• Басты
  • "Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты
24 Маусым, 2020 17:21

"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі тұңғыш рет "Еуропа әлемінде" атты ертегілер жинағын қазақ тілінде жарыққа шығарды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты

Кітап Еуропаның мәдени мұрасының бірыңғай топтамасы ретінде Еуропалық Одақ елдерінің аңыздары мен басқа да дәстүрлі ертегілерінің жинағы болып табылады. Кітаптың мақсаты – Еуропа халықтарының таңғажайып халық дәстүрлерінің ортақ негізін табу, сонымен бірге Ескі құрлықтың құндылықтарының бірлігін көрсету.

Кітапта Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің әрқайсысының халық ертегілері, аңыздары, әрі нақыл сөздері келтірілген, сол арқылы олар ортақ ежелден келе жатқан мәдени сабақтастығын көрсетеді. Жинақтағы кейбір аса сирек кездесетін ертегілер қазақ тілінде тұңғыш рет жарияланып отыр. Аталмыш кітапта батырлар, айдаһарлар, перілер туралы не халық әзіл –сықағына толы түрлі хикаяларды кездестіруге болады.

Еуропалық Одақ Елшісі Свен-Олов Карлссон: “Қазақстандық оқырмандардың басым көпшілігі осы ертегілермен  таныс екендігіне сенімдімін. Мәдениет шекара талғамайды, құрлықтарға,  кейде одан да тыс аймақтарға өріс жаяды.  Сол себепті, біздің ұқсастығымыз ойлағанымыздан да көбірек болады, және бұл кітаптың мақсаты осы байланыстарды көрсету”.

Кітап бойынша жұмыс жарты жыл мезгілінде жүргізілді. Барлық иллюстрациялар Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері, дарынды апалы-cіңілі Ғалия және Балқия Құсайыновалармен  (ГаБо) дайындалды.“Еуропа әлемін бейнелейтін суреттер арқылы оқырмандар ертегі кейіпкерлерімен жүздесіп, cол заманның сиқыр мен қиял әлеміне жол ашады деп үміттенеміз“, - деп атап өтті Ғалия және Балқия Құсайыновалар.

Кітаптың тұсаукесеріне арнайы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі онлайн науқанын жариялады. Күнделікті Өкілдіктің әлеуметтік желі парақшаларында ЕО-ға мүше мемлекеттердің Елшілері бейнеролик форматында ертегілерді оқып, Еуропаның ғажайып ертегілер әлеміне оқырмандарды саяхаттауға шақырады.


“Еуропа әлемінде” ертегілер кітабының электронды нұсқасы: https://eeas.europa.eu/sites/eeas/files/europa_leminde_ertegiler.pdf

Ертегілер кітабының тизері: https://www.youtube.com/watch?v=sIvONyQr44M

ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мырзаның оқуындағы дат ертегісі “Сиқырлы алма ағашы”: https://www.youtube.com/watch?v=vEsMqK03s18&t=15s


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды