• Басты
  • Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді
30 Желтоқсан, 2019 09:27

Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді

Еліміздің бас қаласындағы Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігі жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі.

Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді

Достық үйінің концерттік залында өткен шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Олардың арасында танымал продюсер Алпамыс Шәрімов, жайдарманшы Ғалым Махамбетов пен ұлы Расул да болды. Аяз ата мен Ақшақар, Микки Маус пен Гринч, Миньон және Темір адам бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойып, бүлдіршіндерді ерекше әсерде қалдырды. Арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

80432464_579032132949440_5532998246206537728_o.jpg

Мереке соңында әр балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесмен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.

Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсету, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау болып табылады.

81471163_579031926282794_809549903062630400_o.jpg

Айта кетейік, қайырымдылық шыршасы "ОСК Стройсервис" ЖШС бас директоры, елордалық "Юнчи" дүнген этномәдени орталығы Төрағасының орынбасары Даут Генхузовтың мұрындық болуымен атап өтілді.

Барлық жаңалықтар
40.77.167.10, 192.168.88.100