• Басты
  • Ермек Маржықпаев: Әрбір теңгені барынша тиімді шығындау қажет

Ермек Маржықпаев: Әрбір теңгені барынша тиімді шығындау қажет

20 Сәуір, 2020 16:28

Ақмола облысының  әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданына жұмыс сапарының барысында құрылыс объектілерінде және ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты Щучинск қ. айналасында орнластырылған 7 блок-постының бірінде болды. Қалаға кіреберісте және шығаберісінде адамдардың арасында сауалнама және дене қызуын өлшеу жүргізіледі, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.


«Тіршілікпен қамтамасыз ету объектілері жұмыс істеуі қажет, облыс көктемгі-дала жұмыстарына дайындалуда, сондықтан техника, жеткізілетін тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, қосалқы бөлшектер және т.б. блок-постылар арқылы «жасыл дәліз» режимінде өтуі тиіс», - деп атап өтті облыс әкімі.

Өңір басшысы ауданның жол және коммуналдық инфрақұрылымның дамуымен танысты. Бұл салаға 13 миллиардтан астам қаражат бөлінді: жолдардың 48 км орташа жөндеуге - 900 млн. теңге, қаланың 22 көшесінің 30 км. жөндеуге - 22 млн тенге.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевқа: «Ауа райы жақсы, бір ай бұрын жұмысты бастауға болады, өздеріңізді де, адамдарды да ұятқа қалдырмаңыздар. Жолдар мен аулаларды жөндеуде, көшелерді абаттандыруда Көкшетау қаласынан үлгі алыңыздар. Биылғы жылы Щучинск қаласында сегіз үйдің тұрғындары үшін екі аула күрделі жөнделетін болады. Алға қарай ұмтылу керек, жобалау-сметалық құжаттама дайындаңыздар. Бурабай ауданы қомақты қолдау алады. Әрбір теңгені барынша тиімді игеру қажет. Жобалар бойынша барлық конкурстық рәсімдер, мамыр айының басында жұмыс қызу жүргізілуі үшін, сәуір айының соңына дейін аяқталсын», - деді.

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасының шеңберінде Щучинск қ. екі мектебін күрделі жөндеу жоспарлануда, №5 ОМ 571 млн теңге, № 6 ОМ 465 млн. теңге қажет. 

«ЖҚЖК-2020» бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын ашуды және құрылыс материалдарында, сондай-ақ жұмысшы кадрларында 90% дейін жергілікті қамтудың болуын қарастырады. Карантиндік кезең – бір жағынан қолайлы да, оны барынша ұтымды пайдалану қажет. Ең бастысы – ұятқа қалдырмайтын жақсы мердігерді табу қажет», - деп атап өтті өңір басшысы.

       Аудан бойынша барлығы ЖҚЖК 24 жоба бар, оның ішінде Щучинск қ. 1,3 млрд.теңгеге – 17.   

 №1 қазандыққа барғанда Ермек Маржықпаев: «Щучиялықтар жылумен қамту мәселесіне ұдайы шағымданады, ағымдағы жылы жылу беру маусымына дайындалуға «ЖҚЖК-2020» бойынша 2,4 млрд.теңге бөлеміз, ол өткен жылғы сомадан 11 есеге артық, алайда әрбір теңгені барынша тиімді шығындау қажет», - деп аталған мәселеге ерекше назар аударды.

Ол жерде қала қазандықтарының бірі «айналдыру режиміне тұратынын», яғни резервте болатынын атап өтті.  

Облыс әкімі ауысымында 250 келушіні қабылдауға арналған «Авиценна» мед.мекемесімен танысты. Құрылысы жүргізіліп жатқан аурухана соңғы үлгідегі заманауи медициналық жабдықпен қамтамасыз етілетін болады. 700 жұмыс орны ашылады.   

Бурабай кентінде 1 млрд.теңгеге заманауи полиция бөлімі салынатынын, орталық көше күрделі реконструкцияланатынын, сондай-ақ «ЖҚЖК-2020» шеңберінде S=512 м2 спорт алаңының, кенттің айналма автомобиль айырымына шығатын жаңа тротуарлардың жоспарланғанын атап өту қажет.  1-желі көшесі бойынша 1,6 га аумағында тұрақ алаңының құрылысы жоспарлануда.   

Барлық жаңалықтар