• Басты
  • Ерікті болу - ерекше сезім – Л.Демесінова
27 Сәуір, 2020 15:48

Ерікті болу - ерекше сезім – Л.Демесінова

«Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінова қауымдастықтың карантин жағдайында атқарып жатқан істері мен болашаққа қойған жоспарлары жайында баяндап берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ерікті болу - ерекше сезім – Л.Демесінова
«Қазіргі елдегі күрделі жағдайда «Болашақ» қауымдастығы еріктілік қызметін атқарып жүр. Біз тек еріктілік қызметі ғана емес, демеушілік пен қайырымдылық ретінде де өз үлесімізді қосуға тырысып жатырмыз. Мәселен, 20-наурыз күні Мемлекет басшысы бастаған «Біз біргеміз» бастамасы аясында «Болашақ» қауымдастығы қайырымдылық үлесі ретінде 100 млн теңгеден астам демеушілік жәрдем көрсетті. «Alageum Electric» компания тобының мүшесі, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі Еркебұлан Ілиясовты атап өткен жөн», - деді Л.Демесінова.

Ол айтып өткендей, 50 млн теңге партияның «Birgemiz» қорына құйылған.

«25 млн елордадағы «Нұрлы Астана» қорына гуманитарлық себеттерді дайындауға бөлінді. Сонымен қатар, аталған жұмыстар өзге де аймақтарда жүргізілуде. Әр облыста кем дегенде 100 отбасыға қайырымдылық көрсету жоспарланған», - деді атқарушы директор.

Л.Демесінова осы күрделі кезеңде дәрігерлердің еңбектерін ерекше атап өту қажеттігін айтады.

« «Болашақ» түлектерінің ішінде дәрігер мамандығын тәмамдағандар бар. Біз үшін олар қазіргі кездің батырлары. Отбасыларынан жырақта, тәулік бойы вируспен күресуде. Біз осындай шақта олардың қызметінің маңыздылығын екі есе түсінген сияқтымыз», - дейді Л.Демесінова.

Оған қоса, ол биыл Еріктілер жылы екенін еске салды.

«Олар күні-түні ерікті болып, еліне тегін қызмет етіп жатыр. Еріктіліктің бір қасиеті бұл жұмыс ерекше сезім сыйлайды. Нұр-Сұлтан қаласындағы отбасыларды аралап, азық-түлік себеттерін үлестірген кезде өзімнің көзім жеткен. Үлкендердің батасын алып, алғысқа бөлену зор қуаныш», - деді ол.

Лаура Бағланқызы карантин басталғалы «Болашақ» қауымдастығы «Болашақ біргеміз» деген акция бастағанын атап өтті.

« «Болашақтың» түлектері барлық әлеуметтік желіде #болашақбіргеміз деген хештег арқылы онлайн ақпарат беруді бастады. Оның ішінде қай елде, қандай білім алуға болады. Университеттерге қалай түсуге болады және қандай кітаптарды оқуға болатыны бойынша ұсынымдарды мектеп оқушылары мен студенттерді ақпараттандыруда. Қазір уақытты тиімді өткізудің барлық мүмкіндіктері бар. Соларды барынша қолдануға тырысу керек», - деді ол.

Сондай-ақ, ол карантин аяқталған соң қауымдастықтың қандай жоспарлары бар екенін алға тартты.

«Карантиннен кейін біз қолға алғалы отырған маңызды жобалардың бірі – кітап оқуды дамыту.Барлық аймақтарда жаңа кітап сөрелерін қоюды жоспарлап отырмыз. Оған кез келген адам жаңа кітабын қойып, өзгеге алмастыра алады. Сондай-ақ, жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуды жалғастыра түспекпіз», - деді ол.

Сонымен қатар, Л.Демесінова жастарға үндеуін жеткізді.

«Қазір ауа-райы жылы. Осындай кезде жастар саябақтарда серуендегісі келеді. Дегенмен, қауіпсіздік талаптарын сақтап, үйде отыруды сұраймын. Біз біріккен кезде ғана бұл індетті жеңе аламыз», - деді Л.Демесінова.

    Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды