• Басты
  • Эвакуация болса, қайтасың ба деп сұраған – қазақстандық студент
28 Қаңтар, 2020 13:16

Эвакуация болса, қайтасың ба деп сұраған – қазақстандық студент

Уханьда білім алып жатқан қазақстандық студент Гүлдана Дәуренбекова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне Уханьдағы вирусқа қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып берді.

Эвакуация болса, қайтасың ба деп сұраған – қазақстандық студент

Гүлдана Дәуренбекова ҚХР-да 10 жылдан астам уақыт білім алып жатыр. Алғашқы 4 жылын Үрімшіде өткізсе, соңғы 6 жылда Ухань қаласында білім алып жатыр.

«Жалпы, біз бұл вирус туралы желтоқсанның аяғында білдім. Сол уақыттан бастап, бет-перде киіп, қоғамдық көлікпен емес, таксимен жүруге тырыстым. Оқуда да, жұмыста да карантин неге жарияламайсыңдар деп сұрағанда,олар Үкіметтен ондай бұйрық келмегенін айтты. Содан кейін біз де бұл жағдай қатты маңызды емес шығар деп мән бермей кеттік», - деді Г.Дәуренбекова.

Қазақстандық студент қазір Тайландта, Ухань ашылғанша өзге нұсқаларды қарастыруға мүдделі.

« Биыл PhD дәрежесін аламын. Ақпан айында дипломдық жобаны алдын ала қорғау жоспарланып отырған. Осының алдында серігіп, демалып қайтайын деп Таиландқа 17 қаңтарда демалуға келгенмін. Қазір Ухань жабық. Вирусты жұқтырған жағдайда ағзада өзгерістер 14 күннен кейін анықталады екен. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, күнде қызуымызды тексеріп, жеке гигиена талаптарын барынша сақтап жатырмын. Қазірдің өзінде де барлық жерге бет-пердемен барамын, адам аз жағажайды таңдап алдым. Қазір қайту-қайтпау мәселесін ойланып отырмын. Мына жақтағы визам 31 қаңтарға дейін ғана», - деді ол.

Г.Дәуренбекованың айтуынша, елдегі ата-анасы Отанға қайтуын сұрап, байбалам салуда.

«Қазақстандағы ата-анам елге қайт деп жатыр. Алайда, менің аса ынтам болмай отыр. Осы жақта бір-екі жерге жұмысқа тұруға өтініш бердім. Жаңа маған хат келді. Жұмысқа қашан шыға аласың деп сұрап жатыр. Егер де олар визамен көмектесе алса, Ухань ашылғанша дейін осы жақта 1-2 ай жұмыс істеуге ниеттімін. Егер виза мәселесі шешілмесе, Қазақстанға қайтамын», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Уханьдағы достарымен күнде хабарласып тұратынын айтты.

«Уханьдағы қазақстандық студент достарымнан Қазақстанның Қытайдағы елшілігі эвакуация болған жағдайда елге барасыңдар ма деп сұрап жатыр екен. Студенттер арасында дүрбелеңге түсіп, эвакуация болса қайтамыз деп жатқандары да бар. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі отандастарының «сол жақта қалсын» деген пікірлерін оқып, осы жақта қорғанып отыра береміз деп те шешім қабылдағандар бар», - дейді ол.

Г.Дәуренбекова айтқандай, қазақстандық студенттер керек заттармен қамтылған.

«Олардың жағдайы қазір жақсы. Университеттердің жанындағы кампустерде отыр. Медициналық құралдар мен бет-пердемен қамтамасыз етілген. Осыған дейін «біз ашпыз», азық-түлік жоқ деп шыққан ақпарат шындыққа жанаспайды. Олардың қызуын күнде тексеріп, денсаулықтарын бақылап отыратын мамандар бар. Супермаркеттердің барлығы ашық. Бірақ, қалада қозғалыс толық тоқтаған. Автобус, метро, такси   жүрмейді», - деп түйіндеді ол.
Естеріңізге салсақ,  Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Сыртқы істер бірінші вице-министрі Шахрат Нұрышев қазір студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықталып жатқанын айтқан болатын.

   Аягөз Құрмаш

Фото: Әлеуметтік желіден алынды

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды