен күресу үшін сенім телефонын (+7 (775) 952-49-00) іске қосқан болатын. Бұл нөмірдің «Whatsapp» желісіне кез келген қазақстандық шағымын растайтын фото, көліктің нөмірін, заң бұзушыны суретке түсіріп, жібере алады.

«Бүгінгі таңда 360 хабарлама келіп түсті. Министрлік әкімдіктермен бірлесіп, барлық өңірде қоқыстарды жоюды бастады. Мысалы, жақында «Instagram» әлеуметтік желісінде Қарағандыға жақын жердегі тасжолдың жанына заңсыз қоқыс тастаған азаматтар жөнінде мәлімет тарады. Министрлік өкілдері бірден дереу жолға шықты. Нәтижесінде заң бұзғандарды жауапқа тартуға байланысты жедел шаралар қабылданды. Бұл азаматтарға полиция айыппұл салып, қоқыс орнын тазалатты. Бұдан бөлек тағы бір хабарлама Шу қаласынан түскен. Кәріздік қоқыс шығаратын машина оны арнайы полигонға емес, мүлдем басқа орынға тастаған. Экология министрлігі машина нөмірін, заң бұзған азаматтарды анықтады, енді әкімшілік жауапкершілікке тартатын боламыз. Заң бұзушылық орын алған жағдайда тұрғындар сенім телефонына немесе министрліктің «Facebook» парақшасына хабарласса болады», - деді комитет төрағасы.

Ал Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Думан Жұманәлі айтуынша, Бурабайда жыл басынан бері 500-ден астам ескерту жасалып, 60-тан астам айыппұл салынған.

TEMA7483.jpg

«Біздің күнделікті міндетіміз – Бурабайда демалып жатқан азаматтарды қадағалау, заң бұзған жағдайда 505-бап бойынша айыппұл саламыз. Бірінші ескерту жасаймыз. Алғашқы ескертуден кейін-ақ көп адамдар қатесін түсініп, кешірім сұрап, түзетуге тырысады. Мәселен, жыл басынан бері 500-600 ескерту жасалып, 60-70 айыппұл салынған болатын. Айыппұлдың көлемі физикалық тұлғаларға - 10 АЕК, ал заңды тұлғаларға – 30 АЕК», - деді ол.

TEMA7439.jpg


Сонымен қатар оның сөзіне сенсек, көп жағдайда саябақтағы қоқыстың көбейіп кетуіне жергілікті тұрғындар емес, басқа жақтан келген туристер себеп болып отыр.

«Ескертуге азаматтар әртүрлі қарайды. Көп жағдайда қоқысты жергілікті тұрғындар емес, сырттан келгендер, мәселен, Алматы, Қарағанды жақтан келген азаматтар қоқыстарын жинағысы келмейді. Өйткені олар қоқысты жинап, машинаға салып алып кетуге ерінеді. Кейін мұны көрген жергілікті тұрғындардың туристерге көңілі толмайды. Тұрғындар көріп қана қоймайды, олар бізге хабарласады. Сәйкесінше, біз келіп, мәселені шешеміз. Ал көп жағдайда олардың көпшілігі олар келгенге дейін бұл жерде қоқыс болғанын айтады», - деп толықтырды Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы.

                                                                       Өткен жылы 200-ге жуық әкім жауыпқа тартылды

Сонымен қоса айту керек, бұған дейін министрлік «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстанның барлық аймағында, сонымен бірге 50 км радиустағы үлкен шаһарлардың айналасында 7 мыңнан астам стихиялық қоқыстарды орынын анықталған. Оны тазалау жұмыстарымен жергілікті әкімдіктер айналысады. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасовтың айтуынша, өткен жылғы статистикаға сүйенсек, біз республика бойынша жауапты 185 әкім жауапқа тартылған.

TEMA7413.jpg

TEMA7454.jpg

TEMA7465.jpg

«Қазіргі кезде алғашқы 10 күн ішінде 1635 табиғи полигон жойылды. Жұмыс жалғасып жатыр, дегенмен жүйелі шаралар қабылдап, тқрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруді жолға қою керек», - деді комитет төрағасы.

Бұдан бөлек Зұлфыхар Жолдасов қалдықтардың 90 пайызы құрылыс қалдықтары екенін атап өтті.

TEMA7425.jpg

TEMA7429.jpg

«Осыдан бірер күн бұрын астананың сыртында орналасқан стихиялық полигонға рейд жасадық. Ондағы қалдықтардың 90 пайызы құрылыс қалдықтары екенін көрдік. Азаматтар үйін жөндейді, мәселен, тек бір пәтерді жөндеуден кейін шамамен 250 қап қоқыс қалдығы пайда болады екен. Ал қоқысты кететін машина тапсырыс беру шамамен 20 мың теңге. Бірақ бұл қоқыстың қайда тасталатынын ешкім білмейді. Ал арнайы полигондағы қоқыс үшін төлем 70 мың теңгені құрайды. Осылайша стихиялық полигондар пайда болады. Сондықтан біз қазір бұл жағдайды өзгерту мақсатында бірқатар шаралар қабылдаудамыз. Бұған қатысты кінәлі азаматтарды жауапқа тартумен бірге, жаңа қоқыс полигондарын, оның ішінде Бурабай маңында тазарту нысандарын салуды қолға алуға тиіспіз. Қазір біз бұл мәселен әкімдіктің алдына қойылып отыр. Қазіргі таңда Бурабай ауданында қалдықтарды апарып төгетін бірде-бір заңды полигон жоқтың қасы. Мұны әкімдік шешуі тиіс», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быковтың сөзінше, соңғы жылдары бұл аймақтағы антропологиялық қысым айтарлықтай өскен. Егер бұрын көл жағалауларында жылына 20-30 мыңға жуық адам демалатын болса, қазір демалыс күндері бір келгенде 50 мыңға дейін турист келеді. Өткен жылы саябақтан шамамен 2 мың текше метр, соңғы екі айда шамамен 700 текше метр қоқыс шығарылған.

Фото: Артем Чурсинов

Барлық жаңалықтар