• Басты
  • Елорданың 5 мектебінде қазақ күресі пәні енгізіледі – Д.Абаев
7 Ақпан, 2020 11:36

Елорданың 5 мектебінде қазақ күресі пәні енгізіледі – Д.Абаев

Елорданың 5 мектебінде қазақ күресі пәні енгізіледі. Бұл туралы ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаев қазақ күресі федерациясының 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елорданың 5 мектебінде қазақ күресі пәні енгізіледі – Д.Абаев

«Бірқатар кешенді жобаларды жоспарлап отырмыз. Негізгі мақсат – қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеру. Осы жолда қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізуді қолға алдық. Қазір қазақ күресінің 100 сағаттық оқу бағдарламасы дайындалды. Ол оқу бағдарламасында қазақ күресінің әліпбиінен бастап, өзіндік спорт түрі ретінде барлық қырлары, оқыту жолдары қамтылған. Алдағы оқу жылдары пилоттық жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласының 5 мектебінде дене шынықтыру пәндеріне қазақ күресі енгізіледі. Барлық мектептерде қазақ күресін енгізу үшін мамандар тапшылығы байқалуы мүмкін», - деді Д.Абаев.

Ол сол себепті де Қазақ күресінің академиясын ашу қолған алынғанын айтты.

«Академия мамандарды оқытып қана қоймай, төрешілердің біліктілігін арттырып, Ұлттық күрестің ғылыми-практикалық зерделеуін қамтамасыз етеді. Барлық әлемдік спорттар сияқты қазақ күресін ғылыми тұрғыдан зерделеуіміз керек. Солай ғана әлемдік деңгейге көтере аламыз. Қазір әлемдік аренада қазақ күресінің атауын өзгерту де жиі айтылып жүр. Осы орайда біз зерттеуші ғылымдар тобына қазақ күресіне қатысты терминдерді жүйелеуді тапсырып отырмыз», - деді ол.

Сондай-ақ, Д.Абаев айтқандай, төрешілерге, жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулар жарық көреді.

«Видеонұсқаулықтар да түсіріліп жатыр. Ол жерде барлық әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі. Оны барлық бапкерлер мен спортшылар, шалғай аудандағы тұрғындар көріп пайдалануға болады. Жыл соңына дейін барлық өңірлердегі қазақ күресіне қатысты мәселелер зерттеліп, даму картасы жасалады. Біз ұлттық күресті әлемге таныту үшін, насихаттау жұмыстарын күшейтуіміз керек. Осы орайда, БАҚ жұмысы біз үшін өте маңызды. Ұлттық күресті қазақстандық медианың басты тақырыптарының біріне айналдыру арқылы әлемдік деңгейге жақындаймыз», - деді ол.

Өз кезегінде ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бакдаулет Сабитов Қазақ күресі федерациясының атқарған жұмыстарына тоқталды.

«2019 жылдың қорытындысы ретінде Ақтөбеде өткен Әлем чемпионатын айтуға болады. Оған 43 елден қатысушы жиналды. Бәсекелестер көп болды. Оған қарамастан, біздің ұлттық құрама мүшелері 5 алтын, 1 күміс, 2 қоланы иеленді. 2020 жылдың жоспарында 104-ке тарта іс-шара бар. Ұлттық құрама сапындағы балуандар былтыр еріктілді, 100 –ге тарта балуан іріктелді. Ақпанның 20-нан бастап оқу жаттығулары басталады. Қыркұйекте Азиия чемпионаты, желтоқсанда Әлем кубогы өтеді. Оған дайыналатын боламыз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол қазақ күресі ережесіне бірқатар өзгерістер енгенін айтты.

«Киім стандарты өзгерді, заманауи талаптарға сай, балуандар аяқ-киімін шешіп, жалаң аяқ күресетін болады. Самбоның плагиатынан бас тартып, жеке тәртібімізді енгіздік. 2020 жылы қазақ күресін 5-11 сынып арасында кәсіби дайындау жоспарлануда. Ал, 1-4 сыныптары арасында акробатикалық әдістерін енгізу қарастырылған. Қыздар да, ұлдар да қазақ күресімен айналысқандары дұрыс деп ойлаймыз. Бастапқы уақытта пилоттық жобада 5 мектепке енеді. Факультативтік тұрғыда енеді, яғни таңдаулы түрде енеді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды