• Басты
  • Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған – Ә.Смайылов
11 Мамыр, 2020 16:20

Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған – Ә.Смайылов

Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған – Ә.Смайылов
«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Төтенше жағдайдың бітуіне, карантиннің жалғасуына, экономиканың дамуына бірқатар тапсырма берід. Ол Үкіметтің кешенді іс-шаралар жоспарына кіретін болады. Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуға бағытталған дағдарысқа іс-шараларды жүзеге асырады», - деді Е.Смайылов.

Ә.Смайылов атап өткендей, тұрғын –үй құрылысын 15 млн шаршы метрге жеткізу үшін 390 млрд теңге бюджеттен тыс қаражат тартылады.

«Республикалық бюджеттің салық кірістерінің төмендеуі мен тиісті мемлекеттік барлық міндеттерін орындауға 1,7 трлн теңге бөлінеді. Экономиканың зардап шеккен секторлары шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі бизнес өкілдерінің еңбекақы төлеу бойынша салықтармен, алымдарды төлеуді босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 237 млрд теңге қарастырылған. 313 млрд теңге әлеуметтік төлемдердің, яғни зейнетақылар мен жәрдемақылар, шәкіртақыны өсіруге, тұрғындардың коммуналдық ақысын төлеуге жұмсалады», - деді ол.

Ол атап өткендей, АӨК, «Еңбек», «БЖК-2025», «Ауыл - ел бесігі» бағдарламаларын кеңейтуге 240 млрд теңге қарастырылған.

« Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде медициналық және басқа қызметкерлерге, қосымша ақы төлеу,аз қамтылған отбасыларға азық-түлікпен қамту қарастырылғарн. 575 млрд теңге қосымша шығыстар азаматтар мен экономиканы қолдауға, Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталады. Осы қаражаттар шеңберінде үлестік құрылыстың проблемалық нысандарын аяқтауға арналған шығыстар, айырбас бағамының өзгеруіне қатысты басқа да шығыстар көзделген», - деді ол.
Ә.Смайылов, қаржы қайда жұмсалатынын жіктеп берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру барысында коронавирусқа қатысты қосымша 125 млрд теңге қарастырылды. Карантин шараларына қатысқан денсаулық сақтау қызметкерлері 40,6 млрд теңге, 19 млрд теңге медициналық ұйымдарға коронавирус індетіне қатысты науқастармен жұмыс істегені үшін, 14,8 млрд теңге 3 медициналық модульдік кешеннің үш ірі қалада салынуы үшін, 30,8 млрд теңге ТЖ кезінде жеке халықтың бөлігі үшін азық-түлік алуға бағытталды. 1 млн адам азық-түлік пен тұрмыстық заттармен қамтылды.8,1 млрд теңге әскери қызметкерлер мен медицина қызсметкерлеріне қосымша ақы төлеуге, 4 млрд теңге байланыс орнатуға,1,3 млрд теңге блок-посттардағы қауіпсіздікті сақтауға, палаталық шоғырлануды қамтамасыз етуге, 225 млн теңге тепловизор алуға 200 млн теңге коронавируспен күрес кезеңінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарына жұмсалды», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100