• Басты
  • Ешбір азық-түліктің бағасы долларға тәуелді емес – Б.Сұлтанов
13 Наурыз, 2020 12:58

Ешбір азық-түліктің бағасы долларға тәуелді емес – Б.Сұлтанов

Ешбір  азық-түліктің бағасы долларға тәуелді емес. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ешбір азық-түліктің бағасы долларға тәуелді емес – Б.Сұлтанов
«Бізде ешбір азық-түлік долларға байланбаған. Елде шетелдік валютада тауар шығаруға болмайды. Сондықтан да барлық сатылым ұлттық валютада жүзеге асырылады. Тәікелей импортқа тәуелді тауарларға қатысты да өсім болмауы тиіс. Себебі, сатушыларға бірден жоғарылап кету болмауы керек. Азық-түлік валютаның өсіп, төмендеуінен барынша сақтандырылған», - деді министр.

Сонымен қатар, Б.Сұлтанов азаматтардың өздері бұқаралық шаралардан жеке қорғанысы үшін бас тартуы керек екенін айтты.

«Барлық ірі, ауқымды шаралар өткізілмеді деп айтылды. Осы жылы Астана экономикалық форумы өтпейді», - деді ол.

Айта кетейік, министр коронавирусты болдырмау ұзақ шараларға жол  ұласпайтынын айтты.

«Қазақстанда ұзақмерзімді карантиндер мен үйде отыру болмайды. Мектептегі оқушылардың  ұзақмерзімді демалысқа шыққаны, әрине, азық-түліктің қосымша шығынына алып келуі мүмкін, алайда,  халық тарапынан көп сұранысты   қажет етеді деп ойламаймын. Жалпы, сауда саласына қатысты көрсеткіштерді бақылап отырмыз, бақылайтын боламыз да», - деді ол.

 

Аягөз Құрмаш  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды