Заңның үстемдігі

Шетелдіктер Конституция күнімен құттықтады

Эксклюзив
Бүгін-Конституция күні. 1995 жылдың 30 тамызында елдің басты құжаты ҚР Конституциясы қабылданған болатын. 23 жыл бойы аталмыш құжат елдің басты бағдары болып, даму жолына ерекше әсер етіп келеді. Шетелдік заң қызметкерлері Қазақстанның Конституция күнімен құттықтады.
Астана қаласы30 Тамыз , 10:04

Литва Конституциялық сотының төрағасы  Инета Зиемеле.

Конституция күні өте маңызды мереке. Бұл  мерекені сіздер ауқымды, жан-жақты тойлайтындарыңыз өте  қуантады. 22 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Конституциялық кеңес  Қазақстанның Конституциялық кеңесімен өте тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеді. Бұл  болашақта  жалғасын табады деген үміттемін. Мереке құтты болсын.

Заң ғылымдарының докторы Юрий Голик. Ресей.

Қазақстан әлемде болып жатқан барлық өзгерістерді бей-жай қалдырмауға тырысады. Конституция кез-келген заманауи елдің басты құжаты. Мәселен,  1987 жылы Кеңес Одағының Конституциялық кеңесі қабылданған кезде барлығы тамсанып еді. Алайда, ол құжатпен алға дамудың әлеуеті болмады. Қазақстанға бұл қауіп төндірмейді, себебі ол әлеммен бірге алға ұмтылып келеді. Гүлдене беріңіздер.

Әзербайжан Конституциялық сотының төрағасы Фархат Абдуллаев.

Посткеңестік елдердің ішінде Қазақстан мен Әзербайжан өзінің басымдылықтары арқылы зайырлы мемлекет құрғандардың бірі. Қазақстанның алға қарай ұмтылуы мен үнемі даму үстінде жүруі қуантады. Әрине, бұл Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Басымдылықтар мен азаматтардың  құқығы және бостандығы, біздің Еуропа мен Азияның ортасында өмір сүріп жатқандығымызды ескеру тамсандырады. Қазақстан Конституциясының құжаты мақтан тұтарлық құжат. Жыл санап, ол жаңа күшке, жаңа мүмкіндікке ие болады. Бауырлас  қазақстандық елдің  болашақтары жарқын әрі гүлденген ел болуларына тілектеспін.

Аягөз Құрмаш 




Яндекс.Метрика