Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады

3 Желтоқсан, 2020 11:14

1-6 желтоқсан аралығында елордада жұмысшы жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтініштер қабылданады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі. Осы орайда тұрғын үйді алу үшін не істеу керек, қалай өтінім беру керегі жөнінде материалдан оқи аласыздар.

Қандай құжаттар қажет

«Өтініш беру үшін электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) қажет, өйткені өтінімдер тек онлайн режимде қабылданады. Барлық анықтамалар мен құжаттар жаңа болып, өтініш берген кезде алынуы керек», - деді брифингте Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы Арманай Оңғарбаева.

Бағдарламаға қатысу үшін https://qatysu.zhilfond.kz/index.php порталы арқылы өтініш беруге болады.

Өтініш берушілер барлық құжат пен анықтаманы бір сканерленген файлға тіркеуі керек. Өтініш бергеннен кейін өтініш берушілер оның мәртебесі туралы SMS хабарлама алады. Егер өтініш беруші бағдарламаның шарттарына сәйкес келсе, сонымен қатар толық тізімін ұсынса, онда өтінім қаралатын болады. Егер өтініш беруші құжаттардың толық емес пакетін тіркесе немесе олар сапасыз болса, оған түзету қажет екендігі туралы хабарланады. Егер үміткер бағдарламаның шарттарын орындамаса, оған бас тарту туралы хабарлама келеді.

Іріктеу процесі қалай жүреді

Іріктеу баллдық жүйеге негізделеді. Ұпайлар отбасы, балалары, жеке кәсіпкерлігіі, мемлекеттік қызметте немесе бюджеттік ұйымда жұмыс істегені үшін беріледі. Жеке жетістіктер де ескеріледі - сертификаттар, марапаттар.

«Соңғы екі жылда меншік құқығымен тұрғын үйі жоқ 29 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары жалға берілетін тұрғын үй алуға өтініш бере алады. Сонымен қатар ерлі-зайыптылар мен балалардың мүлкі болмауы керек. Соңғы екі жылдағы үзіліссіз тұрақты тұруға рұқсат қажет. Өтініш берушілердің ресми кірісі 40 АЕК немесе соңғы алты айда 111 120 теңгені құрауы керек», делінген хабарламада.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді алушылардың тізімдері zhilfond.kz сайтында жарияланады.

Осы бағдарламаға қатысты барлық сұрақтар бойынша 109 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Еске салайық, бұған дейін төтенше жағдай және карантин режимі кезінде өтініш берушілердің табысы азайып, олар 42 500 теңге алған болса, онда бұл мәселе ескерілетіні хабарланған болатын. Ол үшін сізге осы жеңілдік есептелген картаның шотынан үзінді-көшірмені қосу қажет.


Барлық жаңалықтар