- Басты
- Еуразия кеңістігінде өмір сүрген халықтардың ортақ тарихи мұрасын зерттеу қолға алынды
Еуразия кеңістігінде өмір сүрген халықтардың ортақ тарихи мұрасын зерттеу қолға алынды
Ел астанасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласының ережелерін жүзеге асыруға арналған "Еуразия тарихының мұрасы" көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Конференция жұмысын ашқан Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, модератор Бүркітбай Аяған Қазақстан мен барлық еуразиялық мемлекеттердің ортақ тарихи мұрасын зерттеп, зерделеу - олардың ХХІ ғасырдағы халықаралық аренадағы бәскеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.
"Еуразия кеңістігіндегі ортақ тарихи мұраны зерттеу - ХХІ ғасырдағы халықаралық аренада Қазақстан мен басқа да еуразиялық мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізі болмақ. Қазіргі әлемнің сынақтары мен қауіп-қатерлері ғаламдық сипатқа ие, сол себепті белгілі бір адекватты жауаптарды талап етеді. Өзіміздің тарихи өткенімізге объективті түрде қарап, тарихи санамызды қалыптастыру керекпіз. Бұл ата-бабларымыз мен жаңа ұрпақ арасындағы әлеуметтік-мәдени құндылықтарды өзара тығыз байланыстыруға мүмкіндік бермек", - деді ол.
Сонымен қатар Бүркітбай Аяған өз сөзінде Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында қойылған міндеттер мен мақсаттарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, "Архив - 2025", "Ұлы даланың ұлы есімдері" жобалары Қазақстандағы және шет мемлекеттердегі мұрағат қорларындағы жаңа құжаттар мен материалдарды іздестіруге және анықтауға, деректану мен тарихнамалық базаны толықтыруға, зерттеудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін жасауға мүмкіндік бермек.
"Қазақстанның тарихын зерттеу тек мұрағаттық деректерді ғылыми айналымға енгізуге ғана емес, оның барлық сарапшылар мен көпшілікке қолжетімді ету үшін сандық форматқа түрлендіруге үлкен мән берілу керек. Елбасы өзінің мақаласында "Мен өз тарихын еске алатын, бағалайтын, мақтан тұтатын адамдардың болашағы зор екендігіне сенімдімін. Өткенді мақтан ету, қазіргі күнге прагматикалық баға беру және келешектен жақсылық күту - біздің еліміздің жетістіктерінің кілті" екендігін айтқан еді", - деді ол.
Бұдан бөлек Мемлекет тарихы институтының директоры аталған жиынның негізгі мақсатына тоқталып, конференцияға жүктелген міндеттермен таныстырды.
"Жиынның негізгі мақсаты - Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына жан-жақты ғылыми талдау жасау. Сондай-ақ Назарбаев ұсынған "Архив - 2025" жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік бағдарламалар мен хабарламаларда көрініс тапқан отамыздың тарихындағы маңызды оқиғаларды зерттеуді жандандырып, еліміздің тарихи мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау", - деп атап өтті Бүркітбай Аяған.
Сонымен қатар ол өз сөзінде "Еуразия кеңістігін мекен еткен халықтардың ортақ мұрасын зерттеу үшін қандай әдісті қолдану керек" деген сауалға тоқталып, әлемдік деңгейдегі және көрші мемлекеттердегі пайдаланылған зерттеу әдістерін ұолдануды ұсынды.
"Мен тарихты зерттеу үшін Марк Блок, Люсиан Февр, Фернанд Браудельдің тәжірибесін, сондай-ақ орыс, грузин, әзірбайжан, армян, украин мектептерінің дәстүрлерін пайдалануымыз керек екенін атап өткім келеді. Еуропалық және шығыс халықтарының қазіргі заманғы мектептерінің жетістіктері маңызды. Біз үшін Өзбекстан мен Қырғызстан ғалымдары мен мұрағатшыларының тәжірибесі үлкен маңызға ие. Қазақстандық ғалымдар жаңа әдістемені қолдана отырып мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, монографиялар шығарғанын айтып өткім келеді", - деді ол.
Сонымен бірге ол өз баяндамасында отанмыздың тарихын зерттеп, мәліметтерді жинақтауда Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған ұлттық бағдарламаларға тоқталып өтті.
"Қазақстандағы тарих ғылымының дамуына Тұңғыш Президент үлкен көмек көрсетті. Оның бастамасымен және қолдауымен ең қиын жылдарда "Мәдени мұра", "Ғылыми қазына", "Тарих толқынындағы адамдар" және биыл "Ұлы даланың 7 қыры" секілді ұлттық бағдарламалар қабылданды. Аталған бағдарлама жұмысын қазақстандық ғалымдармен қатар Ресей, Түркия, Қытай ғалымдары да пайдалануда. Осы залға жиналған ғалымдар ғылыми бағдарламаларды орындауға қатысады деп ойлаймын", - деп сенім білдірді ол.
Сондай-ақ ол осы бағдарламаларда іске асыру барысында әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға қатысты құнды мәліметтер табылғандығын айтты.
"Қысқа мерзім ішінде Қытай, Үндістан, Италия, Иран, Ұлыбритания, Түркия, Ресей және басқа елдерден отанымызға қатысты миллиондаған құнды қағаз табылып, көшіріліп, Қазақстанға әкелінді. Қазіргі уақытта материалдарды жүйелеу және цифрландыру орталығы жұмыс істейді, көрмелер өтіп жатыр, өңделген материалдар стандартты бағдарламалар мен оқулықтарды дайындауда қолданылып жатыр. Сонымен бірге оларды докторанттар мен зерттеушілерге пайдалануға мүмкіндік бар", - деді ол.
Бұдан бөлек конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов аталған конференция тарихшылар, ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, Еуразия кеңістігіндегі халықтар арасындағы рухани құндылықтарды сақтауға мүмкіндік беретінін айтып өтті.
"Бүгінгі өтіп жатқан халықаралық конференция -Елбасының "Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген Назарбаевтың тұжырымдамалық идеяларын практикалық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік беретін тағы бір қадам болмақ. Ол ғылыми қоғамдастықтың, отандық және шетелдік сарапшылардың әртүрлі салалар мен тарихи кезеңдерде - ежелгі дәуірден қазіргі мемлекетаралық қатынастарға дейін бірлескен зерттеулер жүргізуге күш-жігерін біріктіруге арналған. Сонымен бірге конференция тарихшылар, ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Еуразия кеңістігіндегі халықтар арасындағы рухани құндылықтарды сақтауға мүмкіндік бермек", - деді ол.
Бұдан басқа тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев "Еуразия тарихының мұрасы" көне заманнан қазіргі кезенге дейінгі тарихи сабақтастығы" конференциясы нәтижесінде көрші мемлекеттердің тарихшыларымен бірлесе отырып, үлкен тарихи еңбектерді жарыққа шығару екендігін атап өтті.
"Конференцияда Еуразияның тарихи мұрасы көне заманнан бүгінге дейін зерттеп зерделеудің мәселелері қаралуда. Яғни, Еуразия халықтарынан бізге қалған мұраларды зерттеп. Соның бірі ретінде Алтын Орданы атап өтуге болады. Бүгінгі таңда Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты бірқатар шаралар өткізілуде. Мақстамыз кезінде болған осындай үлкен оқиғаны дәріптеу, насихаттау, келешек ұрпаққа жеткізу. Екіншіден, бабаларымыздан қалған ортақ мәслелерді көрсету жолдарын қарастыру. Еуразия кеңістігінде мекен еткен әр халықтың, әр ұлттың өзінің тарихы бар. Сол кездері болған тарихи оқиғаларға, процестерге олардың да үлесі бар. Конференцияның нәтижесі ретінде көрші мемлекеттің тарихшыларымен бірлесе отырып, үлкен-үлкен еңбектерді жарыққа шығару", - деді ол.
Сонымен қатар оның айтуынша, Мемлекет тарихы институты шет мемлекеттердегі тарихшылармен бірігіп жұмыс істеуді бастап кеткен.
"Біз осының бастамасын жасап қойдық. Осыған дейін біз ресейлік тарихшылармен бірлесіп, екіжақты келісім-шартпен олардың ғылыми журналдарына біздің мақалаларды жариялауға, және керісінше, олардың ғылыми мақалаларын біздің журналдарға жариялауға мүмкіндік алдық. Бүгінгі конференция аяқталған соң да осында айтылған баяндамалар негізінде үлкен мақалалар жинағын шығармақпыз", - деді Амангелді Қашқынбаев.
Айта кетейік, аталған конференцияға отандық және Польша, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Өзбекстан сияқты елдерден тарихшылар мен Еуразия тарихы бойынша сарапшылар қатысты.
Назерке Сүйіндік
-
Қ.Тоқаев Бішкектегі Ұлттық тарихи-мемориалдық кешенге барды
Қазақстан Президенті Бішкектегі «Ата бейіт» Ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 15:38
-
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
19 Қараша 2019, 15:19
-
Үлкен Еуразияда жаңа ойын ережелерін анықтау қажет – Н.Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана клубының» бесінші мерейтойлық отырысы өтіп жатыр. Отырыс «Үлкен Еуразияны құру: серіктестіктің жаңа үлгісі» тақырыбына арналып отыр. Клуб сарапшылары пікірталасына АҚШ, Қытай мен Ресей үштігі арасында ушыққан текетірестің ағымдағы ахуалы, сауда протекционизмі мен популистік көңіл-күйдің артуы, сондай-ақ Иран мен Солтүстік Корея төңірегінде жаңа шиеленістердің бой көтеруі сынды мәселелер арқау болды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 11:05
-
Astana Club: Еуразия үшін 10 басты сын-қатер анықталды
Қазақстан астанасында «Астана Клубы» саяси форумының бесінші мерейтойлық отырысы кезінде «Еуразия 2020 үшін 10 басты сын-қатер» тәуекелдер рейтингісінің екінші басылымының тұсауы кесілді. Аталмыш зерттеу жұмысына 70 елдің 1100–ден аса кәсіби сұхбаткері сауалнамаға тартылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 13:32
-
Биыл 88,2 млн тонна көмір өндірілді
ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерді және халықты көмірмен қамтамасыз ету жөнінде брифинг өтті.
31 Қазан 2019, 15:49
-
Жол-көлік оқиғалары – қоғам өміріне қауіп
Қазақстанда ғана емес, дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр. Адамдардың көлік құралдарына деген сұранысының арту тенденциясымен қатар, оны пайдалану барысында қоғам өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың да көбейгендігін байқауға болады. Соңғы жылдары өзектілігін жоғалтпаған өзекжарды мәселеге Президент Қ.Тоқаев ерекше көңіл бөліп, заң бұзушыларды қатаң жазалауды тапсырды.
31 Қазан 2019, 13:41
-
Ә.Ермұхамбетова: Жас зерттеушілердің нетуоркинг алаңына айналдық
Осыдан бір жыл бұрын жас ғалымдардың бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасып, бірігіп ғылыми жобаларды жүзеге асыруы үшін Жас ғалымдар альянсы құрылған еді. Бүгінгі күні қауымдастықтың құрамында 200-ден астам жас зерттеуші мен ғалым бар. Жастар жылы аясында аталған қауымдастықтың жұмысымен танысуды жөн көрдік. Бір жыл ішінде қандай жобалар жасалды, немен айналысты, қауымдастықтың болашақтағы жоспарлары қандай деген сықылды сауалдарға НУ-дың постдокторанты, Жас ғалымдар қауымдастығының төрағасы Әсия Ермұхамбетова жауап берді,деп хабарлады Strategy2050.kz.
31 Қазан 2019, 09:09
-
В.Ярошенко: Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста
Қазіргі таңда Қазақстанда 42 миллион телефон нөмірі қолданыста. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
30 Қазан 2019, 14:33
-
Өмірзақ Шүкеев пен Ералы Тоғжанов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжанов Түркістан облысына іс-сапар жасады. Сапар барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеевпен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
10 Қазан 2019, 17:55
-
Қазақстанның жерінде болгар халқының бесінші буыны өмір сүріп жатыр – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның Вице-президенті Илияна Йотованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
08 Қазан 2019, 09:05
-
Қоғам келісімде өмір сүргенде нәтиже мен әл-ауқат болады- Бердібек Сапарбаев
Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір жұртшылығымен кездесті. Вице-премьер «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында ел Президентінің алға қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
07 Қазан 2019, 09:04
-
Қазақстан Бішкектегі «Еуразиялық апталық» форумына қатысты
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Бішкек қаласында жыл сайынғы «Еуразиялық апта» халықаралық форумына қатысып, «Бизнес, ақша, адам: ЕАЭО интеграциясын тереңдету жолдары» панельдік сессиясында баяндамашы ретінде сөз сөйледі, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 10:02
-
ҚазМұнайГаз және Equinor бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Equinor ASA компаниясының барлау бойынша аға вице-президенті Торе Лоземен кездесті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
24 Қыркүйек 2019, 17:37
-
Қазақстанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді,деп хабарлайды Strategy2050.kz.
24 Қыркүйек 2019, 08:37
-
ҚР ИИДМ: Көмір бағасын тұрақты ұстап тұрмыз
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2019-2020 жылдары қазақстандықтарға көмір өнімінің қажеттілігі 10,4 миллион тоннаны құрап отыр. Қазірдің өзінде 4,9 миллион тонна көмір дайын. Бұл көрсеткіш пайызға шаққанда – 47%. Жалпы қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 11,6 миллиард теңге қарыз. Көмір бағасын тұрақты ұстап тұру шараларын жүзеге асырып жатқандықтарын айтқан вице-министр Шұбаркөл көмірінің құны тоннасына 11,4 мың, Екібастұз көмірі 9,5 мың Қаражыра көмірінің бағасы 11 мың – 13 мың теңгеден аспайтынын мәлімдеді.
18 Қыркүйек 2019, 18:44
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды