• Басты
  • Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды
3 Желтоқсан, 2019 18:07

Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды


ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер алдында өз міндеттемелерін орындауда. Осы уақытқа дейін жылдан жылға ауысып мал шаруашылығы және инвестициялық субсидиялар бойынша жиналып қалған қосымша қажетті қаржы толық көлемде төленетін болды.
Фермерлерге субсидия бойынша барлық қарыздар төленетін болды

Бүгінге дейін ҚР Үкіметінің шешімі бойынша инвестициялық субсидияға қажет 28,5 млрд. теңге сомасындағы берешек жабылған болатын.

Үкімет басшысы жақын арада мал шаруашылығын субсидиялауға қажет 36,8 млрд. теңге, сондай-ақ инвестициялық субсидиялар бойынша 11,7 млрд. теңге сомасындағы қарыз қалдығын жабу жөнінде тапсырма берді.

Ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың арқасында саланың инвестициялық тиімділігі артып, негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторлардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 4,4 трлн. теңгені құрайтын 113 инвестициялық жоба әзірленіп, жүзеге асыру процесінде тұр.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды