- Басты
- Жаңалықтар
- Еріктілерге тегін заңгерлік көмек қалай көрсетіледі
Еріктілерге тегін заңгерлік көмек қалай көрсетіледі
Еріктілер жылына арналған қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша «Қорғау» әлеуметтік науқанының басталды. ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында құзырлы орган өкілдері аталған жоба туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы Мадияр Кожахмет Еріктілер жылы аясында бірқатар жобалар жоспарланып отырғанын айтты.
«Волонтерлік қызмет аясында жастарды үймен қамтамасыз ету, «Жас кәсіпкер» жобасы, әлеуметтік волонтерлік қызмет аясында студенттердің кредитін жабу жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Президенттің тапсырмасымен 2020-2025 Жастарды мемлекеттік қолдау мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр», - деді ол.
Сондай-ақ, ол азаматтарды қорғау бойынша заңды тұлғалардың кеңес беруіне қатысты екенін атап өтті.
Ал "Eurasian Expert Council" фонд президенті, Qorgau жоба жетекшісі Шыңғыс Лепсібаев жоба туралы айтып берді.
«Өткен жылы 209 ауданда Мемлекеттік грант аясында қорғаушылар мен заңды тұлғалар кеңес беретін кеңсе іске қосылған болатын. Өткен жылы 20 мың консультация өткізілді. 400-ден астам адам сот қорғауына ие болды. Бұл жоба азаматтарды заңды тұрғыда қорғауға бағытталған. Себебі, аудандардағы тұрғындардың көп бөлігі заң тұрғысынан сауатсыз. Сондай-ақ, көп ауылдық жерлерде интернет жоқ. Сондықтан да, оларда қиын жағдай туғанда, қандай әрекет жасау керегін білмей жатады. Сондықтан да, бұл жоба аудандарда азаматтарға жәремдесу үшін іске қосылды», - деді ол.
Сондай-ақ, ол 160-тан астам ЖОО меморандумға қол қойылды. 600-ден астам заңгер студенттер тағылымдамадан өткенін айтты.
«Қазір заңгер студенттер сот, қылмыстық-атқару органдарында тәжірибеден өтеді. Келіп түскен өтініштердің 97 пайызы құқықтық-әкімшілік жағдай емес, азаматтық процесс болып отыр. Қарапайым тұрмыстық жағдайлар бойынша өтініш көп келіп түсетіні байқалды. Көп тұрғындар тұрмыстық істер бойынша тегін қорғаушы көмекке мұқтаж болады», - деді ол.
Ол айтып өткендей, өткен жылдың тамызында қорғаушылардан құралған жоба ашылған болатын.
«Біз ауылдық әкімдіктер мен аудандармен жұмыс жүргіздік. Әр әкімдікте жүгінуге болатын заңгерлердің байланыс телефоны жазылып тұрады. Өткен жылы соттарда 450 іс өтті. Соттар 4-5 айда аяқталмайтыны белгілі, олар жылдап созылуы мүмкін. Бұл акция бойынша қарапайым тұрғындарға жәрдемдесуге дайын екенімізді көрсеткіміз келеді», - деді ол.
Ал Adilzanger Заң кеңесшілері палатасының атқарушы директоры Жібек Хамитова палатаның жұмысы туралы айтып өтті.
«Біздің палата өткен жылдың сәуірінде ашылды. Қазір палатада әр өңірден жиналған 300 заңгер бар. Олар азаматтардың құқығын қорғауға жәрдемдесетін өз ісінің шеберлері. Биыл Еріктілер жылы болғандықтан, палата әлеуметтік төмен халық санатына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеміз», - деді Ж.Хамитова.
Сондай-ақ, ол Еріктілер жылын жүзеге асыру барысында заңгерлер халыққа тегін көмек көрсетеді.
«Халықтан келіп түсетін өтініштер саны өте көп. Көмек сұранысқа ие. Жобаны одан әрі жүзеге асыру осындай тиімділігін сақтайды деген ойдамыз», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі