• Басты
  • Фермерлер үшін несие алу 30 күннен 30 минутқа қысқарды
6 Қараша, 2019 13:08

Фермерлер үшін несие алу 30 күннен 30 минутқа қысқарды


«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ электрондық несиелеу өтінімін беру жүйесін таныстырды. Енді шаруалар несиені 30 күнде емес, 30 минутта алуға мүмкіндік алды. Жоба тестік режимде іске қосылып отыр. 2020 жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында іске қосылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Фермерлер үшін несие алу 30 күннен 30 минутқа қысқарды

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев холдингті реформалау мен тиімділікті арттыру мақсатында несие беру үрдістерін автоматтандыруға үлкен көңіл бөлініп отырғанын айтты.

«Қазір «ҚазАгро» жылына тауар өндірушілерге 15 мыңға жуық несие береді. Оның 70 пайызы 4 млн-ға дейін несие алатын шағын тауар өндірушілері болып отыр. Холдинг жұмысын тиімділету мақсатындағы бірінші кезеңде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да тестік режимде электрондық несиелеу өтінімін беру жүйесінің жұмысы таныстырылды. Сондай-ақ, біз несиелендірудің құқықтық-нормативтік базасына өзгертулер енгізіп жатырмыз. Себебі, барлық құқықтық база қағаз бойынша несие беруге бағытталған», - деді Е.Қарашөкеев.

Сонымен қатар, Е.Қарашөкеев айтып өткендей, осыған дейін ауыл шаруаларына несие алу қағазбастылықтың әсерінен күрделі болған.

«Шалғайдағы адамдар несие алу үшін орталыққа келіп, ХКҚО-ға барып көптеген анықтамаларды жинап, қағаз түрінде «Ауыл шаруашылығын қолдау қорына» келіп тапсыратын еді. Несие беруші офицерлер қажет болған жағдайда олардан қосымша анықтамалықтарды жинауға тапсырады. Олар тағы да әртүрлі органдарға барып аталған анықтамаларды жинауға мәжбүр болады. Жүйенің негізгі идеясы фермер жеке куәлікке тіркелген ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) әкеледі. 30 минут ішінде ол несие алуға келісім алады. Осыған дейін бұл үрдіс 30 күнтізбелік күнді қамтитын еді. Осылайша, адами факторсыз жүйе қызмет көрсету орталықтарынан қажетті ақпаратты жинайды», - деді Е.Қарашөкеев.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, жүйе тестік жүйеде жұмысын бастады. 2020 жылдан бастап республика бойынша барлық 12 филиалда іске қосылады.

«Жоспар бойынша 2021 жылдың ортасына дейін «ҚазАгроның» ауқымды экожүйесін құру. Ірі және шағын фермерлер экожүйе бойынша мамандардың қарапайым қызметінен баастап техниканы сатып алуға дейінгі қызметтерді автоматты түрде алуын қамтамасыз етуді қалаймыз», - деді ол.

Оған қоса, Қордың әлеуетті несие алушылары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алу мүмкіндігін онлайн-режимде тексере алады.

Сондай-ақ, «ҚазАгро» АҚ төрағасы айтқандай, қазір холдингтің несиелік портфелінде 70 мыңнан астам борышкер бар, оның 50 мыңы шағын фермерлер мен тауар өндірушілер.

«Осы аймақты автоматтандыруды бастадық. Жоспар құрылған, сондықтан да әр кезең бойынша автоматтандырудың қорытындысымен таныстыратын боламыз. Жалпы несиелік портфельді алатын болсақ,бізде 8 пайыз 90+ несие бар. Бұл 90 күн бойы өтелмеген несиелер. Проблемалық борышкерлермен жеке консультациялар өткізіп тұрамыз. Экономика бойынша алатын болсақ, екінші дәрежелі банктерде ауыл шаруашылығы саласында пайыздық көрсеткіш жоғары. Компанияның несиелік портфелі 904 млрд теңге, жыл соңына дейін трлн теңгеге жетеміз деген ойдамын.Оның ішінде 8 пайызы проблемалық борышкерлердің несиесі болып отыр», -деді ол.

Ол айтып өткендей, бұл көрсеткіш өзгеріске ұшырап тұрады. Себебі қазір, барлық шаруалар егінді жинады, борыштарын өтеп жатыр.

«Жалпы, банк секторының несиелік портфелінде проблемалық несиелер 17 пайызды құрайды. Осы орайда «Ауыл шаруашылығын қолдау қорында» төмен несиелік портфель деп айтуға болады. Бұл стандарттық үрдіс, себебі несие берген кезде борышкерлердің қайндай да бір бөлігі объективті немесе субъективті себептер бойынша несиені уақытында өтей алмауы әбден мүмкін. Бұл мәселемен тұрақты түрде жұмыс істеп келеміз», - деді ол.

Өз кезегінде "Дегдар"  ЖК иегері Мақсат Жұмаханов осыған дейін несие алу үшін бірқатар кезеңдерден өтуге тура керек болғанын мысалға алды.

макс.JPG

««Атамекен» кәсіпкерлер палатасына барып, кәсіпкерлік негіздерін оқимыз.Ол жерден бизнес-жоспарымызды да дайындап шығамыз, алып Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына келеміз. Бұл жерден қандай құжаттар керек екенін анықтап аламыз.Содан кейін барып құжаттар жинай бастаймыз. Осы жерде айта кететін бір жайт бар. Мысалы, Халыққа қазмет көрсету орталығындағы кезектің көптігінен қаншама уақытымызды жоғалтамыз. Қалаға бір құжат үшін қайта-қайта келе беру алыста тұратын біз үшін оңай емес. Бүкіл құжатты Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына бір күнде жинап, тапсыру мүмкін емес екенін жақсы білесіздер. Сондай-ақ, Қордың талаптарына сәйкес тексерілгеннен кейін, менің құжаттарым несие алуға жарай ма, жоқ па ол жағы да белгісіз», - деді ол.

Ол айтып өткендей, несие алуға болады, бірақ оған біраз уақыт керек.

«Барлық құжатты жинап, Қордың қарауына бересіз, бірақ соңында несие алу мүмкін емес болып шығады. Яғни, қанша шақырым жүрген жолымыз бен кетірген уақытымыз зая кетеді.Ал, бүгін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына құжат өткізейін деп келгенімде менеджер несие алу мүмкіндігімді интернет арқылы онлайн режимде тексеріп алуымды ұсынды. Ол үшін тек (ЭЦҚ) электронды қолтаңба ғана қажет екен», - деді ол.

Сондай-ақ, кәсіпкер айтқандай, жеке кабинетке  тіркеліп, әрі қарай деген нұсқаманы басқан.

«Сосын, келісімге қол қойдым. 2 минут өтпей жүйе менің несие алуға мүмкіндігім бар екенін көрсетіп берді. Енді мен ешқандай құжат жинап әуре болмаймын. Ауыл шаруашылығы саласына Автоматтандыру жүйесі енгізіліп жатқаны қуантып отыр. Несие алуға болатынын немесе болмайтынын үйден шықпай-ақ өтінім беріп тексеруге болады және 1-2 минутта жауабын аламыз», - деді ол. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды