• Басты
  • Ерлан Саиров: Ұстаздарға еркіндік берілу қажет
4 Қазан, 2019 14:52

Ерлан Саиров: Ұстаздарға еркіндік берілу қажет


Келешек ұрпақтың бойына еркін ойлау жүйесін қалыптастыру мақсатында ұстаздарымызға еркіндік берілуі қажет. Бұл туралы саяси ғылымдарының кандидаты Ерлан Саиров «Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Ерлан Саиров: Ұстаздарға еркіндік берілу қажет
«Мұғалімдердің мәртебесін қарастыру барысында оның моральдық жағдайы да ескерілуі қажет. Қазір ұстаздарды функциясына сәйкес емес жұмысқа жегу, сенбілікке шығару, сайлау кезінде жұмысқа жегіп қою секілді маңызды мәселелер президент тарапынан қаралып жатыр. Менің ойымша, мұғалім еркін болуы керек. Өзі еркін болған жағдайда ғана кеңінен ойлай алатын, өздерін еркін сезіне алатын шәкірт тәрбиелей алады. Сонда тек Қазақстанға ғана емес, дүниежүзілік игілікке үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Егер де біз балаларымызды әлемдік ғылымға үлес қосатындай тұлға етіп тәрбиелемесек, тарихтың бет әлпетінен қалып қоярымыз шындық», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, болашақтың кепілі ретінде қоғамдағы мұғалімнің статусы қарастырылуы керек.

«Бәрімізге белгілі, Президентіміз Жолдауында мұғалімнің әлеуметтік мәртебесін көтеру - мемлекеттің ең негізгі басымдықтарының бірі деп атап өтті. Бүгін де әлем, әлемнің технологиялық болмысы өзгеріп келе жатыр. Ал, адам капиталын дамытып, болашақ болмысына сәйкестендіру мұғалімнің ең басты жұмысы. Бүгінде болашағымыздың кепілі ретінде мұғалім статусы қарастырылу керек. Себебі, мұғалімнің әлеуметтік болмысы, интеллектуалдық деңгейі өте маңызды», - деді ол.

Бұдан бөлек, Ерлан Саиров келесі жылдан бастап мұғалімдердің айлығы 25 пайызға артып, алдағы 4 жылда олардың жалақысы екі есе көтерілетінін атап өтті.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды