• Басты
  • Еуропалық Парламент Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың айтарлықтай әлеуетін қолдады
21 Қаңтар, 2020 10:07

Еуропалық Парламент Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың айтарлықтай әлеуетін қолдады

Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың айтарлықтай әлеуетін қолдады,деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.



Еуропалық Парламент Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың айтарлықтай әлеуетін қолдады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық Кеңесінің 17-ші отырысына қатысу шеңберінде Еуропалық Комиссияның Вице-президенті - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, сондай-ақ Еуропалық Парламент депутаттары тобымен, оның ішінде ҚР-ЕО Достық тобы және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшелерімен кездесті.

Еуропалық Парламент депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР-дің жаңа демократиялық реформаларының әлеуетін атап өтті. Депутаттар ҚР Президентінің елдегі өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімін, сондай-ақ бейбіт жиналыстар, жала жабуды декриминализациялау, саяси партиялар құру үшін шегін төмендету жөніндегі заң жобаларын дайындау бастамаларын және т. б. қолдады.

Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100