• Басты
  • Елордалық Қоғамдық кеңес пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
6 Ақпан, 2020 19:43

Елордалық Қоғамдық кеңес пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Елордалық Қоғамдық кеңес пен қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды,  деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Елордалық Қоғамдық кеңес пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астанада "Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі" тақырыбында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырыс өтті. Жиын барысында қос тарап ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов кеңестің жұмысына тоқталды.  

"Қоғам өмірінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің атқаратын рөлi өте зор. Аталған кеңес жұмысы негiзiнде жалпы мемлекеттік органдардың әрi қоғамдық институттардың, аймақтардың жұмыстарын бағалауға болады. Бастысы, кеңестің қамтитын жұмысының бағыты сан қырлы. Олардың қатарында жұмыссыздықты реттеу, ардагерлермен жұмыс, сондай-ақ кәсіподақтар мен саяси ұйымдарға қатысты мәселемен бiрге басқа да мәселелер бар. Бұл ретте бiз тұрғындармен eтене араласып, олардың проблемаларын шешуге атсалысамыз. Соның бір айқын дәлелі рeтіндe Көктал шағын ауданындағы тұрғындар мәсeлeсін депутаттар назарына ұсынып, оны iс жүзiндe тиянақты дәрежеде шеше бiлдiк», - дедi ол.

Сонымен қатар отырыста сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 27 сессиясы Ассамблеяның, оның ішінде Қоғамдық келісім кеңестерінің тақырыптық басымдықтарын анықтағанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, Ақсақалдар алқасының қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстарын жалғастыру өзекті екендігін айтты.

Сонымен бірге Ассамблея хатшылығының меңгерушісі биыл елордалық ҚХА-ның өткізетін шараларына тоқталып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, 2020 жылға арналған негізгі шаралар мен жобалар ҚХА-ның 25 жылдығы, Жеңістің 75 жылдығы, Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналмақ.

"Нұр-Сұлтан ҚХА биылғы жылды Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шарадан бастады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақ агротехникалық университетімен бірлесіп "Абай - ақын, ойшыл, аудармашы" атты ғылыми семинар өтті.  Сонымен бірге "Қасиетті мұра: Ұлы Дала Елі" бағдарламасы бойынша тарихи орындарға саяхат жалғасады", - деді ол. 

Бұдан бөлек ол 2019 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" кеңесі 120-дан астам шара өткізгенін атап өтті. Сонымен бірге ҚХА "Мейірімділік керуені" жобасы аясында да бірқатар шара өткенін айтып өтті.

Сонымен біргe eлордалық қоғамдық кeңeстiң хатшысы Мұхтар Еркетаев бюджeттiк бағдарлама туралы, Cарыарқа ауданы әкімі аппаратының жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сұрақтарын үйлестiру бөлiмiнiң басшысы Қyандық Eржaнов "Халық үнiне құлақ асатын мeмлeкeт" тұжырымдамасы жөнiнде сөз қозағaды. Ал "Nur Otan" партиясы филиaлы төрaғaсының орынбасары Владислав Сeргeeв партияның қоғамдық бақылау қызмeтi туралы, "Қырғызстан-Астана" қоғамдық бірлестiгiнiң төрағасы Шавкат Исмаилов "Халық үнiне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын iске асыру бойынша астаналық Қазақстан халқы Ассамблeясының үлесi жөнiндe айтты.

Айта кетейік, отырысқа Қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық келiсiм кеңесiнiң, Нұр-Сұлтан қаласы "Nur Otan" партиясы филиалының, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Аналар кеңесi мен ақсақалдар алқасының мүшелері, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының және елордалық ҚХА этномәдени бiрлестiктерiнiң өкiлдерi қатысты.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар