- Басты
- «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
15 Қаңтар, 2021 11:44
Саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов Strategy2050.kz тілшісіне білдірген пікірінде Президенттің саяси реформаларды жүзеге асырудағы ықпалын айтты.

«Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамы депутаттарының алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде Президент саяси реформаларды жүзеге асыру ниетінің дәйектілігін көрсетті. Саяси партиялар үшін Мәжіліске өту шегін 7-ден 5% - ға дейін төмендету көппартиялықты дамытуға және тұтастай партиялық жүйені одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. Саяси реформалардың бірінші пакетінде саяси партияларды тіркеу шегі 50% - ға 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетілгені есімізде. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсы» бағанын енгізу қоғамды одан әрі демократияландыру процесін, халықтың әр түрлі пікірлерін ескеру көрсеткішін ынталандырады. Бұл туралы таяудағы парламенттік сайлау барысында әртүрлі қоғам өкілдері мен басқа да саяси партиялардың өкілдері айтқан болатын. Соның салдарынан біз іс жүзінде билік пен қоғам арасындағы диалогтың нәтижелерін көріп отырмыз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз» , - деді ол.Саясаттанушы Парламентке өтпеген партиялардың ұсыныстары ескерілетінін айтты.
Осы сайлауда 7% шектен өте алмаған партиялар кез келген жағдайда аймақтардағы позицияларын нығайтады және аймақтық күн тәртібін құруға белсенді қатысады. Бүгін Президент олардың ұсыныстары мен ұстанымдары есепке алынатынын айтты. Өткен сайлаудың басты артықшылығы аймақтардағы партиялардың позицияларын нығайту және аймақтық саяси процестерді жандандыру деп ойлаймын.
Майгелдинов адам құқықтары туралы Президенттің айтқан басымдылығына қолдау білдірді.
«Жоғарыда айтып кеткен мәселелермен қоса алғанда, бүгін Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформалардың кезекті пакетін жариялады. Мәжілістің жаңа шақырылымына мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал ететін жаңа бастама берілді», - деді саясаттанушы.
автор:
Айнара Байжан
фото:
Ашық дереккөз
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды
-
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты
-
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева
-
Бас прокуратура: Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі
-
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім
-
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады
-
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді

