• Басты
  • Елордалық кәріс этномәдени орталығына 30 жыл
21 Қазан, 2019 10:43

Елордалық кәріс этномәдени орталығына 30 жыл


Қазақстанда тұрып жатқан кәрістер жылдан-жылға ұлттық мәдениетті дамыту мен жандандыруға, сондай-ақ кәріс халқының тілін, мәдениетін, тарихы мен салт-дәстүрлерін үйретуге өз үлесін қосып келеді. Солардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласы кәріс этномәдени орталығы да ерекше маңызға ие.
Елордалық кәріс этномәдени орталығына 30 жыл

Осыған орай, елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы кәріс этномәдени орталығының құрылғанына 30 жыл толуына орай есеп беру концерті өтті.

 Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшісі Ким Дэ-Сик, Қазақстан кәрістері қауымдастығының Президенті Сергей Огай, елордалық этномәдени бірлестіктердің басшылары және тағы басқалары қатысты.

 Көздің жауын алар кәрістің ұлттық көрікті киімі ханбок киген қыз-жігіттер кіре берістен қонақтарды қарсы алып жатты. Фойеде елордалық кәріс этномәдени орталығының шығармашылығынан көрініс ретінде, фотокөрме ұйымдастырған.

Концерттік бағдарлама «Самульнори» ансамблінің барабан шоуымен ашылды.

 «Еліміз бойынша кәріс этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесі жер-жерде тойланып жатыр. Елордалық кәріс этномәдени орталығына қарап, Қазақстанның басқа өңірлерінде де кәріс орталықтары алдынғы қатардан көрінетіндігіне сенемін және мақтан тұтамын», - деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшісі Ким             Дэ-Сик.

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нұралы Айдашев өз кезегінде кәріс этномәдени бірлестігін шың жүректен құттықтап, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтін арнайы құттықтау хатын табыстады.

«Қазақстан жас мемлекеттердің бірі. Соған қарамастан республика күннен-күнге көркеюде. Мемлекет қолдауы нәтижесінде, кәріс тілі мен салт-дәстүрлері өз деңгейінде дамып келеді. Бүгінгі атаулы мерекемізде бізбен бірге болғандарыныз үшін рахмет», - деді        Нұр-Сұлтан қаласы кәріс этномәдени орталығының төрағасы Ким Александр.

Сонымен қатар, кеште Қазақстан кәрістері қауымдастығының Президенті Сергей Огай, Қарағанды облысы кәріс этномәдени орталығынң төрайымы Лилия Ким, «Коре Ильбо» газетінің тілшісі Владимир Сон және елордалық этномәдени бірлестіктердің басшылары жылы лебіздерін арнады.

Биыл «Миссон» би ансамблі «халықтық» деген атауға ие болып, 25 жылдығын тойлауда. Осыған орай ансамбль кеш қонақтарына «Гүлдер», «Көбелектер», «Қуыршақтар», «Айлы түн» және тағы басқа билерін тарту етті. Ал этномәдени орталықтың «Ченрю» хоры әсем әндерімен концерттік бағдарламаның сәнін аша түсті.

Кеш соңында Қазақстан кәрістері қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласы кәріс этномәдени орталығы атынан орталықтың дамуына үлес қосқан бірқатар жандарға Алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды