- Басты
- Фидерлік кемелерді іске қосу контейнерлер айналымын оңтайландырды
Фидерлік кемелерді іске қосу контейнерлер айналымын оңтайландырды
26 Қыркүйек, 2019 12:49
Биылғы жылдың 8 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша барлық қатынастағы тасымал көлемі 15,7 мың ЖФБ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65% артық, соның ішінде транзиттік қатынаста 3,4 мың ЖФБ, өсім 63%,деп хабарлады Strategy2050.kz.

ТХКБ – теңіз порттары арқылы жүктерді бірнеше рет асу асыруды талап ететін күрделі мультимодалдық бағыт екендігін қаперге сала кетейік.
Ақтаудан Бакуге және керісінше апталық жөнелтілумен тұрақты фидерлік желінің іске қосылуы ТХКБ бойынша тасымал өсімінің маңызды факторы болды. Желіні іске қосу контейнерлер айналымын және жеткізу мерзімін оңтайландырды. Сондай-ақ бұл Қазақстан экспортшыларына Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сонымен қатар Қара және Жерорта теңізі порттарына өз өнімдерін жеткізу үшін фидерді пайдалануға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылдың сәуірінде іске қосылғаннан бері бүгінгі күнге дейін 40 астам рейс жасалды. Фидерлік кеменің толтырылуы қазақстандық тараптан 100% құрады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
СҚО-ның дамуы: Зауыт-фабриканың іске қосылуы, инвестиция көлемінің артуы және өңірдегі эпиджағдай
-
Тауарларды таңбалау: Сауда саласының көлеңкелі айналымын төмендетуге мүмкіндік береді
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң
-
«Тыңдайтын мемлекет» тұжырымдамасы мен азаматтық қоғамды дамыту үшін қандай іс-шаралар іске асуда
-
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті
-
Қазақстанда 995 млрд теңгені құрайтын 206 жоба іске қосылады
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуына қанша қаражат жұмсалды
-
Жұмыспен қамту шаралары: Жаңа жұмыс орындарының құрылуы/ «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларының іске асуы
-
Ақпарат министрлігі екі жаңа порталды іске қосты
-
Қазақстанның ұлттық парктеріндегі заңбұзушылықтар туралы жедел желі іске қосылды
-
Astana Hub коронавирустың таралу қаупін азайтатын сервисті іске қосты
-
"Цифрлық білім" жобасы қалай іске асады
-
Елордада коронавирурсқа қатысты тәулік бойы жұмыс істейтін "жедел желі" іске қосылды

