• Басты
  • Елордалық Достық үйінде Абайдың шығармашылығын талқылады
14 Қаңтар, 2020 10:14

Елордалық Достық үйінде Абайдың шығармашылығын талқылады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы ЖОО ғалымдары, ҚХА Ғылыми кеңес және елордалық этномәдени орталықтардың мүшелерінің қатысуымен «Абай – ақын, ойшыл, аудармашы» атты ғылыми семинар өтті.
Елордалық Достық үйінде Абайдың  шығармашылығын талқылады

Семинардың алғашқы бөлімі С.Сейфуллин атындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтіп, екінші бөлімі – Достық үйінде жалғасты.

Ғылыми семинарды Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласының жұртшылықтың көңілінен шығып, қолдауға ие болғандығына тоқтала кетті. «2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында ойшыл, рухани ұстазымыз Ұлы Абайдың 175 жылдығы аталып өтіледі. Абай философиясы қазіргі уақытқа дейін өзекті. Біздің қоғам мүшелерін гуманистік тәрбиелеуге бағыттады. «Ғылым жолына жеткенше – мақтанба» және «Ең алдымен адам болып қалу қажет» деп біздің рухани ұстазымыз адамгершілікке шақырды», - деп атап өтті.

«Біз үшін рухтың биігі – Абай!  Қазір елімізде қай жағынан алсақ та өсу бар. Бізге рухани көтерілу қажет, оған негіз болатын –Абай. 1914 жылы Семейде ақынның қайтыс болуының 10 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Сонда Міржақып Дулатов: «Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен- күнге артар. «Бірінші ақынымыз» деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...» деп айтыпты. Алаш ардақтысының сөзі айнымай келді...», - деп тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов жиналған жастардың бойына рух сыйлады. 


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлағандай, іс-шара «Абай шығармаларын аударудағы үндестік», Абай шығармашылығында кездесетін «Адам» концептісі», «Абай-аудармашы» және тағы да басқа тақырыптарды қамтыды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды