- Басты
- Жаңалықтар
- ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
10 Қаңтар, 2021 16:39
Италиядан келген Еуропа Парламентінің депутаты, Еуропа Одақтың Орталық Азиядағы делегаты әрі комиссия төрағасы Фульфио Мартушелло Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Фульфио Мартушеллоның айтуынша, барлық халықаралық сарапшы Қазақстандағы сайлау кезінде сақталған санитарлық нормаларға назар аударған.
«Менің ең бірінші байқағаным – дауыс берушілердің көптігі. Мен қуанып кеттім. Демек, біз қалыпты өмірге келе жатырмыз. Қазақстан халқының сайлауға белсенді келуі бұрынғы жайлы өмірімізге қайта оралуымызға үміт сыйлағандай болды. Италияда мұндай сайлауға рұқсат жоқ. Өйткені, мұнда жағдай тұрақсыз. Алайда Қазақстан пандемия жағдайында халық үшін қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті», - деді ол.
Халықаралық бақылаушы кезекте тұрған дауыс берушілермен сөйлесіпті.
«Мен бүгін бірнеше дауыс берушімен әңгімелестім. Бір келіншек таңғы сағат 06.00-де келіп, 07.00-ге дейін сайлаудың басталуын күткен. Бұл жауапкершілік. Енді бір азамат Стамбулдан осы сайлауда өз таңдауын жасау үшін арнайы келіпті. Қазақстан халқының саяси науқанға аса құрметпен әрі жауапкершілікпен қатысып жатқаны қуантады» - деп Мартушелло таңданысын жасырмады.
Ол сонымен қатар Қазақстан мен Еуроодақ қарым-қатынасына тоқталды.
«Қазақстан Еуроодақ құрамындағы маңызды мемлекет. Жалпы Қазақстан Орта Азиядағы басты мемлекет дер едім. Еуроодақта Қазақстанның өкілдері бар. Олармен тығыз қарым-қатынастамыз. Еуроодақ менен басқа бақылаушы жіберген жоқ. Сондықтан мен кешке дейін сайлау науқанында жұмыс істеймін», - деді Еуроодақ өкілі.
автор:
Айнара Байжан
фото:
Артем Чурсинов
Айнара Байжан
фото:
Артем Чурсинов
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
COVID-19: Кипр екпе алғандарға «есігін» ашты, ЕО AstraZeneca-дан бас тартты, Британия карантин шараларын жеңілдетті