• Басты
  • ЕО Қазақстанға 2005 жылдан бері $150 млрд инвестиция салды
2 Қазан, 2019 10:13

ЕО Қазақстанға 2005 жылдан бері $150 млрд инвестиция салды

Еуропалық Одақ Қазақстанға 2005 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін шамамен $150 млрд инвестиция салды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда тіркелген Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшыларымен кезекті кездесуінде айтты, деп хабарлайды Премьер-Министрдің ресми сайты. 
ЕО Қазақстанға 2005 жылдан бері $150 млрд инвестиция салды | Strategy2050.kz

«Еуропалық Одақ елдеріне Қазақстанға салынған тікелей шетелдік инвестициялардың жартысынан көбі тиесілі. 2005 жылдан бастап 2019 жылдың бірінші жарты жылдығына дейін ЕО шамамен $150 млрд инвестиция салды. ЕО сонымен бірге Қазақстан Республикасының ең ірі сауда серіктесі болып табылады. 2019 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша тауарлар мен қызметтердің екіжақты айналымы шамамен $20 млрд жетті», - деді Мамин.

Сондай-ақ, Премьер-Министр тікелей шетелдік инвестициялар мен сауда көлемінің өсуін қамтамасыз ету Қазақстан Үкіметінің жұмысының басымдықты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол кездесу барысында Еуропалық Одақ елшілерін Қазақстанның ЕО-мен экономикалық ынтымақтастығына ықпалдасу бойынша бұдан әрі ашық әрі белсенді диалогқа шақырды.

«Біздің болашақтағы күн тәртібін жаңа беталыстарға икемдірек етіп, туындаған сын-тегеруіндер мен мүмкіндіктерге жақсырақ үн қатуға жол ашатын ұсынымдармен жұмыс істеуіміз керек», - деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, аталған жиынға ЕО сауда-саттық жөніндегі Бас Директоратының Орталық Азия, Ресей, ТМД, Украина, Батыс Балқан мен Түркия бойынша бөлім басшысы Петрос Сурмелис, Германия, Франция, Нидерланды, Польша, Австрия, Испания, Эстония, Италия, Латвия, Грекия, Испания, Хорватия, Румыния, Словакия, Венгрия елшілері, Литва, Португалия, Болгария, Финляндия, Бельгия, Чехия өкілдері, әлемдік ірі компаниялардың басшылары, өкілдері қатысты.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды