• Басты
  • Еуропада күн сайын 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруда
15 Қазан, 2020 17:15

Еуропада күн сайын 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус жұқтырғандар саны көбейген сайын қайтыс болғандардың саны да артатынын ескертті. Сол себепті санитарлық шараларды сақтауға шақырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Еуропада күн сайын 100 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруда

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының бас ғалыми қызметкері Сумья Сваминатан жан сақтау бөлімінде емделушілер саны артып келе жатқанын айтты. Ол әлемде COVID-19 ауруының күн сайын өсуі өлімнің артуымен жалғасуы мүмкін екенін баса айтты.

Күн сайын Еуропада 100 мыңнан астам жаңадан жұқтырғандар тіркеледі. Жаңа жағдайлардың тіркелуі жағынан Италия, Швейцария және Ресей алдыңғы қатарда.

Франция

Франция үкіметі сәрсенбіде қоғамдық денсаулық саласына төтенше жағдай жариялады.

«Коронавирус эпидемиясы - бұл өзінің табиғаты мен ауырлығына қарай халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіріп тұр. Сондықтан төтенше жағдай жариялау керек деп санаймыз. Өйткені тұрғындардың денсаулығына оң әсер беретін шараларды қабылдауымыз қажет», - делінген үкіметтің хабарламасында.
Президент Эммануэль Макрон 21.00-ден 6.00-ге дейін коменданттық сағат енгізді. Үлкен қалалардың тұрғындарына осы уақыт аралығында үйде болуға бұйрық берілген.

14 қазанда Франция коронавирус жұқтырып, ауруханаларда емделіп жатқан науқастардың саны 25 маусымнан бері алғаш рет 9 100-ден асып кетті деп хабарлады.

Қазіргі таңда кейбір еуропалық елдерде кезектен тыс мектеп демалысы ұйымдастырылуда, көптеген ауруханаларда жоспарлы операциялар алынып тасталуда, соңғы айларда үлкен қаржылық шығынға ұшыраған дүкендер, мейрамханалар мен кафелердің иелері қыстың алдында қайтадан карантин енгізіліп, қайта жабылудан қорқып отыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, Ковид-19 пандемиясы басталғаннан бері әлемде 38,1 миллион адам инфекцияны жұқтырды, 1,1 миллионға жуығы қайтыс болды.

Дүниежүзілік банк ақша бөлді

Дүниежүзілік банк дамушы елдерге коронавирус вакцинасын жеткізу үшін қолданылатын 12 миллиард долларлық көмек пакетін мақұлдады. Ақша дәрі-дәрмектерді сатып алуға және жеткізуге, сондай-ақ тікелей вакцинацияға, анализдерге және науқастарды бақылауға жұмсалады. Дүниежүзілік банк бөлінген сома миллиардқа жуық адамды вакцинациялауға жетеді деп үміттенеді.

Коронавирусты анықтауда иттерді пайдалануда

Франция мен Ливаннан келген ғалымдар тобы иттер коронавирус жұқтырғандарды 100% адамның терінің иісі арқылы тани алады деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта Ливан арнайы қызметіне қызмет ететін 20 ит Бейрут әуежайының ұшып келу залында келесі жұмыстарға дайындықтан өтуде. Егер тәжірибе сәтті болса, ғалымдар барлық елдерге осындай тәжірибені енгізуге кеңес береді. Осыған ұқсас әдіс қыркүйек айында Финляндияда сыналды, бірақ оның қаншалықты тиімді екендігі әлі белгісіз.

Сирия

Эпидемияның екінші толқынын күтіп, Сирия билігі Дамаскідегі спорт кешенінде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған уақытша аурухана ұйымдастыруға бұйрық берді. Ауруханада 220 төсек орнатылған, оның 120-сы қосымша оттегіге мұқтаж науқастарға арналған.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Сирия үкіметі бақылауындағы аудандарда 4774 адам инфекцияны жұқтырып, наурыз айынан бері 228 адам қайтыс болған, бірақ мамандар нақты саны әлдеқайда көп екеніне сенімді.

Ұлыбритания

Сәрсенбіде Ұлыбританияда үш деңгейлі шектеулер жүйесі жұмыс істей бастайды. Деңгейлік классификация келесідей: орташа, жоғары және қатты жоғары қауіптілік. Енгізілген шаралардың ауырлығы елдің әр аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдаймен анықталады. Қазіргі кездегі ең қолайсыз жағдай - Ливерпуль аймағында болып отыр. Мұнда пабтар мен барлар, егер оларда ыстық тамақ бермесе, жабылады.

Чехия

Чехияның денсаулық сақтау министрі Роман Примула теледидар арқылы сөйлеген сөзінде халыққа алдағы бірнеше апта қиын болатынын ескертті. Елде ішінара локдоун енгізілді, мектептер, студенттер жатақханалары мен барлар жабылуда. Соңғы күндері Чехияда аурудың күрт өсуі байқалды.

Нидерланды

Нидерландыда сәрсенбіге қараған түннен бастап кафелер мен мейрамханалар жабылып, бірқатар аймақтарда ішінара локдаун енгізілді. Шектеу төрт аптаға созылмақ, бірақ оны ұзартуға болады дейді ел үкіметі.

Германия

Германияда сәуірден бастап алғаш рет күніне 5 мыңнан астам адам ауырып, 43 адам қайтыс болды. Бірқатар штаттардың басшылары ең ластанған аймақтардың тұрғындары елдің басқа аймақтарындағы қонақүйлерде тұрақтай алмайды, ал ең дұрысы, бұл аймақтардан шығу да шектелуі керек деп шешті. Канцлер Ангела Меркель бүкіл Еуропадағы жағдай елеулі алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.

Германия әуежайларында жаңа ережелер енгізілуде. Неміс әуежайларында тәуекел деңгейі жоғары елдерден келгендер коронавирусқа міндетті түрде тест тапсыруы керек.  Бұрын мұндай жолаушылар 14 күн ішінде өзін-өзі оқшаулауға мәжбүр болатын. Сонымен қоса байланыс мәліметтерін барлар мен мейрамханаларда қалдырудан бас тартқандар үшін айыппұл енгізілді. 

Барлық жаңалықтар