• Басты
  • Этносаралық жапсырма: "Орталық-периферия"
24 Ақпан, 2020 14:44

Этносаралық жапсырма: "Орталық-периферия"

Микродеңгейдегі оқиға 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында тіркеліп, «әлеуметтік желі» лупасымен ұлғайды. Google іздеу желісінде «Қордай оқиғасы» он күн ішінде 8780 жарияланымда қамтылып, оның ішінде 1650 видео жүктелген. Бейнелік көрнекіліктерде «ұсталды», «масаншы», «режим», «ұрып-соққандар», «төтенше», «қордайдағы жағдай» кілт сөздер қолданылады. Нәтижесінде қазақстандық қоғам екі көзқарасқа жарылды: бірі оқиғадан этносаралық мүддені көрсе, басқалары азаматтар арасындағы жанжал деп түйіндеді. Ақырғы есепте билік құрылымдарымен «тәртіп бұзушылық» түрінде сипатталды.

Этносаралық жапсырма: "Орталық-периферия"

Шын мәнінде мұндай қақтығыстар еліміздегі ұлттық бірлік құндылықтары мардымсыздығын көрсетіп, қоғамдық келісім белгілерін жаңаша пайымдауға әкеліп отыр. 

Қазақ ұлтшылдығының сапалық өсімі және азаматтар санасының да либералды-материалдық толысуы мүдделік тартыс ойындарына жол ашады. Бұл ретте «Қоғамдық келісім» сценарийі жаңа ойын тәртібіне бейімделуі қажет.

                                                           «Әртүрліліктегі бірлік» 

ХХІ ғасыр жағдайындағы идеялық атмосферада мәдени плюрализм теңдессіз үстемдік құруда. Осы бағдар жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде мәдениет сұхбаттастық нығайды. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындылары бойынша «ел аумағында 125 ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады». Солардың ішінде саны жағынан ең көбі 7 этнос (әр этностың үлесі елдегі халықтың жалпы санының 1%-дан артық шамасын құрайтын) – қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер, олардың үлесіне ел халқының 95,6%-ы келеді. 

Ресми статистикаға сәйкес 2019 жылдың басында Қазақстан халқы 18 миллион 395,5 мың адамға жетіп, оның 67,98% -ын қазақтар құрады.

Безымянныйtyy.jpg

Тәуелсіз Қазақстанның үш онжылдықтағы тарихында титулды этностардың табиғи өсім және республика аумағына келген оралмандардың есебінен артуы олардың саяси салада ғана емес тұтас қоғамдық қатынасты бақылауға алуына мүмкіндік берді. Сондықтан да, кейінгі саяси бағдарда қазақ этносы демографиялық жағдайының оңалуына байланысты мемлекет этникалық топтар үшін жауапкершілікті сезіну миссиясын жүктейеді. Шетелдік зерттеуші Б. Дейвтың анықтауынша «Мемлекетте тек ғана тәуелсіздік қазақтарды мажоритарлық статусқа жеткізді» (р. 1, Dave B. Kazakhstan: Ethnicity, language and power. – London: Routledge, 2007. – 242 р.). Қазақстандық зерттеуші Р. Қадыржановтың жазуынша «Шынайылықта біз мұрагерлікте паралельді екі негізгі мәдениетті алдық – қазақтық (этникалық, дәстүрлі) және орыстілді (полиэтникалық, урбанизацияланған), осының ешқайсысы үстемдік етуші болып табылмайды, екі жетекші этностық топтың түрлі бағыттағы мәдени қызығушылығы кеңістікте орналасуы екі вектордағы идентификацияны анықтайды – этникалық және азаматтық. Осы жағдайда, әзірге мультикультурализм саясатына балама жоқ (Национальная консолидация Казахстана: проблемы и перспективы: сб. матер. круглого стола / под ред. З.К. Шаукеновой. – Алматы: ИФПР КН МОН РК, 2013. – 196 с.).

Бастапқы кезден бастап революциялық емес, эволюциялық даму принципіне сүйенген биліктің саясаты 30 жыл ішінде өзін этнодемографиялық өзгерістерін ақтады. Нәтижесінде, мемлекет құраушы титулды этностың саны шамалас айырманы артқа қалдырды. Екінші жағынан билік этникалық азшылықтарды қолдады. Әрбір сөйлеген сөздерінде Қазақстанның полиэтносты табиғаты мен әртүрлілігі негізге алды, Елбасы кітаптары (Халық тарих толқынында, Ұлы дала ұлағаттары, т.б.)  арқылы қазақ ұлтшылдарын жаңаша ойлау-бағамдауға үндеп келді. Осы ретте, «халық» пен «этнос» ұғымын салмақтап, этникалық санаттарды қолданбауға тырысты. Барлық жағдайда, «отандастар», «қазақстандықтар», «халық» санатында жұмылдырылды. Мемлекет конституциясының алғашқы сөздері «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...» сөздері Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынаста біртұтастықты білдіреді. 

Қазіргі қазақстандық азаматтық ұлтты анықтау кезінде Қазақстан-2050» Стратегиясында этносаралық қатынастың халықаралық бағыт идеологемасы атап өтілді: «Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек». Салыстырмалы қарасақ, америкалықтарда Америка азаматының құқықтары барлық жерде үстемдік құруды алға тартса, Ресей орыс азаматтары құқықтарының бұзылуын Ресейге төнген қауіп ретінде бағалап отыр. Мұндай идеологемалық негіздің құрастырылуы өз-өзін кеңістікте сақтау мен абыройын түзеуге арналған.


                                                           Этносаралық шынайылық

Зерттеуші М. Бижанова «Қазақстан Республикасындағы этносаралық қақтығыстардың ескерту: жалпыға ортақ тәсілден жергілікті шешімдерге дейін» атты еңбегінде соңғы 15 жылдағы Қазақстан Республикасы аумағындағы этносаралық шиеленіс жағдайларының 7 қақтығыс ошағын белгілеген. Осы тізімге соңғы уақыттағы жаппай сипат алған қақтығыстарды қоса есептегенде 9 шиеленісті құрайды. 

Безымянный.jpg

Бүгінгі таңда сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы этникалық қақтығыстарға тұрмыстық проблемалар мен этникалық топтар арасындағы шиеленіс емес, маңызды әлеуметтік-экономикалық факторлар себеп болып отыр деп пайымдайды (https://365info.kz/2016/11/etnicheskie-konflikty-v-kazahstane-proishodyat-segodnya-v-yuzhnyh-aulah, төмендегі сызба осы дереккөзден алынды). Мұндай қорытынды 2002 және 2016 жылдары жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес жасалынған.

Безымянныйtyyhhhhh.jpg                                             
Қоғамдық белсенділер болса этносаралық қатынастардың нашарлауының ең басты себебiн екі мәселемен түсіндіреді: 

бiрiншiсi, қазақ халқының тұрмыс-тiршiлiгi деңгейiнiң қазақ елiндегi басқа ұлт өкiлдерiмен салыстырғанда төмен тұруы;

екiншiден, тәуелсiздiктен кейiн қазақтар күткен ұлттық құндылықтарды жаңғырту жұмыстарының нақты жүргiзiлмеуi. 

Бұл екi себептiң бiр-бiрiмен байланысы бар екенiн де ашық көруге болады» (https://e-history.kz/kz/contents/view/kazakstandagi_etnosaralik_katinastardi_zhaksartudin_zholdari__...

Осындай негіздерді зерделей отырып, билік әлеуметтік реформалар арқылы проблемаларды шешуді ұсынды. Бұл бағдарда «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»,  «Әлеуметтік қамқорлық» секілді бағдарламалар құрастырылды. Дегенмен мұндай жобаларды насихаттауға өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері әдеттегідей «Top-down» жүйесінде жұмылдырылды. Бұдан әрі туындап отырған мәселелердің түйткілдерін шешуді Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасына бекітті. 


                                                             Ұлт рухының дамуы 

Қазіргі Қазақстанның этнодемографиялық бейнесі қайта құрымдалды. Ол азырақ еуропалық және көбірек шығыстық бола түсті. Тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер жүріп жатыр, оның ішінде қазақ компоненттері күшейтіліп, мәдени және тілдік орта да өзгеруде. Этникалық құндылықтар шайылған жалпы либералдық әдістерге негізделген нарықтық қатынастардың нығайтылуы да жүріп жатыр (Шәукенова З.К. Қазақстан Республикасындағы идеологиялық конструкциялау: монография. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2013. – 218 б.). Осы процесте билеуші элита Қазақстан халқы Ассамблеясын саясатта да қолданудың мүмкіндігін тапты. Қазақстандық патриотизмді қолдану арқылы саяси қатысуларда біріктірушілікке шақырту әрекеттерін іске асырды. Мәселен, «Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен идеалдары» атты монографиялық еңбекте «ұлттың патриоттық рухы 2015 жылғы 26 сәуірде өткен президенттік сайлауда анық көрінді. 95,22% сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың 97,75% қазіргі президентке өздерінің дауыстарын берді, сол арқылы оның қазіргі саяси бағытқа деген адалдығын растады» деп көрсетті. Осы президенттің сайлау өткізу туралы 2015 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінде бастама көтерілді. 2015 жылғы 18 ақпанда Парламент Мәжілісінің депутаттары (төменгі палата) және ҚХА парламенттік тобы бірауыздан ҚХА бастамасын қолдады және Кеңес арнайы сайлау үшін ұсыныспен Президентінің үндеу қабылдады. Елбасы Назарбаевтың жеке мүддесін нығайтуда сайлау кезеңдерінің алдарында «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» идеологемасындағы мерекелік шаралар 2014 жылы кеңінен ұйымдастырылған. Бұл тұрғыда азаматтардың саяси сенімдерін ұлттың рухы ретінде қарастыруы мемлекеттік және жеке мүдденің өзара қайшылықтарын анықтайды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі ретінде Қазақстан халқының мәдениетін, тілдерін және дәстүрлерін дамытудағы топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту екендігін атап көрсетті. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты» болып табылады. Осы ретте, мемлекеттік тілге элиталық қолдаудың бар екендігін сезінген қазақ ұлтшыл-патриоттары өздері үшін ерекше артықшылық белгілеуге тырысады. Мұның үстіне өзге мемлекет азаматтарының да мемлекеттік тілді талап етудегі көріністері қазақ ұлтшылдарын әсіре қолпаштауға бағытталған. Мәселен, Түркия азаматы               О. Доғанның мемлекеттік тіл - қазақ тілін талап етудегі қызметі («air astana» әуекомпаниясы, Qazkom банктегі жағдайлар) этносаралық қайшылықты көріністі туындатқанымен қазақ ұлтшылдарына тіл мәртебесін жарнамалаудың жаңа сценарийін анықтап берді.


                                                 Орталық – периферия сценарийі

«Орталық-периферия» моделі геосаяси кеңістіктен енгізіледі және оның мәні перифериялық өңірге «үстемдік» идеясына негізделінген. Соңғы кезде үстемдік «көпұлтты» қоғамның негізгі құралына ие болды. Әрине бұл процестерде Қазақстан халқы Ассамблеясының институт ретіндегі рөлі үстемдіктің зиянды әсерін жоятын стратегияға бағыт алуы керек. Бұл ретте орталық перифериялық қатынастардағы өзгерістерді және ресурстарды жаңа бәсекелік түрде түсіне отырып, өңірдің экономикалық секторы ретінде назар аударуы шартты. Осы ретте орталыққа бөлінген көптеген көңіл аударулар периферияны да қамтуы міндет.

Қазіргі уақытта ғаламдық практика экстремалды макроэкономика Global North және перифериялық Global South сияқты болуы мүмкін. Орталық-перифериялық қатынастар туралы көптеген мәдени және саяси пікірталастар көбіне осындай сәйкестендіру деңгейінде қалды.

Ал, бұл Қазақстан жағдайында этносаясатта титулды ұлттың айналасына азшылықтарды ұйыстыру арқылы саяси тұрақтылық спектрін кеңейтуге арналады. Кішкентай дәстүр арқылы үлкен дәстүрді игеруде «bottom-up» жүйесі түзіледі. 

Саяси шынайлықта кейбір перифериялық орталықтарды дүнген, ұйғыр, орыс, түрік, т.б. азшылықтары құрап отыр. Көріп отырғанымыздай, шеткері аймақтағы азаматтар мифтік немесе тарихи себептерге байланысты және орталықтар харизматикалық фигураның естелігі сол жерде сақталғандықтан әртүрлі мақсаттар үшін бірнеше, бәсекеге қабілетті орталықтарға тартылмауы мүмкін. Көбінесе олар (периферия) салт күнтізбесінің белгілі бір нүктелерінде орталық ретінде күшейеді. Өз кезегінде «өмір салты» идеологиясы өздерінің (перифериялық этнос) шеңберлерін жергілікті немесе ұлттық ортадан тыс жерлерде кеңейту үшін жаңа құралдарды қолданады, жаңа шалғай орталықтар ашылады немесе тіпті жасалады (https://www.sciencedirect.com/topics/social-sciences/center-periphery)

Сондықтан қалалар трансұлттық периферия нысанында таралған нақты адамдар үшін белгілі бір тәсілдермен орталықтар болуы мүмкін.

«Қандай салада этносаралық проблемалар туындайды?» сауалы бойынша салыстырмалы түрде 2002 және 2016 жылдар аралығындағы зерттеуге жүгіне отырып, «азамат – қоғам – азамат» принциптерін дамытуға тура келеді. Тұлғааралық қарым-қатынас саласы және қоғамдық жерлерде этносаралық қақтығыстардың жиілеуіне байланысты азаматтардың жекелік дамуына басымдық беру қажет. Бұл ретте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы «жеке тұлғаның дамуы» арнайы жобасына этномәдени орталықтар кешенді қатысуы керек. 

jj.jpg

Жоғарыдағы негіздемелерді қорытындылай келе, мынадай ұсынымдарды түйіндеуге болады:

Біріншіден, қазақстандықтардың саяси қоғамы мен мәдениеті қазақ этникалық линзасы арқылы қабылданады. Мәселен, құжаттарда «ұлттың мәдени коды» деген бірнеше сілтеме болғанымен, билік «полиэтностылық пен поликонфессиялықты өз артықшылығына айналдыра алғанын атап айтады, дегенмен дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды екендігіне келіседі. Бұл ретте азаматтық-ұлттық жоспардағы жобаларды қалыптастыру қажет.  

Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз қызмет кеңістігін этномәдени бірлестіктермен шектемей азаматтық қоғам институттарымен қатынасты нығайтуы керек. Бұл ретте «Толерантты қоғам» идеясын нығайтып, тұжырымдамасын әзірлеу. Толерантты қоғам идеясында тарихтың толерантты тұстары мен бірге өмір сүру құндылықтарын өз қоғамдары сәйкес өндіру, кез келген басқа құндылықтар сияқты, толеранттылықты тәрбиелеу, қолдау және қоғамға ортақ мәдениет ретінде енгізу.

Үшіншіден, «Орталық-периферия» моделін енгізу, Қазақстан халқы ассамблеясы қызметін спектрлі жүйелендіру. Мәдени, ұлттық интеграция құндылықтары, рәміздер мен ұқсастықтардың біртұтас жүйесі бар мәдени қоғам құруға бағыттау. 

Төртіншіден, этникалық жанжалды өзгерту азаматтар келісіміне тәуелді. Бұл Қазақстан қоғамында соңғы жылдары толеранттылықтың құндылығын бекітетін көптеген бастамалар мен заңдарды қабылдағанын түсіндіріледі. Бірақ жекелей қауымдастықтардың тұрмыстық ахуалы, арасындағы алшақтық пен көңіл-күйлерінің жағдайын үнемі сараптау керек. 

Бесіншіден, Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиғалардың салдарын түбегейлі жою. Туындаған қақтығыстар, тіпті этносаралық қақтығыстар болмаса да, билікке мүдделі ойыншы ретінде қиындықтар туындайды. Өз кезегінде жергілікті деңгейдегі қазіргі көзқарастар қайта қаралу керектігіне көз жеткіземіз.

Нұрбек Пұсырманов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды