• Басты
  • Еріктілер көп проблемаларды шешуге септігін тигізеді – Е.Абақанов
11 Ақпан, 2020 15:31

Еріктілер көп проблемаларды шешуге септігін тигізеді – Е.Абақанов

Қазақстанның экологиялық қауымдастығы ұйымдары төрағасының орынбасары Елдос Абақанов Ерiктілер жылы аясында өтiп отырған шара өте үлкен маңызға ие екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Еріктілер көп проблемаларды шешуге септігін тигізеді – Е.Абақанов
«Өткен жылы Мемлекет баасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Еріктілер жылы аясында iске қосылған «Бір біргеміз!» жалпыұлттық жоспары аясында экологиялық еріктілікті дамыту бойынша жеке бағыт бар. Бүгінгі шараға келген Экология министрiлiгінің Павлодар облысы бойынша эко-елшісі Юрий Гашек көп жылдар бойы кәсіби түрде елдегі орман шаруашылығымен, ағаш отырғызумен айналысып жүр. Біріншіден, біз мектептерден бастап экология негiздеріне оқытатын болсақ, бұл болашақта қоршаған ортаға ерекше қарайтын азаматтар пулын жасақтауы мүмкiн. Біздіңше, осы сынды экологиялық сағаттар бір реттік акция емес, жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек», - деді Е.Абақанов.

Сонымен қатар, Е.Абақанов бiлiм беру стандартында мектептерде эко-сағаттарды енгізу бойынша бастамаларды қарастыру қажеттігін айтты.

«Экология элементтерiн әртүрлі матемитика, физика сынды пәндерге енгізу қажет. Егер де химия, математика, химия, астрономия сабақтарын алсақ, осы салаларды ежелгі гректер алдымен су, ауа мен отты зерттеуден бастаған. Осы сияқты бізге де енгiзуге болар еді. Сондай-ақ, ірi қалалардың қоқыстануы, қалдықтардың көп қалуы қаланың ортасына әсер етіп, қалаларды өмір сүрудің жайлылығын төмендетеді. Екіншіден, елдi жасылдандыру бойынша дұрыс абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Климаттық ерекшеліктердi ескере келсек, бізде 2-3 пайыз орман массиві болса, қалғаны ен даладан тұрады», - деді Е.Абақанов.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, ағаш отырғызу мен оны күтудің өзі жеке ғылым.

«Экологиялық проблемалар туралы айтатын болсақ, климаттың өзгеруіне орай бейімделу қажет. Орман алқаптарының саны мен көлемiн арттыру қалаларда ауаны тазартуға, далада жер ресурстарының деградациясымен көмектеседі. Орманды республикалық деңгейде дамыту экологиялық жүйелерді дамытуға мүмкіндік береді. Климаттың өзгеруiне байланысты жыл сайын орман өртінің саны өршіп тұр. Сондай-ақ, ол жануарлар мен шөп әлеміне орасан кері әсерін тигізеді. Оған қоса, ресурстарды үнемдеу мәселесі де бар. Егер де бiз табиғи ресурстарды үнемдеуді жаһандық әлемде қарастыратын болсақ, сарапшылардың бағалауынша, 2050 жылға қарай Орталық Азия аймағы климаттың өзгеруінен зардап шегуі мүмкін. Себебі, 8 градусқа дейін күн жылынуы мүмкiн. Бұл судың шамадан тыс тасуы мен климаттық мигранттардың көбеюіне әкеп соғады», - дедi ол.

Сонымен қатар, Е.Абақанов Ерiктiлер жылы асында экологиялық шаралардың маңыздылығы туралы айтып өтті.

«Экоерiктiлер ішінде де бiлімi бар, қалдықтарды қалай сұрыптауға болады, осы бойынша өзгелерге білім бере алады. Жалпы, Еріктілер жылында экосалада эко-еріктілер санын көбейту, эко-ерiкті деген кім түсініге жауап беру керек. Себебі, осыған дейін экоерікті деген сенбілікке шығатын адам деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан да, бұл терминнің мағынасын кеңейту керек. Елдің түкпір-түкпірінде экоеріктілерді даярлау бойынша орталықтар ашылады. Арнайы бапкерлер экология саласына қатысты сауатты мамандарды дайындайды. Оны орталық деңгейінде ғана емес, аймақтық деңгейде iске асырады», - деді ол.

Ол атап өткендей, аймақтық экологиялық проблемаларды анықтау үшiн еріктілер көмектесулерi керек.

«Кейбір аймақтарда көп жылдан берi өзен, көлдердің түбі тазартылмайды. Ол тазаланбаса, ол көгеріп, жойылып кетедi. Егер ерiктiлер су қоймаларын тазаартуға өз көмектерін тигiзсе, қалдықтарды жинауға жәрдемдесетiн еді. Ерiктiлер арқылы осы сынды проблемаларды шешуге болады», - деді Е.Абақанов.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар