• Басты
  • Ерікті ұстаздар 90 мыңнан астам бетперде тігіп таратты
31 Наурыз, 2020 15:23

Ерікті ұстаздар 90 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

Түркістан облысында ұстаздар қолдан 91 878 медициналық бетперде тігіп шықты. Бетперделер өңіріміздегі ауыл, қала тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, дәріханаларға және мектеп қызметкерлері мен оқушыларға тегін таратылды, деп Strategy2050.kz АА Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ерікті ұстаздар 90 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

Түркістан облысында ұстаздар қолдан 91 878 медициналық бетперде тігіп шықты. Бетперделер өңіріміздегі ауыл, қала тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, дәріханаларға және мектеп қызметкерлері мен оқушыларға тегін таратылды. Бұл игі іске облыс көлемінде жалпы 1980 оқытушы өз еріктерімен қатысқан. Соның бірі Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Арыстанбекова. Ол қоғамға қауіпті індеттің таралуы кезінде дәріханаларда бетперделердің жетіспеушілігі алаңдатқанын және сол үшін бетперде тігу ісіне белсене атсалысқанын айтты.

«Осындай қиын шақта біз бірігуіміз керек. Өзімізді ғана ойламай жақындарымызды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да қамқорлық танытқанымыз дұрыс. Осы ретте бетперденің жетіспеушілігін білген соң ұжымастарымызбен ақылдасып, бетперде тігуді қолға алдық. Ел басына күн туған кезде қол қусырып отырмай, тығырықтан шығудың жолдарын ойластырып, оны іске асыру әрбір жанның азаматтық борышы деп білеміз», – деді Айгүл Арыстанбекова.

Айта кетейік, аталған білім ордасының қызметкерлері 22-30 наурыз аралығында өз еріктерімен кезекшілікке түсіп, бір күнде шамамен 2-2,5 мың дана бетперде дайындаған. Мұндай ерікті ұстаздардың игі бастамаларын естіген қала тұрғындары да өз үйлерінде бетперде тігіп мыңға тарта бетпердені ортақ қорға қосқан.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды